Суретте көрсетілгендей, модель тұтастай алғанда, ПЖОО-дағы оқыту
үдерісін
жетілдіруге,
соның
ішінде,
студенттердің
отбасылық
құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың
құрылымдық-
функционалдық м
оделінің үш блогы
бөліп көрсетіледі.
Бірінші
теориялық-әдіснамалық блокта
мотивациялық- мақсаттылық
компоненті
арқылы студенттердің отбасылық құндылықтарын қалыптастыру
мақсатына сәйкес осы үрдісті ұйымдастырудың тұғырлары мен қағидалары
анықталады.
Жалпы алғанда, тұғыр қойылған зерттеу міндеттерін шешудің негізгі
жолы, ал қағида педагогтың практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын
бастапқы ереже болып табылады.
Зерттеу барысында анықталған интегративтілік, функционалдық,
жүйелілік-құрылымдық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, құндылық, кешенді секілді
әдіснамалық тұғырлар (1.3 бөлімде) педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға негіз
болады.
Сонымен бірге зерттеуімізде белгілі дидакт Ю.К.Бабанскийдің оқыту
қағидаларын оқытудың мазмұнына, ұйымдастыруға және әдісіне қойылатын
талаптар жүйесін анықтайтын негізгі ережелер дей отырып, ұсынған
қағидалар жіктемесіне сүйенеміз [195].
ПЖОО
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыру үдерісін ұйымдастырудың бастапқы бағдары ретінде
төмендегідей қағидалар бөліп көрсетіледі, сондай-ақ, оларға мазмұндық
сипаттама беріледі:
1.
Ғылымилық қағидасы,
қарастырылып отырған мәселенің жетекші
ғылыми идеясын және базалық ұғымдарын ашып көрсетуге, сонымен бірге
отбасы-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда саналуан түрлі
фактілердің өзара әрекеттесу үдісінің педагогика ғылымындағы деңгейге
сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
2. Жүйелілік пен бірізділік қағидасы,
студенттердің отбасы-
адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыру
үрдісінің
тұтастығын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: