Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет32/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

патриархалды
(дәстүрлі) отбасы, қатынастары бұрынғы үлгіге 
бағдарланған: күйеуі (әкесі – асыраушы) отбасын материалдық жағынан 
қамтамасыз етеді, оны қоғамға шығарады, отбасы мүшелеріне қатысты 
негізгі шешімдерді қабылдайды; әйелі жұмыс істемейді (немесе оның 
жұмысының лауазымы, табатын еңбек ақысы күйеуінен төмен болады), үй 
шаруасын жүргізіп, бала тәрбиесімен айналысады; балалар пікірі аз 
ескеріледі немесе бағыныштылық мәнге ие; 

заманауи 
(эгалитарлық) отбасы, оның барлық мүшелері 
арасындағы қатынас сүйіспеншілікке, эмоционалдық жақындыққа, өзара 
сыйластыққа негізделген. Заманауи отбасының подтиптері бөліп көрсетіледі: 

ұжымдық отбасы
(батыстық авторлар терминологиясында «екі 
карьералық»), ерлі-зайыптылардың екеуі үшін де кәсіби және қоғамдық іс-
әрекет бірдей маңызды. Ерлі-зайыптылар (немесе ер адамның белсенді 
қатысуы барысында) үй іші міндеттерін бөліп алады, бос уақытты бірлесіп 
өткізеді, ұжымдық шешім қабылдайды, т.б.;

жеке отбасы,
ерлі-зайыптылар үшін отбасынан тыс іс-әрекет 
маңызды, қоғамдық жұмысқа қарағанда отбасына көңіл аз аударылады, 
маңызды шешімдерді талқылау барысында кикілжің туындауы мүмкін.


Н.С.Әлқoжaeвa өзінің «Қaзipгi кeздeгi бiлiм бepy пapaдигмaлapы 
кoнтeкciндe тұлғaның pyxaни дүниeciн қaлыптacтыpyдың ғылыми-
пeдaгoгикaлық нeгiздepi» атты мoнoгpaфиясында жаcтapдың мiнeз-құлық 
тәpтiбiнiң дe caпacын, pyxaни-aдaмгepшiлiк тәpбиeciнe әcep eтeтiн фaктopлap 
ретінде қopшaғaн opтacы, тaбиғaт, дeнe eңбeктepiнiң түpлepi, экoнoмикaлық 
жaғдaйлap мeн ұлттық caлт-дәcтүpлep, әдeт-ғұpыптapды зерделейді. 
Ғалымның пікірінше: «...жacтapдың мiнeз-құлқының, тәpтiбiнiң жәнe қapым-
қaтынacы мeн ic-әpeкeтiнiң өзгepyiнe, aдaмгepшiлiк жaғынaн қaтaюынa 
мүмкiндiк жacaйды. Бacқaшa aйтқaндa, oның қaлыптacyынa caяcи, 
экoнoмикaлық, pyxaнилық, aдaмгepшiлiктiк фaктopлap мeн биoлoгиялық, 
физиoлoгиялық фaктopлap дa әcep eтeдi, aл oның мәнi, нәтижeci pyxaни- 
aдaмгepшiлiк құндылық cипaтынaн көpiнeдi. Нeгiзiнeн pyxaни құндылықтap 
бiлiм бepy пpoцeciндe қaлыптacтыpылaды. Мұндaғы бiлiм бepy – жaлпы 
aдaмзaттық 
құндылық 
бoлып 
тaбылaды. 
Aлaйдa, 
бiлiм 
бepy 
жaлпыaдaмзaттық құндылықтapмeн қaтap индивидyaлды- тұлғaлық дeңгeйдe 
әpтүpлi дәpeжeдe тaнылaды» делінген. Н.С.Әлғожаеваның пікірінен бізге 
белгілі болғандай, әpбip oтбacының қaлыптacқaн әдeт-ғұpпы, caлт-дәcтүpi 
бoлaды. Coнымeн бipгe жaлпы қaзaқ oтбacынa тән opтaқ дәcтүpлeрді негізге 
алған [154]. 
Көптеген зерттеушілер (А.И.Антонов, Э.К.Васильева, С.И.Голод, 
М.С.Мацковский, А.Г.Харчев, т.б.) отбасының кіші топ ретіндегі 
функцияларын негізге ала отырып, әлеуметтік рөлдерді бөліп көрсетеді. Онда 
отбасының функционалдық-рөлдік құрылымына сәйкес рөлдерді бөлумен 
байланысты отбасы мүшелері арасындағы қатынасқа ерекше көңіл бөледі. 
Егер отбасының функциясы, тұтас алғанда, отбасылық рөлдердің мазмұнын 
анықтаса, онда рөлдік құрылым рөлді бөлумен сипатталады, яғни отбасында 
оның әрбір мүшесі қандай міндеттер орындайды және рөлдік қатынастар 
қандай қағидаларға сүйеніп құрылған (кооперация немесе функцияларды 
бөлу, т.б.).
Зерттеушілер шаруашылық-тұрмыстық және тәрбиелік функцияларға 
сәйкес рөлдерді (тұрмыс-тіршілікті орындау, үй иесі, баланы тәрбиелеуші, 
сонымен бірге отбасын материалдық қамтамасыз етуші немесе асыраушы) 
орындауға басты назар аударады. Бірақ отбасы әлеуметтік ұйымның ерекше 
формасы ретінде оның өмір сүруін материалдық ресурстармен (жалақы, 
табыс деңгейі, әртүрлі игілік) ғана емес, адамгершілікті, қоғамдық нормалар 
мен отбасылық моралды, адамзаттық қарым-қатынас әдебін, тұрмыстық 
мәдениет деңгейін және отбасы мүшесі ретінде тұлғаның мәдениетін 
қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер контестінде 
ерекше белгіленеді.
Сонымен қатар отбасы әлеуметтік жүйенің орталығы функциясын 
атқарады, мемлекеттің барлық міндеттері оны және тұлғаны дамытуға 
қажетті әлеуметтік шартттарды құруға бағытталған. Сондықтан отбасын 
әлеуметтік институт, кіші әлеуметтік топ, әлеуметтік ұйым ретінде қарастыра 
отырып, оның функцияларын анықтайтын отбасы типологиясы, сандық 
құрамы, рөлдік құрылымы және т.б. мәнді сипаттамаларына назар 


аударылды. Отбасы көптеген, соның ішінде, материалдық, рухани, қоғамдық 
және тұлғалық, ұжымдық және жекелік, адамгершілік және құқықтық, 
биологиялық және психологиялық функциялар атқарады [155].
Н.Я.Соловьеваның пікірінше, отбасының қызметі оның тұрақты 
формасында қанағаттандырылатын қажеттіліктер түрі қанша болса, 
соншалықты болады. Осы аспектісі отбасылық қажеттіліктерді, отбасының 
қызметтерін басқасынан бөліп көрсетуге, сонымен бірге оларды кеңейтіп, 
талқылап қорытындылауға мүмкіндік береді [156]. 
Т.Парсонс барлық әлеуметтік жүйе, соның ішінде, отбасы негізгі төрт 
функцияны атқарады деп есептейді: біріншісі – адаптациялық, кез келген 
әлеуметтік жүйе ішкі және сыртқы тәртіп өзгерістеріне икемделеді немесе 
бейімделеді; екінші әмбебап қызметі мақсатқа жетумен байланысты, жүйе 
қойылған мақсатты анықтайды және соған жеткізеді, өзін-өзі дамыту 
жүйесін, оның әрекет қабілеттелігін қамтамасыз етеді; үшінші қызметі 
интеграциялық, ол жүйедегі барлық компоненттер мен қызметтер арасын 
байланыстырады; төртіншісі үлгіні ұстап қалу қызметі, әлеуметтік құбылыс 
өзгерістері барысында тұрақтылығы үшін мінез-құлық үлгісін, мәдениет 
қағидалары мен құндылықтарын сақтап қалуы. Бұл қызметтер отбасын 
ұрпақтан ұрпаққа оның сабақтастығын сақтай отырып, мәдени салт-дәстүр 
мен әдет-ғұрыптарды беру агенті ретінде қалыптпастырады. Отбасының 
әлеуметтік жүйе ретінде басқа жүйемен бірлесіп әрекет етуін 
ұйымдастырады. Оның жіктемелік сызбанұсқасында туыстық жүйе, 
әлеуметтендіру алғашқы орынға ие [31, с.14]. 
А.В.Мудрик педагогикалық талдау тұрғысынан, отбасы адамды 
әлеуметтендірудің маңызды факторы болып табылады деп есептей отырып, 
олардың әлеуметтенуінің жеке кезеңдерінде ажыратылатын және өмір 
жолында болатын отбасының маңызды әлеуметтендіру функцияларын 
анықтайды: адамды физикалық және эмоционалдық қамтамасыздандыру; 
адамның психологиялық өрісін қалыптастыру және жыныстық рөлін 
әлеуметтендіру; баланың ақыл-ойын дамыту; тұлғаралық және этникааралық 
қатынастар саласында негізгі құндылық бағдарын қалыптастыру; адамның 
отбасылық рөлдерді орындау нормалары мен стилдерін меңгерту; адамға 
әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету [157 ].
Отбасы функциясы отбасы мүшелерінің белгілі қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен тікелей байланысты тіршілік әрекеті саласы болып 
табылады. Отбасының негізгі функциялары ретінде мыналарды атауға 
болады: 
репродуктивтік, 
тәрбиелік, 
шаруашылық 
– 
тұрмыстық, 
экономикалық, алғашқы әлеуметтену, әлеуметтік-статустық, демалыс пен бос 
уақытты ұйымдастырушылық, т.б. 
Отбасы қоғамда бірнеше қызметтер атқарады: қоғам мүшелерін 
биологиялық өндіру; жас ұрпақты әлеуметтендіру; қоғам мүшелерінің 
физикалық денсаулығына қолдау көрсету; қоғамның еңбекке жарамсыз 
мүшелеріне қолдау көрсету; пайдалы бос уақытты ұйымдастыру, бос уақыт 
саласын әлеуметтік бақылау; жыныстық бақылау; әртүрлі саладағы отбасы 


мүшелерінің мінез-құлық тәртібін, ата-аналардың балалар алдындағы 
жауапкершілігі мен міндеттерін белгілеу. 
Отбасының әлеуметтік функциялары қоғамға пайда келтіруден басқа 
адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру функциясын да атқарады: 
балаға 
сұранысын 
қанағаттандыру; 
ата-аналық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру; отбасының бір мүшесінің басқасынан шаруашылық – 
тұрмыстық қызмет көрсетуі алуы; отбасының бір мүшесінің басқасынан 
(еңбекке жарамсыз немесе көрсеткен қызметін ауыстыру жағдайында) 
материалдық құралдарды алуы; отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-
қатынастың моралдық нормаларын бұзуы мен орынсыз мінез-құлқы үшін 
құқықтық және моралдық норма санкциясын қалыптастыру және қолдау;
отбасы мүшелерінің рухани өзара байытуы; некелік одақтың достық негізін 
бекіту; әлеуметтік қозғалудағы қажеттіліктерді қанағаттандыру; отбасында 
индивидтің психологиялық қорғалуы, эмоционалдық қолдау табуы. тұлғалық 
бақыт мен сүйіспеншілігі қажеттіліктерін қанағаттандыру [158]. 
Жоғарыдағы әлеуметтендіру функциялары күрделі әлеуметтік жүйе, 
әлеуметтік 
институт 
және 
кіші 
әлеуметтік 
топ 
ретінде 
оның 
жалпыпедагогикалық функциялармен арақатынас орнатады. Ғалымдар 
отбасы функциясын әртүрлі тұрғыдан бөліп көрсетеді (7 - кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет