Образдың объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық аспектілері қарастырылады



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата20.12.2023
өлшемі476,25 Kb.
#198186
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Романтикалық образ
– ішкі әлемі ынтызар-
лық пен қайшылыққа толы, ерекше болмысы
-
мен дараланатын әдеби қаһарман. Ол – тосын 
жағдайларда ерекше характерімен танылатын 
күрделі образ. Романтикалық образға мынадай 
қасиеттер тән: 
– айқын көрінетін даралық;
– тағдыр қайшылықтарына қарсы тұра 
білетін, қоршаған ортасы мен қоғамға наразылық 
білдіре алатын күрескерлік;
– күнделікті күйкі тіршілікке қанағаттанбау;
– асқақ идеалға ұмтылу, құштарлық;
– қиялшыл, арманшыл;
– бүлікші-батыр т.б.
Романтикалық кейіпкер айналасындағы 
ортаға қарсылық тудырады, ол жеке адамдармен 
емес бүкіл әлеммен қақтығысады. Романтикалық 
кейіпкердің қайшылықтарға толы ішкі әлемін 
суреттеу үшін оның рухани, психологиялық 
өмірін бейнелеуге баса назар аударады. Ондағы 
романтикалық сана күнделікті қалыпты өмірге 
қарсылық көрсетіп, шектен шыға бүлік шыға-
рады. Романтикалық шығармалардың кей кейіп-
керлері рухани биіктерге ұмтылады, ал кейбірін 
үмітсіздік зұлымдыққа апарады, моральдық 
құлдырауға ұшырайды. Мысал келтірер болсақ, 
А. Пушкиннің «Евгений Онегин» (1833) атты 
поэтикалық романындағы басты кейіпкер Ев
-
гений Онегиннің болмысында романтикалық 
кейіпкерге тән қасиеттер көп. Ол әр күнін бос 
сауықпен өткізуге үйренген 26 жастағы, дәулетті 
дворян 
әулетінен шыққан тартымды жас жігіт. 
Сырттай білімді, әдепті көрінгенмен екіжүзділік 
пен азғыруды да меңгерген. Онегиннің ақсүйектік 
өмірі қызықты, думанды өтіп жатқанмен, оған 
да үнемі көңілі тола бермейді. Тез жалыққыш, 
күйзеліске түскіш, оны таңқалдыру, қуанту 
қиын. Әйел жүрегін жаулауға икемді бола 
тұра, қиялында сүйіктілерінің тізімі де бар. 
Айналасындағы адамдарға ұқсамайтын осын
-
дай дара ерекшеліктері оны өзгенің түсінбеуіне,
бақытсыз болуына себеп болады. Оның ортаны, 
ортаның оны жатсынуы – Евгений Онегиннің 
романтикалық образ үлгісі екендігін танытады.


121
С.Ә. Қалқабаева
Әдебиетке романтизм стилінің келуі көптеген 
романтикалық қаһармандарды тудырғанын 
әлем әдебиетінің классикалық шығармаларынан 
көруге болады. Мысалы, Джейн Остиннің 
«
Тәкаппарлық пен жаңылысындағы» Мистер Дар
-
си,
М.Ю. Лермонтовтың «Біздің заманымыздың 
батырындағы» Григорий Печорин, Александр 
Дюманың «Граф Монте-Кристосындағы» Эд
-
мон Дантес, Л.Н. Толстойдың «Соғыс және 
бейбітшілігіндегі» Андрей Болконский, Вик
-
тор Гюгоның «Күлетін адамындағы» Гуинплен, 
Жюль Верннің «Жұмбақ аралындығы» Капитан 
Немоларды романтикалық образдардың озық 
үлгілері деп айта аламыз.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың 
көне түрі халық ертегілері мен аңыздарында жа
-
тыр (З. Қабдолов) деп айтылғанмен, бұл пікірді 
толықтай құптауға бола бермейтінін ескерген 
жөн. Романтикалық образ таза қиялдан тумай
-
ды, ол – қиялшыл, арманшыл, құштар, өзгеше, 
күрескер адамның көркем бейнесі. Қазақ поэ
-
зиясында романтикалық рух пен сарынды 
жыраулық поэзия мен Махамбет Өтемісұлының 
өлеңдерінен толыққанды көре аламыз. 
...Еділдің бойы ен тоғай 
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге 
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім...
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан 
сөзі» атты осы өлеңінде күрескерлік пен 
өршілдік рух ақынның романтикалық бейнесін 
асқақтатып тұр.
Көркемдік таным мен шығармашылық 
ойлаудың нәтижесі болып табылатын көркем 
образ шындықты ғана бейнелеп қоймайды, ой
-
дан шығару барысында өзгертілген басқа әлем 
жасайды. Әдеби образдың көп қырының бірі – 
жалпылық сипатына қоса, жалқылық 
(даралық) 
жағының болуы. Образдың жалпылық жағы – 
белгілі бір топқа ортақ қасиеттермен танылса, 
ал даралығы – сол образға тән ерекшеліктермен 
айқындалып тұрады. Өнерде образдың даралық 
сипатының басым болуы шарт. Теоретик-ғалым 
Р. Нұрғалиев: «Өнердің даралық сипаты, құдіреті 
– образда
», (Нұрғалиев, 2005: 470) – 
деуінің мәні 
осында жатыр. 
Әдеби образды тек адамның бейнесі деп қана 
қабылдауға болмайды. Объективті болмыстағы 
кез-келген құбылыстар мен сезім, түйсік, көңіл-
күй сияқты дерексіз ұғымдардың өзі эстетикалық 
санада сәулеленіп образ түрінде көрініс алуы 
мүмкін. Осы тұста Фариза Оңғарсынованың 
«Қырдағы қыс» өлеңіндегі жанды сурет 
(образдылық), образ жасаудағы даралығына ден 
қоялық:
Түнімен долы дауыл құрыстаған,
Секілді арыстандай жыны ұстаған.
Жамылып ақ көрпесін енді ғана,
Маужырап байтақ дала тыныстаған.
Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,
Іліп ап ақ мамықтан бір – бір тұмақ.
Мәз болып жас баладай айналаға,
Қарайды әр бұтадан күн жылтырап.
Өлеңді оқығанда Абай Құнанбаевтың таны
-
мал «Қыс»
өлеңі еске оралады. 
Екі өлеңде де қыс 
мезгіліндегі дауыл, үскірік аяз сияқты табиғат 
құбылыстары жанды бейнеде суреттеледі. 
Фаризада 
дауыл – жыны ұстаған арыстан

дала – ақ көрпесін жамылып маужырап ты-
ныстап жатқан адам, ақ мамықтан бөрік 
киген жыңғыл, құрақ, жылт еткен күн – мәз 
болған бала
кейпінде суреттелсе, Абайда 
қыс 

ақ қыраудай түсі суық, демалысы – үскірік 
аяз бен қар боп келіп әлек салған кәрі құданың
келбетін елестетеді. Осы екі өлеңде де табиғат 
құбылыстарын жанды образға айналдырып, 
даралық сипат беріп отырған ақын қиялы мен 
көркемдік танымы. 
Көркем образда объективті-танымдық жә-
не субъективті-шығармашылық бастау өза ра 
бірлікте көрініс табады. Образдың туындау
-
ына әсер ететін нақты және сезімдік фактор-
лар өте көп. Көркем образда өмірге ұқсастық 
болғанымен, ол – шығармашылықпен толық-
тырылған, шындықтың сарапталған нұсқасы 
іспетті. Көркем образ – туындыгердің субъек-
тивті тұрғыда сезіммен қабылдаған өмір суреті. 
Онда қаламгер шындықты суреттей отырып, 
өзінің танымын, түсінігін, сезімін және ассо циа -
циясын көрсетеді. Көркем образдың эстети ка-
лық мәні – оның сұлулық, үйлесімділік мұрат-
тарымен сәйкес жинақтай көрсетілуінде. Сол 
себепті образдың обьективті-танымдық және 
эстетикалық сипаттары бар. [1-суретке қараңыз].
Әйгілі «Жаңа ғылымның» авторы, итальян-
дық философ, этникалық психологияның негізін 
қалаушы Дж. Вико 
«Жалпы ұлт табиғаты ту
-
ралы жаңа ғылымның негіздері» кітабында (J. 
Vico, 1725) б
астапқыда адамдар нақты бейне
-
лермен ойлады, ал дерексіз ойлау кейінірек пай
-
да болды деген идеяны дамытты. Архалық ой
-
лау, яғни нақтылықты бейнелеу және модельдеу 
көркем шығармашылықта бүгінгі күнге дейін 
сақталып отыр. Визуальды ойлау – адамның 


122
Көркем образ поэтикасы
әлемді қабылдауының негізі екені анық. Көркем 
туынды мен түс көру арасындағы жақындықты 
З. Фрейдтен 
(Freud Sigm, 1900) бастап Э. Фром-
м ға (Erich Fromm,
 
1951) дейінгі психолог-ға-
лымдар зерттеулерінде айтып та кетті.
Әдебиет сан ғасырлар бойы мәдени құбылыс 
ретінде өмір сүріп келе жатқанымен, оның 
негізгі компоненттері әлі өзгермеген. Бұл көркем 
образға да қатысты. Алайда заман өзгерісі мен 
уақыт ауысуының әдеби үдеріске әсер ету салда
-
рынан көркем образдар жүйесі де үнемі өзгеріп 
отырады. Тарихи даму барысында көркем об
-
раз ұғымы мен оның компоненттері үлкен 
өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, ерте 
кездегі антикалық әдебиетте ілкі образ (архетип) 
– 
мифтік, символдық,
классикалық образдар
сом
-
далса; Орта ғасырда өнерде астарлау, тұспалдау 
жиі қолданылып, 
астарлы, символдық образдар 
көрініс тапты. Антикалық құндылықтарға бой 
ұрған, өнер жаңа стильдік ағымдармен дамыған 
Қайта өрлеу мен Ағарту дәуірінде – 
классикалық 
және барокко, рококко 
сияқты образдар бой 
көрсетсе;
 
өмірді материалистік тұрғыда пай
-
ымдай бастаған
 
Жаңа еуропалық әдебиетте – 
романтикалық, реалистік образдар
қалыптасты. 
Әр дәуірдегі өзгерістер, өнердегі жаңа стиль 
образға ықпал етіп, образдың жаңа түрлерін ту
-
дырып отырады [2-суретке қараңыз].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет