студенттердің неке-отбасы қатынасына дайындығын қалыптастырудың
әдіснамалық
негізін антропоцентрлік, тұлғалық-бағдарлық тұғырлар
құрайды, осыған сәйкес білімнің табыстылығының әлеуетті факторы ретінде
оған қатысушылардың субъектілік белсенділігін ашып көрсетеді [200].
Е.Н.Бородинаның отбасының рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру бойынша тұжырымдарына назар аударылды. Оның пікірінше,
бұл өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қалыптастыру және дамытудың
мақсатқа бағытталған үдерісі, оның нәтижесі маңызды дүниетанымдық
түсініктерді, отбасына, әлеуметтік-тарихи, діни дәстүрге
негізделген
қағидалар, нормалар, идеалдар, мақсаттарда рухани, адамгершілік басымды
ұстанымдарды қалыптастыру, отбасының құндылығын түсіну
болып
табылады [201].
О.Н.Гноева отбасының мынадай құндылықтарын қарастырады: жеке
тұлғаның жақындарының ортасында өзін-өзі таныта білуімен байланысты
құндылықтар; әке болу, ана болу қажеттілігіне қатысты құндылықтар;
сүйіспеншілік пен құрметке деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын
құндылықтар; қарым-қатынас жасау құндылықтары;
прагматикалық
қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік беретін құндылықтар [202].
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы -
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру индивидтің әлеуметтік орта мен
ересектердің тәрбиелік іс-әрекетінің ықпалымен отбасына деген жаңаша
түсініктердің пайда болуы, отбасы-адамгершілік құндылықтар белгілерін
меңгеруі үдерісі ретінде ұсынылады. Бірақ қалыптастыру үдерісінің бірсәттік
әрекет еместігін атап кету қажет, себебі бұл белгілі
бір мерзім аралығында
ұзақ уақытта өтеді. Демек бұл үдерістің соңғы нәтижесі ғана емес, белгілі бір
мерзімдік немесе кезеңдік нәтижелері жөнінде де түсініктерінің болуы
маңызды.
Осыған
орай
ПЖОО
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарының қалыптасу деңгейлерін анықтау мақсатында оны
зерттеуде өлшемдер мен көрсеткіштерді айқындау қажет.
Үшінші блок критерийлік – бағалау
деп аталады, оны бағалау –
нәтижелік компонентімен сипатталатын педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың
Достарыңызбен бөлісу: