Нишанбаева сабира зетбековна


Кесте 7 - Отбасы функциясының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет33/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

 
Кесте 7 - Отбасы функциясының сипаттамасы 
 
№ 
Отбасы 
функциясы 
Жалпы сипаттамасы 
Автор 





Сүйіспеншілік Отбасында үстемдік ететін барлық 
қатынастардың 
өзегі 
болып 
табылады. 
Сүйіспеншілік 
отбасылық 
қатынасты 
құруда 
жетекшісі.
Н.Е.Щуркова
Э.Г.Эйдемиллер
В.В.Юстицкис 

Репродуктивті 
функция 
Екі ата-ана арқылы жаңа өмірді 
өндіру, яғни адамзаттың тұқымын 
жалғастыру, балалардың дүниеге 
келуі
Л.Б.Шнейдер 
И.В.Гербенников 
А.Г.Харчев 
А.И.Антонов 

Шаруашылық-
экономикалық 
функция 
Отбасы 
өмірлік 
құралдарды 
қоғамдық 
өндіруге 
қатысады, 
отбасында ересек мүшелерінің 
өндірісте жұмсалған күші қайта 
қалпына келеді, отбасы өзінің 
шаруашылығын жүргізеді, өзінің 
қаражаты болады, тұтынушылық 
іс-әрекетті 
ұйымдастырады, 
өмірдің 
материалдық 
құралдарымен өзін қаматасыз 
Е.Н.Щуркова 
Л.Б.Шнейдер 
И.В.Гребенников 
Э.Г.Эйдемиллер 
В.В.Юстицкис 


етеді. 

Білімдік-
тәрбиелік 
фунцкия 
(әлеуметтену) 
Баланың тұлғасын қалыптастыру, 
оның 
қабілеттерін, 
қызығушылықтарын 
дамыту, 
жинақталған 
тәжірибелерді 
меңгерту, 
дүниетанымын 
қалыптастыру, 
физикалық 
жетілдіру. 
Отбасы қоғамдық және жекелік 
бастау 
ретінде: 
баланың 
әлеуметтенуіне 
ықпал 
етеді; 
коммуникативтілік, 
ата-
аналықтағы 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру, 
баламен 
қатынасында, өзін және баланың 
өзін-өзі іс жүзінде танытуы 
Н.Е.Щуркова 
Л.Б.Шнейдер 
М.М.Плоткин
И.В.Гребенников 
Э.Г.Эйдемиллер 
В.В.Юстицкис 
А.Г.Харчев 
А.И.Антонов 

Коммуникативті
лік 
немесе 
қатынас 
функциясы
Бала қарым-қатынастың алғашқы 
тәжірибесін, сөйлеу дағдысын 
отбасынан алады. Тек отбасында 
бала өзінің мәселелері жайлы 
ата-анамен бірге талқылайды, 
түсіністік, қолдау табады. Ата-
аналардың балаларға қатынасы 
олардың 
интеллектуалдық, 
эмоционалдық, ерік-жігерінің 
дамуында ерекше маңызға ие.
Н.Е.Щуркова 
И.В.Гребенников 

Рекративтік 
немесе 
отбасының 
демалысы 
мен 
бос 
уақытын 
ұйымдастыру 
Бос 
уақытты 
ұйымдастыру 
саласында 
педагогикалық 
бақылау, бос уақытты пайдалы 
ұйымдастыру 
Н.Е.Щуркова 
Л.Б.Шнейдер 
И.В.Гребенников 
А.Г.Харчев 
А.И.Антнов 

Рухани 
байланыс 
Отбасы мүшелерінің тұлғалық 
дамуы, 
рухани 
байланыс 
шығармашылық бастау, ар-ұят, 
намыс, ұждан, сананы жүзеге 
асырады, 
оның 
бұл 
педагогикалық қызметін түсіну 
қазіргі заман жағдайында өте 
маңызды және ерекше.
М.М.Плоткин 
Э.Г.Эйдемиллер 
В.В.Юстицкис 

Шығармашылық 
дамыту 
функциясы 
Отбасы 
шығармашылық 
күштерін 
және 
жеке 
қабілдеттерін дамыту кеңістігі, 
өйткені онда адам аса еркін, 
Н.Е.Щуркова 


сүйспеншілікке бөлеген және 
қолдау табады. 

Регенеративтік 
функция 
Тұқымқуалашылық 
мәртебе, 
фамилия, 
мүлік, 
әлеуметтік 
жағдайымен байланысты 
Л.Б.Шнейдер 
10 
Эмоционалдық 
функция 
Отбасындағы 
эмоциялық-
адамгершілік 
ахуалдың 
тұрақтылығы, эмпатия, баланың 
психологиялық-педагогикалық 
қолдау және қорғаныш табуы 
М.М.Плоткин 
Э.Г.Эйдемиллер 
В.В.Юстицкис 
11 
Психологиялық 
-терапевтикалық 
функция 
Бұл функция некенің сәттілігі 
немесе сәтсіздігіне тәуелді, яғни 
жақын эмоциялық қатынастың 
тұрақтылығына байланысты. 
Л.Б.Шнейдер 
Кестеде 
көрсетілгендей, 
ғалымдар 
еңбектерінде 
отбасының 
функциясының бірдей жіктемесі жоқ екендігі байқалады. Әртүрлі авторлар 
өзінің коцептуалды моделіне, ұғымдарына сүйене отырып, функциялар 
жиынтығын ұсынады. Көптеген авторлар баланың дүниеге келуі мен 
тәрбиесі, рухани жетілдіру, эмоционалдық қорғау, психологиялық қолдау 
секілді отбасының 5-6 функциясын өзара байланыста қарастырады. Бірақ 
олардың әрқайсысы аксиологиялық әлеуетке ие және қазіргі заманның 
студент жастарының өмірлік қажеттіліктері бола алады.
В.Т. Лисовский отбасы өзіндік ерекше белгілерге ие дей отырып, 
төмендегілерін бөліп көрсетеді:
- барлық мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынасының жағымды 
эмоциялық бағыттылығы; 
- отбасылық қауымдастықтың ұйымшылдығы, оның мақсаттыр мен 
міндеттерінің бірегейлігі; 
- отбасылық қауымдастың жынысы, жасы, жеке қажеттіліктері, кәсіби 
қызығушылығы, әлеуметтік статусы бойынша көптүрлілігі; 
- ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалардың барлық уақыттағы 
тұрақтылығы мен тікелей отбасы ішілік байланысы; 
- баланы тұлғалық дамытуға икемділігі: өзін және басқаны адекватты 
қабылдау және түсіну біліктілігі; өзін тұлға ретінде таныту қабілеті; өзінің 
жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін 
көрсетуі; нақты жағдайларда басқа адамдармен әрекеттесу біліктілігі; басқаға 
ықпал ете білуі; жақын адамдарды құрметеуі және сенім білдіруі; өзіне 
сенімділігі [159]. 
Отбасы тұлғалық және қоғамдық құндылық ретінде белгілерге ие бола 
отырып, адамзаттық өзара қарым-қатынас саласының объективті шынайы 
жағы болып табылады. Ол тұлғалық және қоғамдық санада ерекше мәнеге ие. 
Жастардың отбасын құндылық ретінде қабылдауы отбасы мүшелерімен 
қарым-қатынаста қажеттіліктерін жүзеге асыруына және өзін мүшесі ретінде 


сезінуіне, отбасының құндылықтарына сәйкес дайындығының болуына, 
уақытты бірге өткізуге қанағаттануына, мінез-құлқының тұрақтылығына 
байланысты. Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын 
жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін 
қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік 
объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды 
құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында, 
сондай-ақ 
тәрбие 
тұжырымдамасында құндылықтар (адам, отбасы, Отан, туған өлке 
денсаулық, салауатты өмір салты, еңбек, білім, Мәдени мұра, тіл, достық ) 
белгіленген.
Отбасы өз-өзіне жеткіліктілік қағидасын жүзеге асыруға ұмтылған, бұл 
сапа оны адамның әлеуметтік тіршілігін қамтамасыз ететін, өзара әрекет 
үрдісінде бұл сапалар бір - біріне ауысқанда, биологиялық және әлеуметтік-
адамгершілік жиынтығын іске асыратын негізгі институт ретінде 
қалыптасуына мүмкіндік береді.
Сонымен, отбасының типтері мен функцияларын талдау отбасын 
әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажеттігін көрсетеді.
Отбасы 
тәрбие 
берудің 
басты 
институты 
және 
тұлғаны 
қалыптастырудың маңызды ортасы ретінде халықтың әлеуметтік өсуіне ғана 
емес, оның белгілі бір өмір салтының жаңғыруына жауап береді. Қоғамдық 
қатынастардың дамуы, халықтың топтарға бөлінуі мен ғылыми-техникалық 
прогресс 
отбасы 
педагогикасының 
балалар 
тәрбиесіндегі 
рөлінің 
айтарлықтай төмендеуіне алып келді.
Дегенмен, тәрбиелік қызметтің төмендеуі тұлғаны қалыптастырудағы 
отбасының басымдығын жоққа шығара қоймады. Сондықтан балалы отбасы 
құндылығының төмендеуі, баланы отбасының өзегі ретінде қарастырудан бас 
тарту факторлары қарастырылады.
Отбасы кез келген дағдарыс және әлеуметтік күйзеліс жағдайында 
тарихи контекстте қоғамдағы көпдеңгейлі тұлғааралық қатынасты реттейтін, 
тұлға мен қоғамның әрекеттесу формалары жүйесінде «ұйымдастырушы» 
рөлін орындайтын тұрақты әлеуметтік институт болып қалады.
Отбасы бірегей тұрмыс тіршілік және өзара жауапкершілікпен 
байланысқан, неке мен қандас туыстыққа негізделген адамдар бірлестігін 
құрайды. Және отбасы әлеуметтік институт ретінде оның мүшелері 
арасындағы өзара қарым-қатынасты белгілейтін, отбасынан тыс сан алуан 
түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайтын әлеуметтік нормалар, мінез-құлық 
(жүріс-тұрыс) үлгілері жиынтығын тасымалдаушы. Рөлдерді бөлу отбасының 
рөлдік құрылымын сипаттаудағы маңызды мәселе болып табылады. 
Отбасы құқығы тұрғысынан екі үлкен топқа бөлінеді: бірінші топтағы 
ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас қоғаммен мойындалған (некесі 
қиылған), екіншісінде ондай қарым-қатынас (жас адамдардың некеге дейінгі 
қатынасы) жоқ. Сондықтан «отбасының құндылығы» көп мағыналы ұғым 
ретінде қарастырылады, оған белгілі мәдениет немесе қоғам аясындағы 
адамның салыстырмалы мінез-құлық моделінің жалпы қағидасы енеді, 


әлеуметтену үрдісі арқылы индивидтің сенімінде отбасы оның өмірінің мәні, 
маңызы және эталоны ретінде қалыптасады.
Отбасы тәрбиелеуші ұжым ретінде келесі құндылық бағдарламаны іске 
асырады: 
- құндылық азаматтық тәрбиенің бастауы ретінде отбасылық дәстүр, 
аға ұрпақ тәжірибесі, табиғатқа және туған өлкесіне сүйіспеншілік қатынасы 
негізінде азаматты тәрбиелеу; 
- отбасылық міндеттер, ынтымақтастық, жасампаздық негізінде 
еңбексүйгіш тұлғаны (еңбекқорды) тәрбиелеу. Отбасында баланың алғашқы 
еңбек біліктілігі мен дағдысы қалыптасады, ұқыптылық, еңбек мәдениетін 
үйренеді; адалдыққа, жауапкершіліке тәрбиеленеді. Дұрыс ұйымдастырылу 
барысында отбасының барлық өмірі тиімді еңбек тәрбиесі ретінде қатысады; 
- отбасының иесін, болашақ ата-ананы тәрбиелеу; 
- толыққанды балалық пен денсаулықты қамтамасыз ету, онсыз 
баланың қалыпты психологиялық дамуы, болашақтағы жұмысқа қабілеттілігі 
мен отбасылық бақыты мүмкін емес.
Отбасын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан отбасы 
мүшелерінен, тұрмыстық және екі жақты моральдық жауапкершілік пен
халықтың 
физикалық 
және 
рухани 
жаңғыруындағы 
қоғамдық 
қажеттіліктерге негізделген әлеуметтік қажеттіліктен тұратын тарихи 
сипатқа ие белгілі бір ұйым, кіші әлеуметтік топ ретінде сипаттауға болады 
(А.Г.Харчев). 
Отбасы басты әлеуметтік институт ретінде қоғамның «элементарлық 
бөлігі» болып табылады. Ерекше жеке бөлігі бола тұра отбасы белгілі бір 
әлеуметтік ортамен тығыз байланысты және оған тәуелді болады. Отбасында 
қоғамдық өмірдің барлық негізгі жетістіктері, қиындықтары мен қарама-
қайшылықтары көрініс табады. Сонымен қатар, отбасы қоғамның өміріне 
әсер етеді, адамның жаңғыртылу үдерісі мен ұрпақ жалғастығында шешуші 
рөлді, балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесінде, тұлғаның физикалық және 
рухани дамуында үлкен міндеттерді атқарады.
Сонымен отбасын әлеуметтік институт, кіші әлеуеметтік топ, 
әлеуметтік ұйым ретінде қарастыра отырып, олардың мынадай маңызды 
сипаттамаларына назар аударылды:
- отбасы типологиясы (патриархалды; заманауи (ұжымдық, жекелік); 
альтернативті формалары (гомосексуалды, ашық неке, топтық неке);
- сандық құрамы (моногамиялық және полигамиялық: полиандрия 
(біреркек) және полигиния (көпәйел). Ұрпақ саны бойынша: күрделі 
(кеңейтілген) және қарапайым (нуклеарлық) отбасы;
- отбасының функциясын анықтайтын (репродуктивті, тәрбиелік, 
шаруашылық-тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау, 
рухани қарым-қатынас саласы, әлеуметтік-статустық, бос уақытты 
ұйымдастырушылық, эмоционалдық, сексуалдық) рөлдік құрылым (тұрмыс-
тіршілікті ұйымдастырушы, үй иесі, балаларды тәрбиелеуші, асыраушы, 
қамқоршы).


Қазіргі заманғы психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде 
отбасының бірнеше түрлері кездеседі. Соның ішінде, ресей ғалымдары 
Прохорова О.Г., В.С.Торохтий келесі белгілері бойынша отбасының 
жіктемесін ұсынады: 
- бала санына қарай: перзентсіз немесе инфертилді отбасы, аз балалы, 
көп балалы; 
- құрамына қарай: толық емес, жеке, қарапайым немесе нуклеарлы, 
қиын (бірнеше ұрпақтан тұратын отбасы), үлкен, аналық отбасы, қайталанған 
некедегі отбасы;
- құрылымына қарай: бір некелік жұп балаларымен немесе перзентсіз, 
жұптардың біреуінің ата-анасымен және басқа туысқандарымен, екі немесе 
одан да көп некелік жұптарбалаларымен немесе перзентсіз, анасы (әкесі) 
балаларымен, ата-аналардың біреуімен және басқа туысқандармен және т.б 
отбасылар; 
- отбасындағы көшбасшылық құрылымына қарай: эгалитарлы 
(демократиялық) және дәстүрлі (авторитарлы); 
- отбасылық тұрмыс, отбасылық әдет-ғұрпына қарай: алданыш отбасы, 
детоцентристік типтегі отбасы, спорттық топ немесе пікірталас клубы 
түріндегі отбасы; комфорттық жағдайды, денсаулық және тәртіпті бірінші 
орынға қоятын отбасы; 
- халыққа, білім беру деңгейіне, мамандыққа және т.б.тәуелді 
әлеуметтік құрамның біркелкілігіне қарай: әлеуметтік-гомогенді (біркелкі) 
және гетерогенді (біркелкі емес); 
- отбасы өтіліне қарай: жастар, жас отбасы; бала күтіп жүрген отбасы; 
орташа жұптық жастағы отбасы, үлкен жұптық жастағы отбасы, кәрі 
отбасылық жұп; 
- отбасындағы қарым-қатынас сапасы мен атмосферасына қарай: сәтті, 
тұрақты, сәтсіз, педагогикалық әлсіз, тұрақсыз, дұрыс ұйымдаспаған; 
- географиялық белгілеріне қарай: қалалық, ауылдық, бөлектенген 
отбасы (алыс аудандарда тұратындар); 

тұтынушылық 
мінез-құлық 
түріне 
қарай: 
тұтынудың 
«физиологиялық» типіндегі отбасы, тұтынудың «интеллектуалдық» типіндегі 
отбасы, тұтынудың аралық типіндегі отбасы; 
- отбасылық өмірдің ерекше жағдайларына қарай: студенттік, 
«дистанттық», «некесіз»; 
- бос уақытты өткізуіне қарай: ашық және жабық (үй ішілік бос 
уақытқа бағдарланған); 
- әлеуметтік мобильдігіне қарай: реактивті, орташа белсенділіктегі 
отбасы және белсенді отбасы;
- бірлескен іс-әрекеттікөшірмелеу дәрежесіне қарай: дәстүрлі, 
ұжымдық және индивидуальдық; 
- психикалық денсаулық күйіне қарай: дені сау отбасы, невротикалық, 
виктимогенді [160].
Ғылымда 
диалектикалық-материалистік 
тұрғыларға 
негізделіп, 
құндылықтардың үш формасы бөліп көрсетіледі: қоғамдық өмірдің әртүрлі 


саласындағы артибуттар жөніндегі түсініктерді құрайтын, қоғамдық санадан 
туындаған мұрат (идеал) ретінде қатысады; қоғамдық идеалдармен нақты 
іске асырылатын материалдық және рухани мәдениет немесе адамзаттық 
әрекет түріндегі объективті формада ұсынылады; жекелік тіршілік тұлғалық 
құндылық формасында тұлғаның психологиялық құрылымына енетін, оның 
мінез-құлқы мотивациясының көзі болып табылатын әлеуметтік-маңызды 
құндылықтар [161].
Құндылық 
бағдар 
психологиялық 
феномен 
ретінде 
әртүрлі 
компоненттерді белгілі бір жүйеге байланыстырады. Құндылық бағдар 
болашақ маман тұлғасы құрылымының жоғары деңгейі болып табылады, ол 
өзіне әлеуметтік бағдарларды енгізіп, айналадағы ақиқаттың әлеуметтік 
мағыналы құбылыстарына сәйкес әрекеттенуін білдіреді. Оның басты 
ерекшелігі студенттің мінез-құлқын реттеуге және іс-әрекеттің белгілі бір 
жағдайларында әлеуметтік белсенділігін жоғарлатуға қабілетті.
Әлеуметтік өзгерістерге байланысты қоғамның да, жеке тұлғаның да 
құндылық бағдары өзгеріп отырады. Бірақ ғасырлар бойы адамзаттың 
дамуына бағдар беріп келе жатқан гуманизм, адалдық, адами борыш, парыз, 
табиғатты қорғау, сұлулық сезімдері сияқты мәңгілік құндылықтар тұлға 
мәдениетінің негізін қалайтын іргетасы болып қала бермек. Олай болса, 
ұлттық құндылықтардың мәні жеке тұлға ретінде студенттің іс-әрекетінің 
өзіндік ерекшелігімен, әлеуметтік маңызымен анықталады.
Жалпы құндылық бағдарға қоршаған орта, адамның негізгі іс-әрекеті де 
үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан құндылық бағдар біріншіден, адам 
белсенділігіне түрткі болатын реттеушілік; екіншіден, адамның өмірлік 
мақсаттарының ішкі қайнар көзі қызметтерін атқарады.
Демек құндылық бағдар студенттің бүкіл өмір әрекеттерін, әлеуетін, 
бүкіл ішкі мотивтері мен ұмтылыстарын толығымен ашу арқылы көрінетін 
өмірлік талпынысы. Ол адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ғана емес, оның 
әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі анықтауы кезіндегі іс-
әрекетін саналы ұйымдастыруына да ерекше әсер ететін құбылыс.
Қоғам дамуының заманауи кезеңі отбасын құру және оны сақтау үшін 
кез келген адамның адамгершілік жауапкершілігін арттыруда. Жыл сайын 
көптеген неке тіркеледі, бірақ барлық отбасы өмірлік сынақтан ойдағыдай 
өте бермейді. Осындай жағдайлардың негізгі себептерінің бірі отбасын 
құруға және некеге тұруға дайындықтың болмауы, отбасылық қарым-
қатынас саласынан элементарлық білімнің жеткіліксіздігі, отбасы мен 
некедегі әлеуметтік рөлін дұрыс түсінбеуі болып табылады.
Осыдан студент жастарды некеге тұруға дайындау әлеуметтік тәрбие 
үдерісінің маңызды компоненті болуы тиіс. Мұндай дайындыққа 
психологиялық тұрғыдан жетілгендіктен, студент жастар мұқтаж. Бұл жаста 
өмірлік жарының идеалды бейнесі қалыптасады, жоспар құрады, өз отбасын 
құрайды. 
Жоғары оқу орнының әлеуметтік ортасы қазіргі заман жағдайында 
студент жастардың көзқарасы мен мінез-құлқын түзетуге үлкен әсерін 
тигізеді. Сондықтан некеге, отбасын құруға, отбасы-адамгершілік 


құндылықтарын қалыптастыруға позитивті көзқарастарын қалыптастыру 
үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
Қорыта 
келгенде, 
отбасын 
зерттеудің 
тұғырлары 
мен 
тұжырымдамаларын талдау өткен және қазіргі заман зерттеушілерінің 
отбасының мәнін әртүрлі тұрғыдан түсінгенін және түсіндіргенін, бірақ соған 
қарамастан, барлығына ортақтық - отбасының: біріншіден, әлеуметтік-құнды 
феномен, адамзаттық тұрмыс-тіршіліктің объективті формасы ретінде
екіншіден, қоғамдық тәртіп қалыптасқан негіз ретінде; үшіншіден, 
отбасының тарих барысында қоғаммен бірге әрекет еткен, бірге дамыған 
қоғамдық дамудың өнімі ретінде мойындалуы. Нақты отбасының 
құндылығын оның мәдениеті анықтайды. Отбасы мәдениеті материалдық 
және рухани құндылықтар жиынтығынан тұрады, ол тарихи дамудың 
нәтижесі болып табылады.
Сондықтан әдіснамалық тұғырларды бөліп көрсету бұл саладағы өзекті 
мәселелерді иерархиялық ретімен белгілеуге, осы зерттеу мәселесін шешудің 
стратегиялық мен тактикасын айқындауға, тәжірибелік жұмыстың 
нәтижелерін болжамдайды. Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі 
заманғы әлеуметтік - мәдени өзгерістер жағдайында студенттердің отбасы - 
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
функционалдық-
құрылымдық моделін жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет