Нишанбаева сабира зетбековна


өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері



Pdf көрінісі
бет42/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

 
өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері
 
құрайды.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
құрылымдық-
функционалдық моделінің бұл блогы мәліметтік, аналитикалық, бақылау 
және бағалау қызметін орындай отырып, студенттердің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының қалыптасу деңгейі туралы ақпарат алуын қамтамасыз 
етеді.
Алдымен педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарының қалыптасуын зерттеу үшін өлшемдері мен 
көрсеткіштерін анықтау қажет. Осы орайда педагогикалық әдебиеттердегі 
өлшемдерді жіктеу тәсілдеріне назар аударылады. Психологиялық және 
педагогикалық әдебиеттерге (В.И.Заявязинский, А.Я.Найн, А.М.Новиков, 


т.б.) сүйене отырып, «өлшем» мен «көрсеткіш» ұғымдарының мәнін анықтау 
қажеттілігі туындады.
Диалектикалық заңдылық бойынша өлшем ұғымы – философиялық 
категориялар құрамына кіреді. Оның өзіндік функциялары – сандық 
өзгерістерден сапалық өзгерістерге немесе сапалықтан сандық өзгерістерге 
ауысу заңдылығын көрсетеді. 
Бұл заң бойынша, қандай да болмасын объектінің сапасы мен сандық 
сипатының арасында терең байланыс бар. Себебі, сапалық өзгерістердің 
артуы сандық өзгерістердің ауысуын жетелейді. 
Мәселен, іс-әрекеттердің жекелеген жақтарының, үдерістің немесе 
шешімнің сандық сипаттамасы көрсеткіш бола алады.
Абсолютті көрсеткіш 
(саны, айналым, т.б.) және салыстырмалы көрсеткіш (негізгі және айналым 
қорларының, т.б. ара қатынасы) түрлеріне бөлінеді. Көрсеткіштердің 
көрнекілігін қамтамасыз ету және өзара байланыстарын айқындау үшін 
көрсеткіштер жүйесі жасалады. 
Демек, өлшемдер мен көрсеткіштер үдерістердің, диагностикалық 
әдістер мен бағдарламалардың мазмұнын анықтайды. Өлшем қандайда бір 
белгілердің айырмашылығын, ал көрсеткіш жекелеген сапалық және сандық 
өлшемдерді сипаттайды. 
Біздің 
пікірімізше, 
отбасылық 
адамгершілік 
құндылықтардың 
қалыптасу өлшемдеріне оның құрылымдық белгілерін алуға болады. 
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға 
отбасының функциясына жататын белгілерінің мазмұндық сипаттамасы негіз 
болады. 
Осы орайда, (М.С.Мацковский, Л.О.Володина) ұсынған отбасы 
функциясының жіктемесіне сүйене отырып, зерттелініп отырылған 
құбылыстың келесі өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды: 
Біріншісі өлшемі дүниетанымдық
- отбасының рухани қарым-қатынас, 
әлеуметтік-статустық саласы ретіндегі фукнцияларын сипаттайтын, ол үш 
көрсеткіштен тұрады: адамгершілік санасының қалыптасуы, отбасын 
құндылық ретінде жете түсінуі; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін 
сақтауы және нығайтуы; отбасымен, туыстарымен (тегімен) араласуы. 
Екінші өлшем іс-әрекеттік
деп белгіленеді, отбасының шаруашылық-
тұрмыстық, эмоционалдық және бос уақытты ұйымдастыру функцияларына 
негізделеді, оларға келесі көрсеткіштер енеді: тұрмысқа қажетті 
экономикалық және шаруашылық біліктіліктер мен дағдылардың болуы және 
оларды пайдалана алу қабілеті; отбасылық қатынастарды, отбасындағы 
кикілжіңді жағдаяттарды реттеу қабілеті, отбасылық мәселелерді шешуге 
белсенді қатысуы; отбасылық қызығушылықтарының ортақтығы. 
Үшінші өлшемі
тәрбиелік – білімділік 
деп анықталады, ол 
экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау, тәрбиелеу, репродуктивтік 
салалары ретіндегі отбасы қызметтеріне сүйенеді, олардың келесі 
көрсеткіштері бөліп көрсетіледі: отбасы-неке қатынастары мәселесі 
жөніндегі білімді меңгеруі және толықтыруы; ерлі-зайыптылық және ата-


аналық әлеуметтік рөлдерінің және жауапты ата-аналық гендерлік 
ұстанымының қалыптасуы; педагогикалық сауаттылығы, тәрбиенің озық 
тәжірибесі мен жаңа технологияларын меңгеруі, оларды іске асыруға 
дайындығы.
Отбасы-адамгершілік құндылықтарға мыналар жатады: сүйіспеншілік 
(рухани құштарлық, отбасы мүшелерінің бір-бірі үшін жауапкершілігі, 
моральдық тұрғыдан қолдау, адамгершілік сұлулық, өнегелік); сыйластық 
(тұлға ретінде тану, оның қызығушылығы мен абыройын құрметтеу, 
жақындарына эмоциялық-құндылықтық қатынас, еркіндік, әдептілік); 
тазалық, пәктік (сыпайылық, адалдық, әдептілік, өнегелік, ұстамдылық); 
мәдениет (мәдени-тарихи даму үдерісінде адамзат жасаған материалдық және 
рухани құндылықтар); жақсылық (ізгілік, мейірімділік, сезімталдық, 
кішіпейілділік, қайырымдылық); сенім (сенімділік, өзіндік талдау, рухани 
рефлексия, оптимистік, өмірге құштарлық). Осылардың ішінде отбасылық 
нормалар мен ереже - талаптар маңыздылығы жағынан ерекше орын алады. 
Олар отбасы мүшелеріне шынайылыққа бағдарлануға мүмкіндік береді, 
соның нәтижесінде әркім өз құқығы мен міндетін білгендіктен, отбасында 
тұрақтылық орнайды. Отбасылық нормалар мен талап-ережелердің 
сақталмауы отбасында бейберекетсіздіктің орын алуына алып келеді, ал бұл 
отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығына қауіпті болып саналады.
Сондықтан отбасы құндылықтары ашық түрде мақұлданып, кеңінен 
қолданылуы тиіс. Салт-дәстүрлер қайталанатын заңды әрекеттер, олар 
символдық мәнге ие, бұл отбасыны нығайтып тұрақтандырады.
В.Д.Шадриков жеке тұлғаны отбасының және өз халқының әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сақтай отырып, рухани тәрбиелеу 
қажеттілігін зерттеді. Оның пікірінше, адамилықты (руханилықты) 
қалыптастырудағы әдет-ғұрып күшінің мәні адамның адамгершілік ережен 
ғана емес, адамгершілікке толы әрекет ету тәсілін игеруі тіис. Біздің 
руханилығымыз ата-бабамыздан бастау алады [203].
Дәстүрлі отбасы құндылықтарының жіктемесі отбасы мүшелері және 
олардың әлеммен арасындағы қатынастың мазмұны, отбасы мүшелерінің 
өзара қарым-қатынасының негізгі бағыттары (ерлі-зайыптылар, туыстар мен 
балалар, туыстар арасындағы) отбасылық құндылықтарды құрайды деп 
тұжырымдауға мүмкіндік береді. Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру 
отбасының әрбір мүшесінен ұзақ мерзімде үлкен шыдамдылықты талап 
ететін өте күрделі үдеріс. Әрбір отбасы ерекше және қайталанбайды, 
дегенмен өзгеріске ұшармайтын бірқатар отбасылық құндылықтар бар олар: 
өзара түсінушілік, тусқандар мен жақындар арасындағы жағымды қарым-
қатынас, отбасы мүшелері арасындағы сенім мен сыйластық қарым-қатынас, 
кез келген уақытта көмек көрсетуге даярлық, отбасылық құндылықтарды 
сақтау. Отбасын құру үшін өзінде отбасылық құндылықтарды мәдениет, 
білім деңгейіне сәйкес дамыту, сонымен қатар өнегелік мінез-құлық (жүріс-
тұрыс) және іс-әрекет мотивацияны меңгеруі тиіс [204]. 
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарды нақты көрсетуі сыртқы өлшем, ал оған студент тұлғаның


психологиялық дайындығы ішкі өлшем болып табылады. Сондықтан ПЖОО-
ы студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын дамытуды төмендегі 
екі өлшемі
негізінде де бағалауға болады:
1. Ішкі дайындық өлшемдері – мотивациялық құраушылардан (отбасы 
отбасын құндылық ретінде жете ұғынуы, адамгершілік сана-сезімінің 
қалыптасуы; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін сақтауы және 
нығайтуы; отбасымен, туыстарымен (тегіне) араласуы; отбасы қызметін 
орындау талабын қабылдауға ішкі дайындығы, ата-аналық іс-әрекеттерге 
қызығушылық, іс-әрекетке талпыныс), танымдық құраушылардан (қойылған 
міндеттерді түсіну, ұйымдастырушылық іс-әрекет алгоритмдерін білу, алуан 
түрлі жағдаяттарда нәтижелі қарым-қатынас ережесін білу) тұрады.
2. Практикалық әрекет өлшемдері (жүзеге асырудың сыртқы өлшемі) – 
іс-әрекеттік құраушылардан (топтың отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қарым-қатынаста пайдалану біліктілігі, іс-әрекеттің нәтижелігі); тұлғалық-
ұстанымдық құраушылардан (топтың отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
игеруі) тұрады.
Жоғарыдағы сипатталған өлшемдердің барлығы да маңызды болып 
табылады. Бұл өлшемдер педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үдерісінің нәтижесін 
нақты объективті көруге мүмкіндік береді, бұл феномен студенттердің 
болашақ маман және ата-ана ретіндегі мінез-құлқынан, оның ұжыммен 
бірлескен іс-әрекетінен нақты байқалады.
Сонымен педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
өлшемдері 
мен 
көрсеткіштері анықталды (9-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет