Нишанбаева сабира зетбековна


- оқу-ғылыми iс-әрекеттер (олимпиaдa, жобaлaр, iскерлiк ойындaр,  ғылыми-прaктикaлық конференциялaр, т.б.)



Pdf көрінісі
бет35/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

 
- оқу-ғылыми iс-әрекеттер (олимпиaдa, жобaлaр, iскерлiк ойындaр, 
ғылыми-прaктикaлық конференциялaр, т.б.);
 
- оқудaн тыс әрекеттер (мәдени iс-шaрaлaр, СҮ, демaлыс, жарыс, спорт 
және т.б.). 
 


Осы жaғдaйлaрдa студенттер болaшaқ педaгог ретiнде отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарды 
(ерлі-зайыптылық, 
ата-аналық 
және 
туысқандық байланысқа қарай жіктелуі) қалыптастыруға олардың некеге 
тұру, ата-ана болу, туыстық қарым-қатынасты үзбеу жауапкершілігін 
сезінуге әзiрленуi тиiс.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы - 
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
педагогикалық 
шарттарының үш тобын бөліп көрсетуге болады: 
Бірінші топқа отбасын тұтас қоғам және жеке тұлға үшін маңызды 
адамзаттық құндылық ретінде саналы түсінуіне мүмкіндік беретін 
дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шарттар жатқызылады: 
- студент жастардың өзін отбасылық қатынастардың субъектілері 
ретінде жете ұғынуына отбасы мүшелерінің тәрбиелік іс-әрекетінің 
бағытталуы; 

студенттердің 
адамгершілік 
дүниетанымын 
қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін ниетін, дербестігі мен белсенділігін ынталандыру; 
- отбасылық тәрбиенің ұлттық және мәдени дәстүрін сақтауға және 
байытуға бағытталған іс-әрекеттің әлеумет, қоғам мен мемлекеттің 
құндылық-адамгершілік сұраныстарымен ара қатынасын белгілеу;
- қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы ретінде жас ұрпақтың 
педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру, отбасылық қарым-қатынастың 
ұлттық рухани дәстүрін сақтау және жаңарту, отбасы институтын нығайтуға 
бағытталған әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің (бала-бақша – 
мектеп – жоо) тәрбиелік ықпалын сабақтастыру;
- әртүрлі уақыттық кезеңдердегі болашақ отбасының бейнесін 
модельдеу. 
Екінші 
топ 
педагогикалық 
шарттары 
тәрбиелік-білімділік 
құраушыларды сипаттайды, оған енеді: 
- студент жастардың өзінің денсаулығына, алғашқы сезімдеріне, 
болашақ отбасын құруына жауапкершілік қатынасын жүйелі қалыптастыру 
мақсатында дайындалған «Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» 
элективтік курсын ендіру;
- отбасы-неке қатынасы мәселесі бойынша студенттердің толық білімді 
меңгеруі үшін ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық – 
бұқаралық жұмыстар көлемі мен сапасын күшейту мақсатында жоо-ны 
кеңістігінде ақпараттық кеңістікті құру;
- жоо-ның барлық мамандықтары мен бағыттары бойынша оқу 
жоспарына студенттерді отбасына және некеге дайындаудың теориялық және 
практикалық деңгейлерін арттыруға, отбасылық мәселе мен конфликт 
жағдаятын шешуге қажетті білім мен біліктілікті меңгеруі бағдарланған оқу 
пәндерін енгізу. Мысалы, «Отбасы педагогикасы» және «Отбасы 
психологиясы» жеке пән ретінде енгізіліп оқытылады;
- отбасы, аналық, әкелік, балалық, отбасы-неке қатынасының 
психологиясы 
мәселелерінде 
студенттерге 
бағдар 
беру 
бойынша 
жұмыстарды қамтамасыз ету үшін оқытушылардың білім, білік және 


дағдыларының болуы; 
- студент жастармен табысты отбасы-некелік қатынасты құруға 
бағытталған бағдарламалар мен курстарды дайындауға және оларды жүзеге 
асыруға жастар өкілдерін нақты қатыстыру; 
- жоо-да студенттік отбасы және онда балалардың дүниеге келуіне 
(студент - ата-ана үшін оқытудың жеке графигі, бала тууда сыйлық беру, 
ынталандыру, жатақханадан орын беру, т.б.) бағытталған жағымды саясатты 
қолға алу;
- бұқаралық-ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы отбасы-неке қатынасы 
мәселелері бойынша педагогикалық білімді белсенді насихаттауды 
ұйымдастыру; 
- жоғары оқу орындары студенттерінің азаматтық ұстанымын, ұлттық 
санасын, құқықтық және әлеуметтік мәдениетін қалыптастыру; 
- белгілі тұлғалар, оқытушылар, замандастары үлгісінде отбасылық 
қатынастың жағымды тәжірибесін алу мүмкіндіктері үшін жағдай жасау; 
- салауатты өмір салтына талпыну, физикалық күйді нығайту және 
жетілдіру үшін жағдай жасау. 
Үшінші топ іс-әрекетті құрайды, оған келесі шарттар жатқызылады: 
- мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдардың біріншілік буын 
субъектілеріне тікелей әсеріне, жан-жақты көмек көрсетуіне бағытталған 
бірлігін күшейту; әлеуметтік институттар тарапынан ұйымдастырылатын 
әртүрлі формадағы іс-әрекеттер арқылы студент жастарды қоғамдық-
пайдалы жұмыстарға тарту, қабілеттерін ашу; 
- студенттерді отбасылық өмірге және ата-аналыққа дайындау 
мәселесіне қатысты нормативті-құқықтық базада және әртүрлі типтегі 
бағдарламада көрсетілген мақсат-міндеттер жөнінде мемлекеттің жас 
азаматтарын ақпараттындыру, сонымен қатар мемлекеттік, қоғамдық және 
жеке ұйымдардар өткізген қадамдар мен іс-шаралар жайлы негізгі ақпарат 
көздерімен таныстыру; 
- отбасын құру және материалдық әл-аухатты жақсарту үшін 
материалдық-қаржылық мүмкіндіктерді құраушылардың болуы;
- болашақ отбасы үшін серіктесін таңдау, ортақ қызығушылықтарын 
анықтау, бір-бірімен қарым-қатынас жасаулары үшін әртүрлі курстағы 
студенттердің бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары мен 
тәсілдерін кеңінен пайдалану түрткі болатын реттеушілік [ 184]. 
Сонымен 
қатар 
ПЖОО 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыру үрдісін белсендіретін сыртқы және ішкі 
психологиялық-педагогикалық шарттарды бөліп көрсетуге болады:
-
сыртқы 
шарттар 
(студенттер 
үшін 
тұлғалық-маңызды 
жағдаяттарды құру; студенттерді кәсіби міндеттерді шешу контекстінде 
оқыту, студент пен оқытушының бірлескен іс-әрекет үрдісінде субъект-
субъектілі қатынастың болуы; студентті ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне 
қатыстыру арқылы оқыту);


-
ішкі шарттар (оқу-танымдық, кәсіби мотивтерді дамыту, табыс 
жетістіктерін мотвациялау, шығармашылық қабілеттін дамыту, өзін-өзі тану, 
рефлексия, субъект-субъектілі өзара қатынасқа икемділік).
Отбасы және оның құндылығы индивидуализм мен сұраныстың 
басымдылығына 
қарамастан, 
адамзаттық 
құндылықтардың 
ішіндегі 
маңыздысы болып табылады.
Зерттеу барысында ПЖОО студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыру және отбасылық өмірге дайындау жүйесін 
қамтамасыз етуге бағытталған білім беру ортасының құрылымдық блоктары 
бөліп көрсетіледі:
- оқу үдерісі; 
- оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары; 
- студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тәрбиелік әлеуетін 
пайдалану; 
- студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту; 

практика барысындағы студенттермен жүргізілетін тәрбие 
жұмыстары. 
Оқу үдерісінде студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыру философия, әлеуметтану, құқық негіздері, психология, 
педагогика, этика секілді жалпы курстар, сондай-ақ «Отбасы педагогикасы», 
арнайы курстары шеңберінде жүзеге асырылады. Ал шет мемлекеттер 
тәжірибесінде 
сонымен 
қатар 
«Отбасылық 
өмір 
психологиясы», 
«Отбасынтану», «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы» «Феноменология 
және гендерология», «Отбасынтану», «Этика және отбасылық өмір 
психологиясы» пәндері де оқытылады.
Оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарын әр топта тағайындалған 
кураторлар топтық және жеке формада жүргізеді. Мынадай өзекті мәселелер 
бойынша 
тәрбиелік 
іс-шаралар 
ұйымдастырылады: 
«Отбасылық 
құндылықтар мен дәстүрлер», «Отбасылық өмірге дайындау», «Отбасылық 
қарым-қатынас», т.б.
Сонымен бірге жоғары оқу орнында факультет (институт) көлемінде 
тәрбие жұмыстары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады: студенттердің 
құндылық бағдары мен отбасы-некелік ұстанымы бойынша мониторингтік 
зерттеу; отбасы, неке, репродуктивті денсаулық сұрақтары бойынша 
пікірталас, дөңгелек үстел; «Психологиялық көмек қызметін» ұйымдастыру, 
«Отбасын жоспарлау орталығы» мамандарын шақыру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тәрбиелік әлеуетін 
пайдалануға отбасы, отбасылық тәрбие, өзекті әлеуметтік мәселе бойынша 
орындаған курстық және дипломдық жұмыстары, ғылыми мақалалары, 
жобалары жатқызылады.
Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту студентті оқу-тәрбие үдерісінің 
мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру, тұлғаның дербестігін, әлеуметтік 
белсенділігін, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерін, 
мәдениетін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Студенттердің волонтерлік іс-
әрекеті ұйымдастырылады.


Практика барысындағы студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстары 
әртүрлі әлеуметтік және білім беру мекемелерінде іске асырылады. Практика 
барысында баламен, отбасымен тікелей жұмыстар жүргізіледі.
Сондықтан жас адамның құндылық әлемі генетикалық өзгерген 
сызбанұсқа бойынша ғана емес, сыртқы әлемнің үлгісіне сәйкес маңызды 
мәнге ие болуда. Бұл екі құраушылар қоғамдық қатынастарды, мәдениет мен 
социумды қалыптастырады. 
Студент жастарда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және 
тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар топтастырылады.
Жоғары оқу орнында студенттермен жүргізілетін жұмыстардың 
негізгісі клубтық с-әрекеттер болып табылады. Клубтың ерекшелігі оның 
мүшелерінің қызығушылығы мен қажеттіліктерінің сәйкестігіне қарай 
ондағы іс-әрекет мазмұны үнемі толықтырылып отырылуымен сипатталады. 
Студенттерді осылай біріктірудің бұл формасы сан алуан түрлі іс-әрекетті 
жоспарлауға жағдай жасауға көмектеседі.
Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісінде 
студент жастардың дайындығын қалыптастырудың педагогикалық жолдары 
мен құралдары мыналар: білім алушылардың тұлғалық қалыптастуын 
олардың іс-әрекетінің жеке стиліне сүйене отырып, фасилитаторлық 
сүйемелдеу; білім беру үрдісінде жағдаятты таңдау және жауапкершілігін 
құру жолымен жастардың коммуникативтік-адамгершілік мәдениетін 
дамыту; оқытудағы интеграцияның мүмкіндіктерін мақсатты бағытта 
пайдалану; тәрбие мен оқытудың проблемалық, диалогтық және дәстүрлі 
емес әдістерін (ойын, тренинг, т.б.) кеңінен қолдану; студенттердің бірлескен 
топтық іс-әрекетінің барлық түрлерінде ынтымақтастықты ұйымдастыру. 
Зерттеу барысында болашақ мамандарды даярлауда басшылыққа 
алатын жоғары кәсіптік білім стандарты, оқу жоспары, оқу пәндері бойынша 
типтік бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер мазмұнының студенттердің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндігінің жоғары 
деңгейде белгіленгендігі анықталды. Дегенмен, педагогикалық жоғары оқу 
орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың алғы шарты ретінде оқу және оқудан тыс жұмысты 
жүргізуге дайындығының жоғары деңгейде болуы қажет деп есептейміз. 
Сонымен бірге білім беру саласында студенттердің некелік-отбасылық 
ұстанымдарын қалыптастыру факторы да маңызды болып табылады. Бұл 
зерттеуде оны қалыптастыру үшін оқу жоспарына, білім беру 
бағдарламаларына «Отбасы психологиясы» немесе «Отбасы психологиясы 
мен педагогикасы», «Отбасымен жұмыс технологиясы» деген элективті 
курстар енгізілген. Кейбір жоғары оқу орындарында «Жастарды отбасылық 
өмірге дайындау» курстары да жүргізіледі. Отбасының жеке және қоғам 
өміріндегі маңыздылығын түсіну, отбасылық өмір құндылығын қабылдау, 
отбасының мүшелеріне құрметпен қарау және қамқорлық көрсету; Адам. 
Қоғам. Құқық, Әдебиет, тарих, Сабақтан тыс іс- шаралар «Отбасы-отбасылық 
қатынастар», «Отбасылық шаруашылық», «Бос уақыт» (әлеуметтік 


зерттеулер) сабақтары «Менің отбасымның кітабы» жобасы, т.б. 
қарастырылды. 
Сондықтан осыларды басшылыққа ала отырып, зерттеу барысында 
педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындарының 
оқу-тәрбие 
үрдісінің 
субъектілерінің қарастырылып отырылған мәселеге қызығушылығын ояту, 
жауапкершілігін арттыру мақсатында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет