Образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата20.12.2023
өлшемі476,25 Kb.
#198186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Лирикалық образ
сезіммен өріліп, оймен 
мазмұндалған өлең-жырлардағы ақын бейнесі. 
Объективті өмір құбылыстары әсерінен туын-
даған ақынның субъективті көңіл-күйі мен 
ішкі сырын, сезім-түйсігі мен көркем танымын 
бейнелейтін поэзияда ақын тұлғасы лирикалық 
кейіпкер ретінде көрінеді. Ақын ең алдымен өз 
жайын, мұңын, арманын, ой-сезімін жыр етеді.
Менің өлең өмірім –
Менің мәңгі үлесім.
Біресе мұң, біресе үн...
Қуанышым, махаббатым, қызығым,
Қылдай үміт, қымбат тілім, күресім, –
деп жазған ақын К. Ахметованың осы өлең 
шумағы поэзия мен лирикалық кейіпкер 
табиғатын танытып тұрғандай.
Лирикалық кейіпкер ақынның әр өлеңде әр 
қырынан, әртүрлі көркемдік тәсілдер арқылы 
нақтылы көрініс табады. Сондықтан оның 
толыққанды, тұтас тұлғасын көптеген өлең-
жырларынан ғана айқындай аламыз. Лирик-ақын 
қоғам, уақыт, адам туралы толғанғанда «мен», 
«біз» дей отырып, сол ортаның өкіліне айналып 
заман, дәуір келбетін де танытады. Қоршаған ор
-
тада болып жатқан құбылыстарды, жалпы адам
-
зат мәселесін, көптің тағдырын, қоғам, заман 
жайын сөз етеді. Кез келген сезіну мен толғаныс 
лириканы тудыра бермейтіндігін де ескер
-
ген жөн. Әлеуметтік, қоғамдық, моральдық-
философиялық мәні бар толғаныстар ғана 
нағыз лириканы тудырады, ақынды лирикалық 
қаһарман
 
деңгейіне көтереді. «Әдебиеттану 
терминдер сөздігіндегі» анықтамаға жүгінсек, 
лирикалық қаһарман – ақын бейнесінің оның 
шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға 
ретінде көрінуі. Лирикалық қаһарманның 
басты ерекшелігін айқындайтын ақынның 
қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеалдары, 
өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын 
өзінші түсініп-сезінуі. (Әдебиеттану. Терминдер 
сөздігі, 1998: 218) Төмендегі жыр жолдарына 
ден қоялық:
Жүрегімде уақыттың сызы бар,
Ой-санамда ғасырлардың ізі бар.
Ұлы дала...
Ұлы таулар...
Тұмарым,
Тұмарыма Батыс, Шығыс «қызығар»...
(Н. Оразалин)


120
Көркем образ поэтикасы
Сезімнің тілмен төгіп кестелерін,
Ғасырдан ғасырларға
Көшті өнерім.
Ұлтымның ар-таңбасы ана тілім,
Тіл өшпесе,
Менің де өшпегенім! 
(М. Айтқожа)
Түтінін түздегінің түзедік қой,
Аңсаған азаттықты біз едік қой.
Далама айбын бітіп, дәулет орнап,
Тұрады азым көпке тізе бүкпей.
(К. Ахметова)
Лирикалық қаһарманның арман-аңсары, 
мақсат-мұраты, асыл ойлары халықтық, ұлттық 
мұраттармен тұтастықта патриоттық, асқақ 
сезіммен әсерлі беріліп отыр. Бұл жырлардағы 
ақынның көңіл-күйін қоғамдық көңіл-күйдің 
бейнесі десек те болады. Халық көкейіндегі ойды 
айту, көпшілік атынан сөйлей білу лирикалық 
қаһарманға тән басты сипат. Ақынның 
лирикалық қаһарман деңгейіне көтерілуі үлкен 
мәртебе.
Драмалық образ
– сахнада өз сөзі мен қимыл-
әрекеті арқылы эмоциялық жай-күйі мен
 
мінез 
ерекшелігін танытатын
 
көркем бейне. Драмалық 
шығармаларда кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, 
ішкі сезімдеріне ерекше назар аударылады. 
Драмалық образдың характері кейіпкерлердің 
тілі (диалог, монолог, полилог) мен тартыс 
үстінде ашыла түседі. Кейіпкерлердің сөзі жеке-
дара айтылғанмен, композициялық құрылымы 
тұтастық құрайды. Драмадағы оқиға, тартыс, ха
-
рактер – бәрі де осы образдың іс-әрекеті мен сөзі 
арқылы танылып, көрерменді алуан түрлі әсерге 
бөлейді. 
Драмалық образдың жасалуы сахнада сом
-
далуына қатысты болғандықтан, оны «сахналық 
бейне» деп те атайды. Өйткені ол тек сахнада, 
актерлардың рөлді ойнау шеберліктерінен туын
-
дайды. Осы тұста 1964 жылы Қазақ академиялық 
драма театрында Ш. Айтматовтың «Құс жолы» 
повесі бойынша сахналанған «Ана – Жер-ана» 
(режиссері Ә. Мәмбетов) қойылымының табыс-
ты болуының себебі – драмалық образдардың 
шебер сомдалуында болғанын айтсақ бо
-
лады. Осы трагедияда Толғанай образын 
сахналаған Сәбира Майқанова соғыс жылда
-
ры жары мен ұлынан айрылып қайғыдан қан 
жұтқан ана бейнесін ойнап қана қоймайды, сол 
кейіпкермен тұтастай кірігіп, образға мүлде 
еніп кеткенін көрермендердің жанарына жас 
тұнып қабылдауынан байқауға болады. Жалпы 
драмалық образ осылай жан дүние толғанысын 
бере алуымен құнды. Драмалық образдың эсте-
тикалық та, тәрбиелік мәні де осында.
З. Қабдоловтың «драмалық образдың бір 
кемшін жері эпикалық не лирикалық образдар 
секілді кітап бетінде бар қасиетін сақтап қалып, 
мәңгі өмір сүре алмайды; әр образ өзін жасаған 
актермен бірге кетеді, көрген адам санасында тек 
әсері мен елесі ғана қалады», (Қабдолов, 1992: 
121) – деп сипаттауы бұл образдың табиғаты мен 
ерекшеліктерінің тағы бір қырын байқатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет