3.
Ізгілік қағидасы
жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлықты
сипаттайды.
4.
Тиімділік қағидасы
осы үрдіске қатысушыларды ғылыми негізделген
таңдау жасауға және осы үрдісті ұйымдастыру нұсқасының осы шарттары
үшін ең негізгісін іске асыруға және уақытты үнемді жұмсауға бағдарлайды.
5.
Тұтастық қағидасы
педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісін
олардың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады.
6. Саналылық және белсенділік қағидасы
педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы
-
адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың белсенді формалары мен әдістерін таңдауға бағдарлайды.
7.
Серіктестік
қағидасы
студенттердің
ата-аналық
және
жауапркершілік рөлді саналы орындауға дайындығын қалыптастыру
бойынша
отбасылық
қатынастарға
қатысушылардың
іс-әрекеттерін
шоғырландыруды және интеграциялауды күшейтуге бағыттайды.
Отбасылық
тәжірибелерін
қарастыру
олардың
ұстанымдарын
анықтауға мүмкіндік береді. Барлық отбасының ұстанатын өзіндік
қағидалары, дәстүрлері бар және ол дәстүрлер белгілі бір құндылықтар
жүйесіне сүйенеді. Дәл сол құндылықтар арқылы отбасының қандай үлгіде
екенін анықтауға болады.
Сонымен құндылық адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын
рухани күш, көпшілік адамдар мақұлдайтын және барлық адамдарға эталон,
идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педагогикалық үдеріс бағытталған.
Отбасының жетістікте өмір сүруіне қатысты мәселелерге ер адам пен
әйел адам бірдей жауапты.
Қоғамда отбасының дамуына айқын тұрақтылық пен тепе-теңдік
беретін әлеуметтік тұрақты шамалар бар. Осындай тұрақты шамаларға өткен,
бүгін, болашақ арасындағы байланыстарды, ұрпақ жалғастығын жүзеге
асыратын әлеуметтік функциялардың ішіндегі маңызды қызметтерді
атқаратын отбасы жатқызылады. Мұнда индивидтің биологиялық тіршілік
иесінен әлеуметтік тұлғаға дейін қалыптасуы өтеді.
Екінші блок
–
ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік
, оған
рефлексивтік-
іс-әрекеттік компонент
арқылы ашып көрсетілетін жоо-ның ортасы, оқу-
тәрбие үдерісі мен оқудан тыс уақыттағы іс-шаралар, отбасылық қатынастар,
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін шарттар енеді.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студентерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісіне тікелей әсер ететін
әлеуметтік орта элементтері, олардың өзара әрекеттесу құрылымы енгізіледі.
Әлеуметтік микроортаның элементтеріне жататын негізгі факторлардың бірі
тұлғаға ықпал ететін – ата-ананың отбасы болып табылады. Отбасы жалпы
өмірмен, қуанышпен, қызығушылықтармен біріктірілетін ұжым. Отбасы
мүшелерінің бірлескен іс-әрекеті оның рухани негізі болып табылады.
Зерттеуімізде педагогикалық жоғары орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тұлғаның әлеуметтік ортадағы
өзара әрекеттесуі ретінде және жастардың отбасын құндылық ретінде жете
ұғынуы, неке және отбасылық өмір жайлы білімінің жеткілікті деңгейде,
өзінің отбасын құруды түсінуі тұрғыснан қарастырылады.
Отбасылық құндылықтарды қалыптастыруды индивидтің әлеуметтік
ортаның ықпалымен және ересектердің тәрбиелеу әрекетімен бөліп
көрсетілген
субъектілік
сапаларды
меңгеру
үрдісі,
ал
оның
қалыптасқандығын осы үрдістің нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Бірақ
қалыптастыру үрдісі сәттік акт емес, ол белгілі бір уақыт аралығында,
көбінесе жеткілікті ұзақ өтетінін ескеру қажет.
Сонымен бірге құрастырылатын модель педагогикалық шарттарды
жүзеге асыруға, нәтижесінде отбасы-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыратын білім беру - тәрбиелеу ортасын құруға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы тұғырлар мен қағидаларды есепке ала отырып,
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін шарттар дайындалады.
Шарттарды бірнеше топтарға топтастыруға болады, ол жөнінде келесі
параграфтарда жан-жақты қарастырылады. Педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары модельдегі қағидаларға сәйкес
жүзеге асырылады.
Демек соңғы нәтижесі ғана емес, бұл үдерістің аралық немесе кезеңдік
нәтижесі жөнінде түсініктері болуы тиіс. Сондықтан студенттердің отбасы-
адамгершілік құндылықтарының қалыптасу деңгейін мақсатты анықтау
керек.
Зерттеуімізде педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тұлға мен әлеуметтік
ортаның өзара әрекеттестігі ретінде қарастырылады. Ол студент жастардың
отбасын құндылық ретінде жете ұғынуымен, өз отбасын құруды саналы
түсінуімен, неке және отбасылық өмір жайлы жеткілікті білім деңгейінің
болуымен айқындалады.
Қазіргі заманғы ғылым отбасының құрылымын оны құраушы
элементтердің, атап айтқанда, жас ерекшелік және гендерлік топтардың, жеке
адамның
ынтымақтастығын
қамтамасыздандыратын
тәсіл
ретінде
түсіндіреді.
Бүкіл әлемдік қауымдастықта жастар әлеуметтік өзгерістердің маңызды
субъектісі ғана емес, сонымен қатар үлкен инновациялық күш әрі
стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады. Жастар қоғамдық өмірдің
тереңінде әрдайым біртіндеп болып жатқан өзгерістердің әлеуметтік
жиынтығы тәрізді: ол – шынайы ақиқатқа қатысты сын көзқарас пен көңіл-
күй, түбегейлі өзгерістер кезінде қажетті жаңа ойлар мен күш-қуат, сонымен
қатар, ақыл-ой талап-жігердің, шығармашылық қабілеттіліктің иесі болып
табылады, олар жаңа ойларды, ниетттерді, бастамаларды жүзеге асыруды
тездетуге көмектеседі. Жастар жас шамасымен ерекшеленетін айрықша
әлеуметтік топ ретінде мәдениет құндылықтарын әр уақытта өзінше
қабылдап, түрлі кезеңдерде жастар субмәдениетінің үлгілерін тудырып
отырады.
«Жастар» түсінігі кең мағынасында - топтық қауымдастықтың
жиынтығы, ол жастық белгілері және онымен байланысты негізгі іс-әрекет
түрлерінің негізінде құрылады. Қазіргі заманғы әлеуметтануда көбінесе
жастардың төменгі жас шегі 14-16 жас аралығын, ал жоғарғысы – 25-29 жас
аралығын қамтиды.
Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өз құрамы бойынша
біркелкі емес. Оның құрамында жасына қарай (жасөспірімдер, бозбалалар),
жынысы бойынша (ерлер, әйелдер), іс-әрекеті бойынша (оқитындар, жұмыс
істейтіндер), тұрғылықты орнына қарай (қалалық, ауылдық) әр түрлі топтарға
жіктелетіні белгілі.
Әлеуметтануда «жастар» ұғымы кеңінен қолданылады: жастар -
әлеуметтену сатысынан өткен, әлеуметтік тәжірибені меңгерген, есейген
жаста білімдік, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік қызметтерді
меңгерген адамдар. Нақты тарихи даму жағдайында жас өлшемдері 16-30 жас
аралығында өзгеріп отырылады (В.Т.Лисовкий) [196].
И.С.Кон одан да маңыздырақ анықтама береді: Жастар – әлеуметтік-
демографиялық топ, жас ерекшелік сипаттарының жиынтығы негізінде бөліп
көрсетілетін, әлеуметтік жағдайының ерекшеліктері сол әлеуметтік-
психологиялық қасиеттермен негізделген топ. И.С.Конның анықтамасынан
өмір циклі кезеңінің белгілі бір фазасы ретінде жастық шеңбері биологиялық
әмбебап, бірақ әлеуметтік статусы мен әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік-тарихи табиғаты бар және қоғамның
мәдениеті
мен
әлеуметтену
заңдылықтарына
байланысты
деп
тұжырымдаймыз [197].
Талдау нәтижесінде студенттік топтың мәнді белгілері төрт топқа
жіктеледі: құндылықты – мәндік (қызығушылық, әлемге көзқарастар, басқа
адамға құндылық қатынастың жалпыға ортақтығы, т.б.); пәндік-іс-әрекеттік
(бірлескен жасампаздық іс-әрекет, маңызды мәселелерді шешудегі
шығармашылық, топтық өмір сүру рефлексиясы, т.б.); коммуникативтік
(үнемі ақпарат алмасу, топ мүшесінің басқа адаммен әрекеттестігі, т.б.);
тұлғаралық қарым-қатынастық (өзара қолдау мен өзара көмек, өзара
түсіністік, сезімталдық және уайымдаушылық, т.б.).
Студент тұлғасының жоо-да білім алу кезеңдегі қалыптасу үдерісінің
психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін білу маңызды. Сонымен
қатар олардың белгілі бір қоғамдағы орны, рөлі, статусы (мәртебесі) бар
екенін мойындап және жастардың басым көпшілігі белгілі бір әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерімен анықталатын әлеуметтенудің кезеңі,
өзгеше фазасы ретінде қарастырылады.
Жастар санасының тұрақсыздығы мен қарама-қайшылығы тұлғаның
мәнез-құлық формасы мен іс-әрекетіне әсер етеді. Жастар санасының сипаты
бірқатар объективті жағдайлармен анықталады: біріншіден, заманауи
жағдайда тұлғаның әлеуметтенуі үрдісі күрделенді және ұзарды, соған сай
оның әлеуметтік жетілу өлшемдері басша болады; екіншіден, жастардың
әлеуметтік есеюі дербес факторлардың – отбасы, білім беру жүйесі, еңбек
ұжымы, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар қоғамы мен оның топтары
ықпалымен өтеді. Әлеуметтену адамның қоғамдық өмір және оны іске асыру
тәжірибесін меңгеруінің кең әрі көпжақты үрдісі ретінде әсіресе студенттік
кезеңде қарқынды жүреді.
Құндылықтар жүйесі индивид өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология
мен мәдениетті бейнелейді, адамның әртүрлі материалдық, моральдық, саяси
және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Құндылық бағдарды қалыптастыру ұзақ әрі күрделі үдеріс, оған көптеген
факторлар ықпал етеді, оны төмендегідей бөліп көрсетуге болады:
- Сыртқы факторлар (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени) тұтас
алғанда қоғамның дамуымен анықталады, өзінің логикалық дамуында
мақсатқа бағыттылық әрекетті талап етеді.
- Ішкі факторлар (жеке, тұлғалық, психологиялық-физиологиялық)
құндылық бағдарды қалыптастыру қоғамның базалық институты – отбасы
мен қоғамдық ұйымдар арқылы шешуді қажет етеді.
- Жүйетүзуші факторлар
,
олардың бірі – білім беру ортасы болып
табылады, оның мазмұны өскелең ұрпаққа берілетін құндылықтар жүйесінен
тұрады. Бұл ортаның негізгі бөлігі білім беру және тәрбиелеу мекемесі,
әлеуметтік институт, әлеуметтенумен бірге кәсіби қалыптастырумен арнайы
айналысатын – ПЖОО болып табылады. Жоғары оқу орны студенттің
құндылық бағдары жүйесіне әсер ету мақсатында әлеуметтік-мәдени ортаның
әлеуетін басқару мүмкіндігіне ие.
Әлеуметтендіру мәдени құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды
үйрену және жетілдіру үдеріс немесе қоршаған әлеуметтік ортаның адамның
бүкіл өмір барысындағы дамуына ықпалы. Сонымен бірге адамның өзі өмір
сүріп отырған қоғамына өзін бейімдеуі мен бейімделуі.
Достарыңызбен бөлісу: |