118
Көркем образ поэтикасы
леу, суреттеп ойлау» (Байтұрсынов, 2013: 154),
сондай-ақ «неғұрлым жазушы қиялға бай бол
-
са, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарма сөзі
пікірлі, әсерлі болып шықпақ» (Байтұрсынов,
1989: 149). Демек әдебиетте шындық пен ойдан
шығарудың бірлігін
танытатын көркемдік ой
-
лау мен қиялдың эстетикалық мәні аса маңызды.
«Көркем ойдың өткірлігі, тартымды бейнелігі,
эстетикалық сезімнің нәзіктігі, суреткерлік
шеберлік ұштасып келіп,
шығармада терең
мазмұн мен келісті түр, жарасымды бірлестік
тапқанда ғана нағыз көркемдік келіп шығады.
Ойдың сонылығы, сезімнің әсерлігі әр сөзге өң
беріп, ажарландырып, бейнелілік сипатын арт
-
тыра түседі». (Әдебиеттану. Терминдер сөздігі,
1998: 196) Суреткердің көркем ойлауы мен қиял
ұшқырлығы көркем образды жасау шеберлігінен
көрінеді.
Көркемдік қиял мен көркем ойлаудың образ
жасаудағы қызметі зор. Өнерде өмірді көркемдеп
бейнелеу образ бен суретті сөз арқылы іске аса
-
ды. Көркем әдебиеттің өмірді суреттеуінің бас-
ты тәсілі – образ бен образдылық.
Достарыңызбен бөлісу: