1.4 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы -
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық
шарттары
Зерттеу барысында әлеуметтік орта факторының әрекетттестігінде
студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын тиімді қалыптастыру
шарттарын анықтау мақсаты қойылды.
Шарттар дегеніміз нақты құбылыстың дамуына әсер ететін, объектінің
даму факторлары сыртқы және ішкі орта құбылыстарының жиынтығы. Демек
шарттар үдерістің заңдылығын анықтайтын факторлар.
Фактор қандай да бір үдерістің, құбылыстың жеке белгілерін, сипатын
анықтайтын себептер, қозғаушы күш деп түсіндіріледі.
Сонымен «шарт» ұғымы жалпығылыми және қандай да бір объектінің,
біздің зерттеу контекстімізде, педагогикалық жоғары оқу орнының тұтас
педагогикалық үдерісінде студенттердің отбасылық құндылықтарын
қалыптастыруға әсер ететін жағдайлардың жиынтығын көрсетеді. Ал
педагогикалық жағдайлар педагогикалық жүйенің компоненті ретінде
аталған жүйені тиімді жетілдіруді қамтамасыз ететін материалдық -
кеңістіктік және білім беру ортасы мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтайды.
Сондықтан педагогикалық шарттар сапаны қалыптастыру үдерісінің
заңдылықтарын анықтайтын педагогикалық ұйымдастырылған факторлар
болса, ал әлеуметтік - педагогикалық шарттар студент жастардың өзара
әрекетестесуінің педагогикалық ұйымдастырылған факторлары мен олардың
өмір тіршілігінің нәтижесі.
П.Ф.Кaптерев педaгогикaлық шaрттaрды iс-әрекет нәтижесiне әсер
ететiн aрнaйы жaғдaйлaр ретiнде түсiндiред [162].
В.И.Aндреев педaгогикaлық шaрттaр мaқсaтқa жету үшiн оқыту
үдерісін ұйымдaстырудың мaзмұнын, әдiс-тәсiлдерін, формaлaрын мaқсaтты
түрде iрiктеудiң нәтижесі деп тұжырымдайды [163].
Зерттеу
барысында
ғылыми
педагогикалық
зерттеулерде
педагогикалық жүйенің ұйымдастыру-педагогикалық, психологиялық-
педагогикалық, дидактикалық шарттары бөліп көрсететіні анықталды. Онда
ұйымдастыру-педагогикалық шарттар педагогикалық жүйенің (тұтас
педагогикалық үдеріс) дамуы мен оны басқару негізінде мазмұн, форма,
әдістер мүмкіндіктеріне мақсатқа бағатталған жиынтығын білдірсе,
психологиялық-педагогикалық шарттар педагогикалық жүйенің (жеке
тұлғаның нақты сипаттамалары) жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім
беру және материалдық-кеңістіктік орта мүмкіндіктерімен өзара байланысты
жиынтығын көрсетені, ал дидактикалық шарттардың оқытуды ұйымдастыру
формаларын дидактикалық мақсаттарға жетуге бағыттай отырып, мазмұн,
әдіс (тәсілдер), элементтерді қолданудың нәтижесі ретінде қарастырылатыны
мазмұндалады.
Олай болса, біз зерттеу жұмысымызға сәйкес, педагогикалық
шарттарды жоғары оқу орындағы оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде
студентердің отбасы – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға тиімді
ықпал ететін іс-шара жиынтығы деп айтамыз.
Педагогикалық шарт кешенін жүзеге асыру барысында студенттердің
отбасылық құндылықтарын, атап айтқанда, ерлі-зайыптылықпен байланысты
отбасылық құндылықтар (некенің құндылығы, ерлі-зайыптылардың теңдігі,
отбасындағы жыныстық рөл, ерлі-зайыптылар арасындағы тұлғааралық
коммуникация, ерлі-зайыптылардың өзара түсіністігі мен қарым-қатынаста
бірін-бірі қолдауына байланысты құндылықтар); ата-аналық байланысты
құндылықтар (балалар (көпбалалық немесе азбалалық), отбасында балаларды
тәрбиелеу мен әлеуметтендіру)); туыстықпен байланысты құндылықтар
(туыстардың болуы (ата-әже, аға-іні мен әкпе-сіңілі, т.б.); туыстар
арасындағы өзара ықпал мен өзара көмек құндылығы, кеңейтілген немесе
нуклеарлы отбасы құндылығы) қалыптастыруға алып келетін бір-бірімен
өзара байланысқан педагогикалық шарттар бірлігі ретінде қарастырамыз.
Мұнда бөліп көрсетілген педагогикалық шарттардың үш тобының бір-
бірімен өте тығыз байланысты болып келуі маңызды. Берілген
педагогикалық жағдайлардың педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда
мүмкіндігі зор.
Қазақстанда отбасы әрқашан әлеуметтің аса маңызды құраушы
элементі ретінде қарастырылып келеді. Ол қоғам болмысының, мемлекеттің
негізі, адалдық, адамгершілік және рухани үйлесімділік жүйесіндегі маңызды
буын болып табылады.
Бүгінде мемлекеттікті және азаматтық қоғамды дамыту бағытында
әлеуметтік жағдай мен тұлғаның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік білім
мәселелерін шешумен анықталады. Жастарды қоғам дамуының табиғи
субъектісі ретінде қарастыру, олардың заңдылықтарын тұтастықта зерттеу
қажеттілігі туындауда.
Жастар қоғамның динамикалық құрылымын құруға объективті қажетті
әлеуметтік мәнді феномен. Олар болашаққа ұмтылып, сол уақытта аға
ұрпақтың тәжірибесін меңгереді, сондай - ақ азаматтық қоғам мен нарықтың
экономиканың бірге қалыптасады. Ерекше әлеуметтік-демографиялық топ
ретінде жастар даму және қалыптасу үдерісінде болады, оларда қоғам
жамуының нақты - тарихи кезеңіне тән жаңа құндылықтар мен құндылық
бағдары қалыптасады [164].
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы»
Заңына сәйкес, «жастар – Қазақстан Республикасының он төрт пен жиырма
тоғыз жас аралығындағы азаматтары» - деп анықтама беріледі [165].
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев жастар келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз
еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін
алу қажет. Ол XXI ғасырда Жаңа Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті
және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы
керек – деп атап көрсетеді [166].
Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаев жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек
құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз
үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс. XXI ғасырды біз сын-
қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп
атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі.
Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға
ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі
өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Әлем жұрты көп
ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар
мен спортшылар туралы естіп-білетініне сенімдімін» - деп атап көрсетеді
[167].
Білім берудің заманауи философиясы оның басты мақсаты әрбір
тұлғаның өзіндік дамуы мен ашылуы үшін жағдай туғызуға, әрбір жеке
тұлғаның даралық ерешеліктерін мойындау және құрметтеу, тұлғаның
ерекшелігі мен қайталанбастығын мойындауға негізделеді.
Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім
болып табылады. Жалпы, білім-деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары
білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%),
728 мың жастардың білімі - арнайы орта (16,2%). Елімізде «Жасыл ел»,
«Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар іске
асырылуда [168].
«Жастар» ұғымының мәдени аспектісінде өзіндік құндылықтарымен
және мінез-құлық үлгілерімен ажыратылатын, өмір сүру және ойлау
стилдерімен
анықталатын,
ұйымдастырудың
ерекше
формасымен
сипатталатын жастар субмәдениетіне ерекше назар аударылады [165, с. 274].
Демек жастар кәсіби және әлеуметтік қалыптасу үдерісінде болатын
әлеуметтік-жастық топ. Кәсіби, әлеуметтік, аймақтық, ұлттық жағдайларға
байланысты жастардың жастық топ шегі табиғи өзгеруі мүмкін. Шартты
түрде оның төменгі шегі 15-18 жас орта мектепті бітіру мерзіміне, жоғарғысы
30 жас қоғамның әлеуметтік-кәсіби құрылымына толық ену кезеңіне сәйкес
[166, с. 164]
Әлеуметтік топ ретінде жастардың даму заңдылықтарын түсіну субъект
ретінде олардың қоғамдағы орны мен рөлін, әлеуметтік қызметтерін
анықтаумен байланысты. Әлеуметтік өлшем бойынша бұл топтың жастық
диапазондық құрылымында әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік ұстаным,
өмірлік жоспар, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері деңгейімен
ажыратылады [169].
Демек, студент жастар өзіндік мақсаттары, өмір сүру ортасы, ерекше
еңбек реті, әлеуметтік психологиясы, бағдарлар жүйесі бар әлеуметтік –
демографиялық топтың ірі әлеуметтік категориясы.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен
салыстырғанда білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық
және мотивациясының жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Биологиялық жағы
тұқым қуалаушылық арқылы берілетін қасиеттерін көрсетеді (жоғары нерв
жүйесінің типі, физикалық күші, т.б. нышандары). Студенттік кездің осы
ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-
қатынас серіктесі ретінде қатынасын көрсетеді.
Жастар мәселесін зерттеудің әдістемелік және қолданбалы аспектілері
отандық ғалымдар М.С.Әженов [170], К.У.Биекенов [171] және т.б. еңбектерінде
орын алады.
Осыдан некеге тұру (азаматтық неке), жар таңдау студенттік жастағы
тұлғаларға тән өзекті мәселенің бірі болып табылады. Ол бір жағынан,
студенттердің әлеуметтік статусына, екінші жағынан, жастық және
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жас ерекшелік психологиясы бойынша зерттеулерде (Л.И.Божович,
Л.С.Выготский, И.С.Кон, С.Л.Рубинштейн, В.Н.Мясищев, Б.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев, т.б.) бұл жас кезеңінің күрделігі физиологиялық ғана емес,
тұлғаның сұранысы мен әлеуметтік жағдаяттың өзгерістеріне байланысты
өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.
Б.Г.Ананьев студенттік шақта адамның негізгі қызметтері (сенсорлық-
прецептивтік), мимикалық (есте қалдыру), психомоторлық (қимыл-
әрекеттер), әсіресе, сөйлеу-ойлау үрдістері айтарлықтай белсенді түрде
дамитынын көрсетеді [172].
Жоғарыда ғалымдар еңбектеріне жасалған талдаулар нәтижесіндегі
тұжырымдар бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының неке және отбасы
институтының өзгерістерге ұшырағанын, неке негізінде қалыптасатын бірге
өмір сүрудің дәстүрлі формасы отбасының өзгерісін
көрсетеді [173].
А.Н.Леонтьевтің пікірінше, адам қай іс-әрекет ортасында жұмыс істесе,
сол жерде адам, яғни студенттің жеке психологиялық-педагогикалық
сипаттамасы оның жүрген ортасының, тобының ықпалына байланысты
болады [142, с.65].
Осы ғалымдар еңбектірен жасалған талдау нәтижесінде студенттердің
жастық ерекшеліктерінің негізгісі ретінде мыналар бөліп көрсетіледі:
- танымдық тұрғыдан оперативті жадының жоғары жылдамдығы,
зейінін аударуы; біліктілік пен дағдының дамуы, т.б.
- тұлғалық дамуда мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі;
- дербестік, шыдамдылық, мақсаттылық, инициативтілік қасиеттерінің
дамуы, сонымен қатар мінез-құлқын саналы реттеудегі тұрақсыздық;
- іс-әрекетте қоғамдық нормаларды сақтау үшін ерекше және қосымша
күш салудан қашу; өзіндік бақылаудың төмен деңгейі, жоспарлау, өзін-өзі
ұйымдастыруы;
- субъектілігі студенттердің іс-әрекет пен қарым-қатынас түрлеріндегі
табыстылық деңгейін, сонымен қатар нақты біліктілік пен нәтижелерге жету
мүмкіндігі, т.б.
Бүгінгі таңдағы динамикалық жағдайда жастар арасындағы қарым-
қатынас пен іс-әрекеттің жаңаша талаптарының бірі заманауи ағымдағы
тұлға болу, осыған сәйкес өзгеру, даму сынды әрекеттерді жүзеге асыруында.
Сондықтан жастардың зор мүмкіндіктері мен шектерінің, тағдырын өз
ырқымен билеуге және қоғамға ықпал ету қабілеттерінің психологиялық
механизмдерін, алғышарттарын анықтау, дамыту қажеттігі шығады. Осы
контексте жоғары мектепте кәсіби білім берудің маңызды бір құраушысы
болып табылатын психологиялық дайындаудың және студент бойындағы
әлеуеттерді, қабілеттерді ықпалдастықпен танытуға, дамытуға деген белсенді
әрекетті түсіндіретін субъект психологиясының маңызы мен мәнділігі
артады. Бұл жағдайда студенттің қоғамның органикалық бөлігі және олар
елімізді сақтау және дамыту, оның мәдениеті мен тарихын ары қарай
жалғастырушы адам болғандықтан, бүгінгі күн тәртібінде Қазақстанда
ұлттық сана-сезімі жоғары азамат тәрбиелеу негізгі мәселенің бірі.
Осы тұрғыдан айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінде арнайы Қазақстан ЖОО-да «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын
жүзеге асыру тұжырымдамасы (Алматы, 2015) дайындалды [174].
Сонымен отбасының тарихи типтері әртүрлі факторлардың ықпалымен
қалыптасқаны, алайда осы ықпалдардың тереңірек есепке алынбай жүргені
белгілі. Тек дәстүрлі патриархалды отбасының эгалитарлы, яғни
жыныстардың теңдігі отбасы типіне өтіп жатқан кезінде отбасының жаңа
үлгісінің қалыптасып келе жатқанына назар аударылуда. Сонымен бірге
отбасы-неке қатынасының қоғамдық құндылықтар жүйесінде өзінің мәнін
жоймағанын, отбасылық өмір барлық формасында ер адам мен әйелдің бірге
өмір сүруі екенін атауға болады.
Жалпы бүгінгі таңда қалыптасқан ұрпақтар байланысы тұрғысынан
отбасының екі типін атауға болады: нуклеарлы отбасы және кеңейтілген
оотбасы. Нуклеарлы отбасының құрамы әйелі мен күйеуі және кәмелетке
толмаған балаларынан тұратын болса, ал кеңйтілген отбасы атасы мен әжесі,
әкесі мен анасы, балаларынан тұрады.
Қазақстан үшін ауылдық жерлерде қалыптасқан салт-дәстүріне сәйкес
кеңейтілген отбасы басым, тұлғааралық, туысқандық байланыс қазақтың
әлеуметтік әлемінің негізін құрайды. Ал қалалық жерлерде нуклеарлы отбасы
басым, сонымен қатар әмбебап отбасы құрылымын да атап көрсетуге болады.
Сондықтан студенттердің отбасы - адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруға байланысты қойылған мәселелерді шешуде олардың
психологиялық- педагогикалық негіздерін қарастыруымыз қажет.
Студенттер қоғамдық қатынастар әлемі мен өзінің ішкі әлемін тани
алады. Мұнда ол тек ересектер мінез-құлықтарының үлгілеріне еніп қана
қоймай, өзі де ересектік қарым-қатынасқа түсе бастайды. Студент үшін
қарым-қатынастағы басты нәрсе өздерін толғандырып жүрген мәселе
болғандықтан, сырлас және пікірлері маңызды деп есептелетін ересектерден
түсіністік, тілектестік көмек алуға ерекше мән береді. Бұл әсіресе, өзінің
сезімдерін, қиналыстарын түсінуде, айналасындағылармен байланысы
«тұйыққа» тірелу салдарынан амалсыздық сезімі пайда болғанда маңызды
болып саналады [175].
Студенттік кезеңде жолдастарымен қарым-қатынас студент үшін
құндылық болып саналады да мынадай мәселелер туындап жатады: көп
жағдайда бұл қарым-қатынастың тартымды болатыны сондай, оқу екінші
орынға шығады, ал әке-шешемен қарым-қатынас мүмкіндігі онша тартымды
да көрінбейді. Осы сәттерде студент ата-анадан алыстап, өзінше өмір сүре
бастайды. Өзі туралы көп әңгімелемейді, көп нәрсені жасырады, үйден
достарына қарай асығады. Мұнда ерекше мән беретін мәселе студенттің
ересектік қадамы ата-анадан бөлінуді талап етеді, бірақ студенттің мінез-
құлқы ата-аналарынан бөлінуді қаласа да бұлай ойлаудың дұрыс еместігін
түсінуге жол сілтеу қажет.
Сонымен студенттердің қарым-қатынас мазмұны төмендегілерді
қамтиды:
-
идеялық-адамгершілік мәселені (өмір мағынасы, әлемдік мәселелер,
өмірлік жоспарлар, адамдардың қарым-қатынасы);
-
студент өмірінің оқиғалық жағын (топтың, басқa ұжымдардың,
жанұяның, таныстардың,өзі мен құрбыларының өмірі, іс-әрекеттері,
естеліктері, жақын кезеңге арналған жоспарлары);
-
студент өмірінің эмоционалдық жағын (бір нәрсеге немесе біреуге
көзқарасы, әсері, көңіл-күйі, сезімдері, қиналысы, реакциялары);
-
студент тұрмысының көрсеткіштік жағын (өмір сүру мазмұны, өмір
сүру стилі мен салты, студенттердің көрсеткіштік-эстетикалық ортасы, т.б.);
Студенттердің жас шамасына қарай бұлардың әрқайсысының
мазмұндық сипаты мен өзара қатынасы әртүрлі болып келеді, әр жастағы
студенттердің
қарым-қатынасындағы
эмоционалдық
-
мазмұндық
басымдылығымен анықталады. Жас шамасының әр кезеңінде тұлға
дамуының әлеуметтік жағдайында өзгеріс болады, студенттердің әлеуметтік
перспективасы кеңейеді, олардың әлеуметтік көзқарасы күрделенеді және
осылардың нәтижесінде тұлғаның өзін-өзі тануы жетіледі; қарым-қатынас
басымдылығы өзгереді [176].
Әлеуметтік топ ретінде қазіргі заманғы жастар құрамы бойынша
біртекті емес. Жастар құрылымында негізіг іс-әрекеті білім беру кеңістігінде
іске асырылатын студенттік кезең ерекше орын алады. Студенттік жылдар
жастардың әлеуметтенуінің маңызды кезеңі, әлеуметтік белсенділігінің
өсуімен, аға ұрпақтың тәжірибесін сыни тұрғыдан жете ұғынуымен,
құндылықтарды қайта бағалауымен сипатталады.
Бүгінде қоғамдық жағдайлар өзгерді, тұлғалардың қажеттіліктері
модификацияланды, сонда да неке-отбасылық қатынасты құруда олардың
барлығы да сақталады. Дегенмен студент жастардың отбасылық
құндылықтарын қалыптастыру мәселесі өзекті болып қала бермек.
Өкінішке орай, бүгінде жастар санасында материалдық игіліктың,
мансап пен биліктің маңыздылығы жөнінде стереотип қалыптасқан. Бұл
жүйеде құндылық координаты біздің халқымыз үшін дәстүрлі берекелі үлкен
отбасы екінші орынға ығыстырылды. Бүгінгі таңда студенттердің санасына
маңызды әсер етіп жатқан ресурстардың бірі діни ұйымдар, БАҚ, т.б.
екендігін атап өту қажет. Әлеуметтену үдерісін түзетуді күшейту білім беру,
мәдениет ұжымы, бұқаралық ақпарат құралдарына да ықпал етеді.
Әлеуметтендіру
институттары
мен
тетіктерінің
көптүрлілігі
иерархияланған жүйеде емес, оның әрқайсысы тұлғаның дамуында өзіндік
қызмет атқарады.
Құндылық ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында -
болмыстың мәні, ал руханилық жеке тұлғаның таңдалған мақсатқа
талпынысы, сананың құндылық сипаты, әлемді және бәрінен бұрын өзін
тануға ұмтылысы.
Демек жастардың құндылық бағдарының жағымсыз тенденцияларын
бейтараптандыру үшін жаңа дәуірдің құқндылықтар жүйесін айқындау және
оны әлеуметтік ортаға мемлекеттік және қоғамдық көпдеңгейлі тартату
қажет.
Заманауи әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдарда «құндылық»
категориясының пайда болуы мен функциясына көп назар аударылуы бұл
феноменді тұтастықта ашып көрсетуді қажет етеді.
Әлеуметтік психологияда «құндылық» ұғымымен бірге қолданылатын
«құндылық бағдар», «құндылық қарым-қатынас» ұғымдары субъектінің
материалдық немесе идеалдық объектімен байланысын, оған бағыттылығын
белгілейді. Құндылық бағдар қоғамдық деңгейдегі құндылыққа адамның
қарым-қатынасын көрсетеді [177].
Философиялық сөздікте құндылық бағдарға «жеке тұлғаның өмірдегі
тәжірибесінен жинақтаған ішкі жан дүниесінің маңызды элементі, адамның
саяси, философиялық, адамгершілік сенімі мен құштарлығы, мінез-құлықтың
адамгершілік қағидалары» деген анықтама берілген [65, с. 437].
«Құндылық бағдар» ұғымы жеке адамның белгілі бір әлеуметтік
құндылықтарды мақсат етіп ұстауы, яғни әлеуметтік құндылықтардың белгілі
бір тобына деген қарым-қатынасы. Мысалы: еңбек, оқу, қоғамдық жұмыс,
жанұя, т.б. құндылықтар болуы ықтимал» - деген түсінік берілген. Себебі,
жеке адамның дамуы, өмірдегі оның бет-алысы, мінез-құлқы, әдет-дағдысы
мәдениет пен құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Г.Оллпорт құндылық – бұл тұлғалық мәні бар, ол адам үшін белгілі
мәнге ие болғанда ғана құндылық болады [36, с. 462].
Б.А.Тұрғынбаеваның көзқарасы бойынша, құндылықтар әлемі –
мәдениет әлемі, адамның әрекетінің, тұлғаның рухани байлығының өлшемін
білдіретін, оның адамгершілік санасының басымдылықтарының саласы.
Құндылықтар дүниетаным ықпалымен қалыптасады, өйткені адам әрқашан
әлеуметтік тәжірибе барысында әр алуан көзқарастарды біріктіруге
ұмтылады делінген [178].
Әлеуметтік - мәдени жағдайларға байланысты қоғамның да, тұлғаның
да құндылық бағдары өзгеріп отырады. Бірақ, ғасырлар бойы адамзаттың
дамуына бағдар болған гуманизм, адалдық, парыз, табиғатты аялау, талғам,
сұлулық сезімдері мәдениеттің негізін қалайтын іргетасы.
Қоғамдағы әрбір дағдарыс кейбір құндылықтар мен нормаларды
құлдырауға әкелсе, енді біреулері жаңа бір әлеуметтік маңызға иеленуіне,
жаңа дүниетанымның пайда болуына себепші болады.
Атап кететін жәйттің бірі болып отбасылық тәрбие стильдерінің
келесідей түрлері:
-Авторитарлы отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын
туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай
бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада
қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
-Демократиялық стиль
–
ата-аналардың бала тұлғасына болған
сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік
дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына
құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның
шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала
өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-
анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын
ортаға салып, проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз
қадір мәртебесін сезінеді.
-Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін
қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар
ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың
түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке,
менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді. Өз
перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана,
негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды
жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да
ұмытпайды.
XIX ғасырдың басы мен XX ғасырда қазақ халқы жақын туыстар
арасындағы некеге қарсы болды. Экзогамды кедергілер қатал сақталды, ата-
бабадан бастап жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі сақталған. Тектілік
феномені хақында пайымдалған асыл сөздердің астарында терең ой,
ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге даналық көзқарас жатыр.
Бұдан қан арқылы берілетін қасиетті ешнәрсемен алмастыру мүмкін емес
екені анықтала түседі. Қазақтарда тектілікті дәріптеудегі бұлжымас қағида -
некелену барысында тегіне қарау. Ежелден, мейлі ұл, мейлі, қыз жағы
болсын, балалары мақұлдасудың алдында тегін анықтайды. «Ол қандай
жердің балалары, әкесі қандай, оның арғы тегі қандай» деп қудалайды. Міне,
тектілікті дәріптеу.
Отбасылық құндылықтар қоғамның санасына тән рухани феномен.
Теориялық әдебиеттерді, инновациялық тәжірибелерді және жеке бақылау
нәтижесінде қазіргі заманғы отбасының құндылық әлеуеті анықталды [179].
Отбасы ұғымының көптүрлілігін ескере отырып, біз ерлі-зайыптылық,
ата-аналық, туыстық секілді мәнді сипаттамаларға, сондай-ақ репродуктивті,
тәрбиелік, экономикалық немесе шаруашылық-тұрмыстық, тұлғааралық
қарым-қатынас функцияларына назар аударылды.
А.Я.Варганың пікірінше, отбасылық жүйе – бұл тұратын орны,
бірлескен
шаруашылықпен,
ең
негізгісі
өзара
қарым-қатынаспен
байланысқан адамдар тобы [180].
Функция, құрылым, динамика отбасының маыңзды сипаттамалары
болып табылады (Э.Г.Эйдемиллер, С.И.Голод, А.Г.Харчев, М.С.Мацковский,
Г.Навайтис, т.б.).
Отбасының функциясы бұл отбасы мүшелерінің белгілі бір
қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты оның тіршілігін
сипаттайды. Отбасының қайталанатын формада қанағаттандыратын
қажеттілік түрлері қанша болса, оның функциясы да сонша болып келеді
(Н.Я.Соловьев) [156, с. 164].
Отбасының негізгі функцияларды орындауы отбасы мүшелері үшін
ғана емес, тұтас қоғам үшін де маңызды. Отбасының функциясын толық
атқаратын отбасы бұл өзінің функцияларына жауапты және саралайтын
отбасы, қажеттіліктердің қанағаттандырылуы отбасының және оның әрбір
мүшесінің өсуіне, өзгеруіне алып келеді.
Психологтар (Э.Г.Эйдемиллер, В.Юстицкис) отбасының тәрбиелік,
шаруашылық-тұрмыстық, эмоциялық, рухани (мәдени) қарым-қатынас,
біріншілік әлеуметтік бақылау, сексуальды-эротикалық функцияларын бөліп
көрсетеді [181].
Отбасының құрылымы бұл отбасы және оның мүшелерінің құрамы,
сонымен бірге олардың өзара қарым-қатынасының жиынтығы. Отбасы
құрылымына талдау жасау отбасы функциясының орындалуы, отбасында
кімнің басшылық етуі, құқық пен міндеттердің бөлінуі, яғни отбасылық
рөлдерді айқындауға мүмкіндік береді.
Отбасылық өмірдің осындай әрбір компоненттері және олардың
тұтастығы аксиологиялық әлеуетке ие және жас адамның өмірлік
қажеттіліктері болуы мүмкін. Соның ішінде, көбінесе ерлі-зайыптылар, ата-
ана мен балалар арасындағы сүйіспеншілік, қамқорлық, өзара көмек,
жақындық, қызығушылыққа негізделген туыстық қатынастар ерекше
маңыздысы болып саналады.
Отбасының құндылықтарын педагогикалық тұрғыдан түсіндіру, бір
жағынан, отбасының тұрмыс салтын, отбасылық дәстүрін, отбасы
тіршілігінің заманауи формасын, екінші жағынан, жастарды ерлі-
зайыптылық, ата-аналық, туыстық құндылықтарға тартудың тиімді жолдарын
іздестіруге, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктерін айқындайды.
Қазіргі уақытта отбасының іргесі берік болмауы ерлі-зайыптылардың
қарапайым
отбасылық
құндылықтарды,
өзара
міндеттері
мен
жауапкершіліктерін білмеуінде.
ЖОО-ның білім беру ортасы ұрпақтан ұрпаққа мәдени құндылықтарды
беруді қаматамасыз ету, әлеуметтік ұстанымдарын қалыптастыру, соның
ішінде некелік-отбасылық қалыптастыруға ықпал ететін аксиологиялық
мүмкіндіктерге ие.
Сондықтан болашақ педагогтардың күші өзін-өзі ұйымдастыруға,
тұлғалық өзіндік дамуға және өзін-өзі реттеуіне бағытталуы қажет. Осының
барлығы жоғары оқу орнындағы білім беруге және студенттердің отбасы –
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға жаңа талаптар қояды.
Университет болашақ педагогтардың кәсіби және тұлғалық сапаларын
дамытуына күшті әсер ететін әлеуметтік фактор.
В.А. Ясвин білім беру ортасын тұлғаны қоғамның сұранысына сәйкес
қалыптастыру шарттары мен жүйесі ретінде түсіндіреді, сонымен қатар
әлеуметтік және кеңістіктік-пәндік ортада оның дамуы үшін мүмкіндіктер
жасалған деп тұжырмдайды [182].
Осыдан білім беру саласындағы бұл сапалар педагогикалық іс-әрекет
субъектісі бойынша ажыратылады. Білім беруде осы сапаларды дамыту
үдерісінің негізі субъектісі ретінде әрбір оқытушы ата-ана ретінде үлгі болуы
тиіс. Педагогтар студенттермен бірлескен әрекетте отбасыға қатынасын және
өзін болашақ ата-ана ретінде көрсетуге талпынысын қалыптастырады.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-
мәдени күйге түсуі көптеген қозғаушы күштер мен факторлар қатысатын
күрделі үдеріс.
«
Фактор
» ұғымы неміс тілінен аударғанда «fakto» – жасайтын, өнді-
ретін деген мағынаны білдіреді. Адамға әсер ететін әртүрлі жағдайларды
қозғаушы күш деп те атайды. Демек фактор «қоршаған орта» жүйесіндегі
әрекеттің тиімділігіне ықпал ететін немесе шектейтін антропологиялық,
морфологиялық, физиологиялық және сихологиялық ерекшеліктердің
жиынтығы, сондай-ақ қандай да бір құбылыстағы не үдерістегі маңызды
жағдайы.
Осы орайда студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыруға
ықпал ететін әлеуметтік ортаның компоненттерін қарастыра отырып, тікелей
ықпал ететін базалық факторларды бөліп көрсетуге болады:
- микрофакторлар (адамның жақын отбасының, замандастарының
референттік топтарының ықпалы);
- мезафакторлар (отбасын оңтайландыру, тұтас алғанда тұлғаны оқыту
мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын әртүрлі білім беру және мәдени
мекемелердің іс-әрекеті);
- макрофакторлар (адамның (болашақ отбасы иесінің) әлеуметтік-
мәдени мәнін дамытуға әсере ететін мемлекеттің, этностың, қоғамның
инновациясы және матримониальды, яғни некелесуге байланысты
дәстүрлері).
Қазіргі адам баласының мәдени көп алуандылығы өсуде. Оны
құрайтын халықтар өз тұтастығы мен мәдени қалпын сақтап қалуға көптеген
шаралар жасауда. Бүгінгі өмір қайшылықтары әртүрлі халықтар мен
мәдениеттердің араласуы мен өзара түсінісу мәселелерін барынша нақты
қарауды талап етуде.
Жалпыадамзаттық бұл әрбір адам, оның еркіндігі мен адамдық деген
ажырамас құқығы. Тұлға құндылығы жалпыадамзаттың рухани негізі.
Руханилық ғасырлар бойғы адамзат тарихымен бірге келе жатқан халық
мұрасы. Әрбір ұлттың дербес, өзіндік мүддесі үшін адамзаттық мәдени
құндылықтардың өзіндік орны бар. Ұлттық құндылықтар ұрпақ
болмысының, қалыптасуының негізі, ұлт мәдениетінің іргетасы. Мәдени
құндылық әр елдің өзіндік салт дәстүрі мен тұрмыстық өмірін сақтап
отыруы.
Қазіргі заманғы рухани сұраныстардың және өркениеттік өлшемдердің
жаңаруы тұсында кез келген ел үшін отбасы институтын нығайтуда жүйелі
стратегиялық зерттеулер жүргізіп, даму бағытын жан-жақты зерделер отыру
маңызды.
Қарттар мен балалар ерекше қамқорлыққа бөленуге тиіс, бұл Қазақстан
халқында бұрыннан бар қасиет. Өзі және өз жақындары үшін әлеуметтік
жауапкершілік сезімін қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден бастау ала
отырып, жастар саясаты мәселелерінде негіз болуы қажет. Өмірдің
құндылығы, қауіпсіздігі және оны жалғастыру отбасымен тікелей
байланысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әйелдердің ұстамдылығы мен
төзімділігі – тыныштық пен татулықтың тірегі» деген баяндамасында: «Бізге
неке және отбасы институтын нығайтып, оның беделін арттыру,
адамгершілік құндылықтарды қайта түлету қажет. Отбасы, бала, отбасылық
құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің
әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар
ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға
қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен
қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық
құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық
өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көп балалылық
болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтарда ғасырлар бойы солай болып
келген. Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген» – деп ғасырлар
бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол
мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп
қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен
бүгінгі ұрпақ санасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты
жүелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санайды [183].
Отбасында балаға туыстық қатынастардың жүйесін, ұлт ішіндегі
әлеуметтік рөлдердің мәнін түсіндіріп, ұлт арасындағы қатнастарды реттеу,
шежіресін таныту отбасылық білім негіздерінің біріне саналады. Сондықтан
отбасында әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің негізінде алынатын нормалар
жүйесі қолданылып, туыстық қатынастар реттеліп тәрбие беріледі.
Ата-ананы сыйлау парызы, қартайған ата-аналардың балаларымен бірге
тұруы, кенже немесе жалғыз ұлдың ата-ана алдындағы жауапкершілігі,
балаларды туысқандарының асырап алуы, туыс отбасыларының өзара көмегі
және жесірлердің балаларын туыстардың өз қамқорлығына алуы сияқты
әдет-ғұрыптар қазақ отбасыларының жазылмаған заңдары бола отырып,
балалар мен жастарды тәрбиелеуге жағымды ықпал ететін туыстық
байланыстардың беріктігін көрсетеді.
Парасатты әке-шеше балаларына өздерінің шыққан тегі, руы, ел-жұрты
туралы әңгімелеп, ағайын-туыстар арасындағы қатнасты, жекжат-жұрағатты
сыйлау салты бойынша аталас ағайындар бір-біріне қамқорлық жасап,
қарайласып отыру міндеттілігін түсіндіріп, олардың үлгілі істерін мадақтап
отырған. Осыдан әдет-ғұрып, рәсімдер, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу
көбіне отбасында жүреді. Сондықтан да, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің» дегендей, үлкендердің, ата-аналардың жеке басының үлгі-өнегесі
балалар тәрбиесіндегі ұтымды әдістердің бірі болып саналады.
Халық өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуде қоғамның
тарихи дамуында заңды нәтижелер бар. Адам өмірінің өнегелі күші басқа
жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты мыңжылдықтар бойына жинақталып,
адам мінез-құлқының мотивациясы мен реттеушісі қызметін атқарды.
Сонымен қатар әрбір халықта бұл үрдіс мәдени қатнаста өз көрнісін тауып,
тұлғаны әлеуметтендіру жолына қатысы бар өзінің ұлттық ерекшеліктеріне,
дәстүріне ие болды.
Сонымен тұтас педагогикалық үдерістің, педагогикалық жүйенің
дамуын қамтамасыз ететін шарттардың анықталуы педагогикалық зерттеудің
маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Оның шешімі зерттеудің
ғылыми жаңалығын құрап, оның тәжірибелік құндылығын сипаттайды.
Жоғaры оқу орнындaғы тұтас педагогикалық үдеріс жұмыстaрының
тәжiрибесi
көрсеткендей,
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын сипaттaйтын негiзгi нысандары мыналар:
- жоғaры оқу орны, фaкультет (институт), курс, топ деңгейiндегi оқу-
тәрбиені ұйымдaстыру жұмыстaры (шығaрмaшылық бaйқaулaр, бейресми
бiрлестiктер, студенттiк өзiн-өзi бaсқaру, т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |