Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет45/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

Орта деңгей 
- адамгершілік қағидалардың қалыптасуына жағымсыз әсер ететін 
тұлғалық-лайықты мотивтерді меңгерген. Отбасының әрбір адам мен қоғам 
өміріндегі маңызын жете түсіну көрсеткіші жеткілікті дамымаған, отбасылық 
құндылықтар жайлы түсініктері үстірт. Отбасының ұлттық және мәдени 
дәстүрін сақтаудың және нығайтудың қажеттілігін жете түсінеді, бірақ өзінің 
білімін өмірінде қолдана алмайды;
- отбасылық өмірге қажетті кейбір білік және дағдылары бар, бірақ 
отбасылық өмірдің адамгершілік-психологиялық негіздері жайлы білімі 
жеткілікті толық, жете ұғынылған және тұлғалық маңызды емес. Еліміздегі 
қазіргі отбасылық жағдай және демографиялық саясат туралы хабардар, 
маңызын түсінеді, бірақ некеге тұруға дайын емес. Бала туу және тәрбиелеу 
мәселелері жөніндегі білімі мен біліктілігі бірін-саран қалыптасқан; 
- экономикалық және шаруашылық біліктіліктер мен дағдылары 
шамалы қалыптасқан, ерекше ынта-ықылассыз үйдегі еңбек міндеттерін 
орындауда көрініс табады. Жеке жағдаяттарда отбасы ішілік қатынастарды 
реттеуге қабілеттілігін көрсетеді; отбасындағы кикілжіңде мінез-құлық 
(жүріс-тұрыс) стратегиясы мен тактикасын жеткіліксіз меңгерген. 
Жастардың бос уақытты өткізу жайлы түсініктерінің әртүрлілігі бос 
уақыттық 
іс-шараларды 
ұйымдастыру 
қажеттілігін 
жеткілікті 
қанағаттандырмайды. 
ПЖОО 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының 
қалыптасуының о
рта деңгейі
неке және отбасы жайлы жалпы түсініктердің 
бар екендігін сипаттайды. Бұл саладағы білімі мен біліктілігі толық емес, 
студенттер дербес емес, барлық уақытта шешім қабылдамайды, отбасылық 
құндылықтарды шамалы түсінуі отбасын құру үшін жеткіліксіз. 
Төмен деңгей 
- отбасының адамгершілік негізін жете түсінбейді. Жалпы алғанда 
«отбасына құндылық ретіндегі қатынас» ұғымы туралы шамалы түсініктері 
бар. Отбасының дәстүрі, нормалары және құндылықтары болуының 
қажеттілігін түсінуі төмен деңгейде дамыған;
- неке - отбасы қатынастары мәселелеріне қызығушылығы жоқ, отбасы, 
баланы дүниеге әкелу және тәрбиелеу жөніндегі білім қоры шамалы.
Әлеуметтік-құқықтық білімі, баланы өмірге әкелу және тәрбиелеуге 
дайындығы жоқ. Баланы өмірге әкелу және тәрбиелеуге қажетті 
педагогикалық білімді меңгеруге талпысыны жоқ; 


- экономикалық және шаруашылық біліктіліктер мен дағдыларының 
болуы жайлы түсінігі бар, бірақ оны үйдегі еңбекке қатысуда қолданбайды, 
өз отбасы мүшелеріне қамқорлығы жоқ. Отбасы ішіндегі қатынастарды 
құрудағы жауапкершілігін жете ұғыну дәрежесі әлсіз. Отбасында бос 
уақытты бірге өткізуге қызығушылығы жоқ.
 
ПЖОО 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының 
қалыптасуының т
өмен деңгейі 
үшін неке-отбасы саласындағы білімінің 
болмауы тән. Студенттер осы көрсеткіштер мәліметтерімен жеке ұғымдарды 
ажырата алады және ол туралы түсініктері отбасын құндылық ретінде түсіну 
үшін жеткіліксіз.
 
Моделдің құрылымындағы маңыздысы блоктар мен компоненттер, әр 
компоненттің мазмұнына сәйкес өлшемдерін
 
бөліп қарастырып, оның 
көрсеткіштерін 
эксперименттік-тәжірибе 
жұмысымызда 
дәлелдедік. 
Модельдегі белгіленген компоненттер, өлшемдер мен көрсеткіштер 
студенттердің өмірлік тәжірибесіне, кәсіби мотивациясына, жоспарларына, 
қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне негізделе отырып, олардың отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталады.
Әлеуметтік-мәдени орта тәрбиелік-білім беру кеңістігі, ол арқылы адам 
қоғамның мәдени қатынастарына белсенді енеді, мәдени іс-әрекет пен рухани 
практикада дербес тәжірибені меңгереді. Бұдан басқа әртүрлі жастағы 
жастарға кез келген мемлекеттік және халықаралық аренада сапалы білім 
беру ерекше рөл атқарады, ол біздің мемлекетің тұрақты дамуының маңызды 
көрсеткіші болып табылады.
Зерттеуімізде дайындаған моделдің құрылымындағы 
компоненттер 
(мотивациялық-мақсаттылық, рефлексивтік -іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелік) 
мазмұнға сәйкес 
өлшемдерін 
(дүниетанымдық, іс-әрекеттік, тәрбиелік-
білімділік), 
көрсеткіштерін 
(адамгершілік санасының қалыптасуы, отбасын 
құндылық ретінде жете түсінуі; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін 
сақтауы және нығайтуы; отбасымен, туыстарымен (тегімен) араласуы; 
отбасының шаруашылық-тұрмыстық, эмоционалдық және бос уақытты 
ұйымдастыру функцияларына негізделеді; тұрмысқа қажетті экономикалық 
және шаруашылық біліктіліктер мен дағдылардың болуы және оларды 
пайдалана алу қабілеті; отбасылық қатынастарды, отбасындағы кикілжіңді 
жағдаяттарды реттеу қабілеті, отбасылық мәселелерді шешуге белсенді 
қатысуы; отбасылық қызығушылықтарының ортақтығы; экономикалық, 
алғашқы әлеуметтік бақылау, тәрбиелеу, репродуктивтік салалары ретіндегі 
отбасы қызметтеріне сүйенеді; отбасы-неке қатынастары мәселесі жөніндегі 
білімді меңгеруі және толықтыруы; ерлі-зайыптылық және ата-аналық 
әлеуметтік рөлдерінің және жауапты ата-аналық гендерлік ұстанымының 
қалыптасуы; педагогикалық сауаттылығы, тәрбиенің озық тәжірибесі мен 
жаңа технологияларын меңгеруі, оларды іске асыруға дайындығы) 
эксперименттік-тәжірибе жұмысымызда дәлелдеуді талап етеді. Сонымен 
қатар
 
гуманистік құндылықтарға сәйкес отбасылық іс-әрекеттің тұрақты 
мотивтерін қалыптастыруды қарастырады. 


«Отбасы-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру -
отбасының 
әрбір мүшесінен өмір бойы үлкен шыдамдылықты талап ететін және өмірлік 
мәнді қарым-қатынас үдерісі», - деп анықтама береміз. Бұл педагогикалық 
жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы - адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыруда ғылыми-педагогикалық теорияларды зерттеудің нәтижесі 
деп қарастырамыз.
Қорыта келгенде, зерттеу барысында дайындалған педагогикалық 
жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы - адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделі теориялық талдауға 
сүйенеді, ал жүргізілетін тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі 
практикалық тұрғыдан сипаттамауға мүмкіндік береді. Педагогикалық 
жоғары 
оқу 
орындары 
студенттерінің 
отбасы 

адамгершілік 
құндылықтарының қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштерін және оның 
негізінде деңгейлері анықталады. Демек моделдеу педагогикалық шарттар 
кешенін жүзеге асуына студенттер өмірінің барлық саласын қамтитын 
технологияны дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен педагогикалық жоғары 
оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделінің дайындалуы 
тәжірибелік- эксперименттік жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтауға 
тиімді жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет