2
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖОҒАРЫ
ОҚУ
ОРЫНДАРЫ
СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОТБАСЫ - АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық -
функционалдық моделі
Кез келген педагогикалық құбылыс, педагогикалық объект жүйе
болғандықтан,
отбасылық
құндылықтарды
қалыптастыру
үдерісін
моделдеудің қажеттілігі туындады, өйткені бұл әдіс қазіргі заманғы
педагогика ғылымында күрделі көпқырлы объектілерді, үдерістер мен
құбылыстарды зерттеу үшін кеңінен қолданылады.
Осы орайда педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үшін моделдеу әдісіне
(Платон, Аристотель кезеңінен бастау алатын) назар аударылды.
Жалпы ғылымда моделдеу кейбір жүйені құру үдерісі ретінде нақты
объектінің мақсат-міндеттеріне сәйкес оның құрылымдық элементтерімен
қатар жүзеге асыру шарттарын да айқындауға мүмкіндік береді.
Сондықтан зерттеу барысында С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский,
В.П.Беспалько. В.В.Краевский еңбектерінде негізі қарастыралатын жүйелілік
тұғыры басшылыққа алынды.
Педагогикалық
зерттеу
әдістерін
қарастырған
ғалымдардың
(В.А.Штофф, Т.В.Машаров, т.б.) еңбектерінде моделдеудің ғылыми-
танымдық әдісі ретіндегі ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
В.А.Штофф «ғылыми зерттеудің әдіснамасын таным құралдары мен
әдістері жөніндегі ғылыми пән деп түсіндіре отырып, модель нақты немесе
ойша ұсынылатын жүйе ретінде зерттеу нысанының түпнұсқасы жайлы
ақпарат алуға мүмкіндік береді» - деп тұжырымдайды [185].
Т.В.Машарова «модель нақты объектінің көшірмесі ретінде таңбалық
элементтердің немесе көрнекі қабылданған заттардың мәнді қатынасын
сипаттайтын белгілермен, сипаттамалармен және сапалармен анықталады» -
деп есептейді [186].
Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерді талдау студенттердің отбасы -
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісін моделдеу үшін маңызды
болып саналатын «модель» ұғымының бірнеше мағынасы мен мәнін бөліп
көрсетуге мүмкіндік берді.
Ресейлік ғалымдар (И.Т.Фролов, В.Е.Шиянов, т.б.) модельді объектіні
оның нақты формасынан ажыратып көрсететін түсініктер ретінде анықтайды.
Қазіргі заманғы ғылымдар объектілердің жеке дербес элементтерін емес,
олардың өзара әрекетттестігін зерттеумен айналысады.
Моделдеу әдістемесі танымның көрінісі мен объектісін саналы
талдаудың белгілі түрі. Сондай-ақ, зерттелетін нысанның сипаттамасын,
олардың ұқсастықтарын, көрініс пен үдерісін бейнелеу үшін қолданылатыны
белгілі.
И.Т.Фролов «модель – танымның құралы, ал оның негізгі белгісі –
кескін» дей отырып, «құрылым және әрекет» ұғымдары арқылы модель
анықтамасының мәнін ашып көрсетеді [187].
В.Е.Шиянов моделдің мынадай түрлерін қарастырады: мазмұндық
және құрылымдық (зерттелінетін объект, жүйе, үдеріс компоненттерін
сипаттау, құрылымын моделдеу); ұйымдастырушылық (құрылымдық
компоненттің
өзгерістерін
айқындау);
басқарушылық
(субъектілер
арасындағы идеялардан туындаған байланысты анықтау); нормативтік-
құқықтық (өкілеттік, заңды тұрғыдан қамтамасыздандыру); болжамдық
(ресурстар мен мақсаттың арақатынасын нақтылау); тұжырымдамалық
(ғылыми, теориялық, ақпараттық мәліметтер базасына, іс - әрекет
бағдарламасына негіздеу); рефлексивтік (күтпеген нәтиженің пайда болуы
жағдайында шешімді өңдеу) [188].
В.Г.Афанасьев «модель ықшамдалған объектінің немесе құбылыстың
айқын түрде сызбаға түсірілген бейнесі. Әрі ол моделдеу үрдісі барысында
танымның өзіндік тәсілінде бір жүйе (зерттеу объектісі) басқаға (модельге)
өзгереді, кез келген модель әдіснамалық және теориялық алғышарттарға
сүйенеді» - деп тұжырымдайды [189].
Модель жүйені анықтау, түсіну немесе жетілдіру үшін қолданылатын
құрал. Моделдеу зерттеу объектісіне сәйкес оның құрылымын қайта өңдеп
көрсетеді.
Зерттеуімізде моделді құруда оның жеке элементтерін және олардың
арасындағы байланыстарын сипаттайтын «жүйе» ұғымына, модельдің
жүйенің маңызды буындарын бейнелейтін құрылымдық; жүйенің маңызды
қызметтерін сипаттайтын функционалдық; әртүрлі жүйелердің сәйкестіктерін
айқындайтын аналогтық назар аударылды; жүйе элементтерінің даму
ұстанымдарын ашатын генетикалық; аралас; т.б. типтеріне, сонымен бірге
модельдің
мазмұндық,
тәжірибелік,
рефлекстік-бағалау,
құндылық-
мотивациялық элементтерімен өзара байланысты мақсаттылық, мазмұндық,
технологиялық, нәтижелік, рефлексивтік компоненттеріне назар аударылды.
Модельді құруға жүйелік-құрылымдық тұрғыдан келу зерттелініп
отырылған мәселені кешенді түрде шешуді көздейтінін есепке алдық.
Өйткені, бұл зерттеудің жалпығылыми ұстанымдарының бірі ретінде білім
беру жүйесінің тұтастығын, оның құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттестігін
көрсетеді.
Ұсынылатын модельде индивид (студент) пен әлеуметтік топтың
(отбасы) іс-әрекетінде материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және
рухани жағдайлардың жиынтығы деп түсіндірілетін әлеуметтік ортаның
элементтерінің маңыздылығы ескеріледі.
Әлеуметтік орта
бұл адамдар арқылы таратылатын қоғамдық қарым-
қатынастармен тұрақты байланыста болатын, олардың қалыптасуы, тіршілік
етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани)
жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).
Әлеуметтік макроорта экономиканы, қоғамдық институттарды, қоғамдық
сана мен мәдениетті, ал әлеуметтік микроорта отбасын, оқу, еңбек топтарын
қамтиды.
Сондықтан
ПЖОО
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік ортаның негізгі
компоненттерін
қарастыруда
отбасы-адамгершілік
құндылықтарды
қалыптастыруға тікелей әсер ететін базалық факторлар бөліп көрсетіледі:
- адамның жақын отбасылары, құрдастары, референттік топтарының
әсерін сипаттайтын микрофакторлар;
- отбасын тиімділендіру, тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен
айналысатын сан алуан түрлі білім беру және мәдени мекемелердің іс-
әрекетін қамтитын мезофакторлар;
- отбасының иесі ретінде адамның әлеуметтік-мәдени мәнінің дамуына
ықпал ететін мемлекет, этнос, қоғам, мемлекеттің матримональды, яғни
некелесуге байланысты дәстүрлер мен инновацияны ашып көрсететін
макрофакторлар.
Көптеген жастардың түсініктерінеде сыртқы орта факторларының
әсерінен отбасының, ата-ананың рөлі өзгергендіктен, олар отбасынан тыс
өмірлік маңызды мәселелердің жауаптарын іздестіруде.
Заманауи қоғамда білім беру жүйесі бірінші әлеуметтік институт
ретінде әлемге тұлғаны ендіру рөлін, ал білім жетекші функцияны атқарады.
Ол табиғат пен қоғам жөніндегі теориялық білім беріп қана қоймайды,
алдымен норма, ереже, қарым-қатынасқа үйретеді, әлеуметтік және мәдени
құндылықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін ересектік рөлге дайындайды.
Осы орайда, білім беруді П.Бурдьенің адам капиталы жөніндегі идеясы
тұрғысынан түсіну маңызды: білім адамның болашақ сұраныстарын немесе
алдағы табыстарын қанағаттандыру көзі болып табылады. Ол кәсіби білім
мен біліктілікті ғана емес, қарым-қатынасқа қабілеттілікті де қамтиды. Білім -
бұл болашақта сыйақы әкелетін капитал [190].
Міне, сондықтан да жоғары кәсіптік білім адамның қоғамға табысты
интеграциялануы үшін өте маңызды. Жас адам модернизацияланған
қоғамның нормаларын, дәстүрі мен дағдыларын меңгере отырып, өзінде
мінез-құлық (жүріс-тұрыс) үлгісін қалыптастырады, ол барлық уақытта
конструктивті бола бермейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде отбасына маңызды орын
берілетіні белгілі. Қазіргі қоғамдағы дағдарыстық құбылыстар қоғамдық
өмірдің негізгі саласы ретінде отбасына жағымсыз ықпалын тигізуде.
Құндылықтық ұстанымдардың модификациясына қарамастан отбасы
маңызды орынға ие болып қана қоймай, маңызды құндылық болып қала
бермек.
Жоғары оқу орнында білім алу студенттер өміріндегі кәсіби, сондай-ақ
тұлғалық өзін-өзі анықтауы айқындалатын маңызды кезең болып табылады.
Жоғары оқу орнында оқып жүрген кездерінде жалпы студенттердің 30%
отбасын
құрайды.
Осыдан
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру үдерісін мақсатты бағытта зерттеу ерекше
маңызға ие.
Құндылық адам үшін белгілі бір ақиқат құбылыстардың тұлғалық
мәнін бейнелейді. Ол тұлғаның мінез-құлқын және адамдардың өзара қарым-
қатынасын әлеуметтік реттеу факторы қызметін де атқарады. Студент өзінің
ішкі жан дүниесін сезінгенде құндылық мотивті тудырушы күшке ие болады.
Осы сәтте құндылықтар тұлғалық мәнге ие болып қана қоймай, ол
сенімділікке өтеді. Сондықтан тұлға сенімінің жиынтығы дүниетанымы
ретінде мотивациялық-ұстаным саласы болып қалыптасады.
Е.И. Зритневаның пікірінше, студент жастардың отбасылық өмірге
дайындығы тұлғаның отбасылық өмір салтына, ерлі-зайыптылыққа
эмоциялық-психологиялық қарым-қатынасын анықтайтын әлеуметтік-
психологиялық
ұстанымдар жүйесін қамтиды. Отбасылық өмірге
мотивациялық – құндылық тұрғысынан дайындығы тұлғаның гуманистік
бағыттылығынан көрінеді. Оның өлшемдік көрсеткіштеріне мыналар жатады:
отбасын құнды әлеуметтік институт ретінде жете ұғынуы; отбасы мен неке
құндылығын тұлғаның саналы түсінуі; отбасыішілік қарым-қатынастың
маңыздылығын мойындауы; отбасы иелері (ата-ана) мінез-құлқының
шығармашылық сипаты, ата-ана болу құндылығының тұлғалық мәнділігі
[191].
М.Г.Королев студенттердің әлеуметтік сапаларын, соның ішінде, ата-
ана болуға құндылық қатынасын қалыптастыруға баса назар аударады. Ол
жоғары оқу орнының білім беру ортасын құраушылар ретінде мыналарды
бөліп көрсетеді: педагог тұлғасы; тәрбие жұмыстары бөлімдерінің іс-әрекеті;
кураторлар институты; ЖОО мен студенттер отбасының арасындағы
ынтымақтастық; әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелері;
волонтерлік жұмыстар [192].
Біздің зерттеу контекстімізде ПЖОО студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтар жөніндегі дүниетанымы маңызды. Бұл студент
жастарға қатысты әлеуметтік мәселелерді жоғары оқу орны кеңістігімен
тікелей байланыста зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.
Осы орайда заманауи жоғары оқу орындарының жоғары кәсіптік білім
беру жүйесіндегі өзгерістермен сипатталатынын ескере отырып, студент
жастардың өмір сапасына ықпалдастық тұрғыдан әсер ететін белгілі бір
практикалық құрылымдық үдерістер өтетін ортаны «жоғары оқу орнының
кеңістігі» деп түсіндіруге болады.
Студент тұлғасын дамытатын білім беру ортасы сапасының
интегративтік өлшемі ортаның білім беру үрдісінің барлық субъектілерін
қамтамасыз ету қабілеттілігі тиімді тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамыту,
яғни орта субъектіге не ұсынады немен қамтамасыз етеді және сондай
мүмкіндіктерінің жүйесі болып табылады.
Сондықтан жоғары оқу орындарының білім беру және тәрбиелеу
кеңістіктерін студент тұлғасын қалыптастыру факторы ретінде қарастыру
және оны моделдеуде орта тәсілі маңызды болып табылады.
Ю.С.Мануйловтың пікірінше, орта - бұл
субъект ретіндегі материалдық
және идеалдық құбылыстар, сыртқы және ішкі, тұрақты және өзгермелі
жағдайлар, нақты жағдаяттар [193].
В.А.Козырев өз зерттеуінде «білім беру ортасын, көбінесе, нақтылы
білім беру мекемесінің қызмет етуі» деп түсіндіреді [194].
Біз қарастырып отырған ПЖОО студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру мәселесі қоғамдағы білім беру және отбасы
институттарының өзара байланысты әрекеттестігіне негізделеді.
Әлеуметтік құрылым қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі
құрылысы, белгілі шеңберде әлеуметтік топтардың, институттардың өзара
әрекеттестігі және олардың арасындағы қарым-қатынастардың реттелген
жиынтығы.
Жоғары оқу орындары кеңістігінің мамандандырылған кадрларды ғана
емес, сондай-ақ тұтас алғанда, қоғамның дамуына ықпал ете отырып, жас
адамдардың
адамгершілік,
отбасылық
қарым-қатынас
мәдениетін
қалыптастыру, студент жастардың социум үшін тиімді үлгіден ауытқуын
айқындау, бақылау, талдау мүмкіндігі бар. Біз зерттеу барысында модельді
жасау үрдісінің жоғарыдағы барлық логикасын басшылыққа алдық.
Сондықтан зерттеу барысында дайындалған модель қоғамдағы
әлеуметтік-мәдени өзгерістерге сай жаңартылып отырылу мүмкіндігі бар
ашық жүйе болып табылады. Бұл зерттелетін үдерістің бағыттылығын,
мазмұнын, стратегиялық және тактикалық мақсаттарын қамтамасыз етеді
және динамикалық педагогикалық жүйе ретінде (мақсаты, кезеңдері, бұл
үрдісті, нәтижені мазмұндық-технологиялық қамтамасыздандыру, үрдістің
тиімділігін бағалау өлшемдері) тұтастықта ұсынуға мүмкіндік береді.
Осыған
орай
зерттеуімізде
қойылған
міндеттерді
шешуде
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастырудың
Достарыңызбен бөлісу: |