1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


Молекулалық биологияның қысқаша тарихы және даму этаптары



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Молекулалық биологияның қысқаша тарихы және даму этаптары: 
1869 жылы – Ф. Мишер алғаш рет лейкоциттер мен лосось тұқымынан ДНҚ 
бөліп шығарды. 
1935 жылы – А.Н. Белозерский өсімдіктерден ДНҚ бөліп алды. 
1940 жылы – У. Эстбюр ДНҚ-ның бірінші рентгенограммасын алды. 
1944 жылы – О.Т. Эвери генетикалық ақпаратты тасымалдаушы ДНҚ 
(бұрынғы жорамалдағандағыдай белок емес) екендігін жариялады. 
1951 жылы – Л. Полинг және Р. Кюри полипептидтік белок тізбектерінде 
аминқышқылдық қалдықтардың шоғырлануының негізгі түрлерінің бар 
екендігін дәлелдеді. 
1953 жылы – Дж. Уотсон мен Ф. Крик Р.Франклин мен М.Уилкинс алған 
рентгенограмма негізінде ДНҚ-ның қос спиральдік үлгісін жасады. 
1956 жылы – А. Корнберг ДНҚ-полимеразасын ашты. 
1957 жылы – А.Н. Белозерский мен А.С. Спирин мРНҚ-ның бар екендігі 
туралы жорамалдады. 
1960 жылы – Дж. Кедрью кашалот миоглобинінің үшөлшемдік құрылымын, 
ал М. Перутц– гемоглобин құрылымын алғаш рет хаттады. 
1960 жылы – бір мезгілде бірнеше зертханаларда транскрипция ферменті – 
РНҚ-полимераза ашылды. 
1966 жылы – М. Ниренберг, С. Очоа және Х.-Г. Корана генетикалық кодты 
ашты. 


1967 жылы – М. Геллерт ДНҚ фрагменттерін біріктіретін фермент – ДНҚ-
лигазаны ашты. 
1972 жылы – П. Боэр, С. Коэн және П. Берг ДНҚ клондарын жасау 
технологиясын жасады, ген инженериясының негізін құрады. 
1975-1977 жылдары – Ф. Сангер , сондай-ақ А.Максам мен У. Гилберт ДНҚ 
бастапқы құрылымын тез анықтау тәсілін ойлап тапты. 
1976 жылы – У. Гилберт эукариот гендерінің мозаикалық құрылысын ашты. 
1976 жылы – С. Ким, А. Рич және А. Клуг тРНҚ-ның үшіншілік құрылымын 
анықтады. 
 
3-сұрақ 
Жасуша-тіршіліктің ең маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі. 
 
1.Жасуша — бұл барлық тірі құрылымның қарапайым,функционалдық 
бірлігі.
Себебі, кез-келген ағзалар денесі жасушалардан құралған, тіршіліктің 
негізгі қасиеттері мен қызметтері осы жасушаларда жүзеге асады. «Жасуша» 
терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 
1703) енгізген. 


2.Жасуша — бірегей жүйе,заңдылықтармен байланысқан,оның құрамына 
өзара көптеген бүтін құрылым түзетін және байланысқан қызметтік бірлік – 
органоидтардан тұратын элементтер кіреді. 
3. Барлық организмдердің жасушалары гомологты. 
4. Жасуша тек аналық жасушаның бөлінуі арқылы түзіледі.Жасуша – барлық 
тірі формалардың - бір жасушалылардың, көп жасушалылардың, тіпті 
жасушасыздардың құрылысының, тіршілік әрекетінің және дамуының негізін 
құрайды. Жасуша өзінде бар механизмдер нәтижесінде зат алмасуын, 
биологиялық қолдануды, көбеюді, тұқым қуалау және өзгергіштік ақпаратты 
қасиеттерін қамтамасыз ете отырып, органикалық әлемге тән бірлік пен 
түрлілік сапасын негіздейді. 
Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әр 
түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. 
Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының 
ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық 
органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай 
екенін дәлелдей түсті. Сонымен, 1938 -1939 ж.ж. 
неміс ғалымдары Т.Шванн және М. Шлейден қалыптастырған Жасуша 
теориясының негізгі қағидалары: 
1. Барлық тірі ағзалар жасушалардан құралған. Жасуша тіршіліктің ең ұсақ 
құрылымдық – қызметтік бірлігі. 
2. Барлық жасушалардың құрылысы жалпы алғанда ұқсас жоба бойынша 
құралған. 
3. Жасуша тек жасушалардан, олардың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал 
цитоплазма құрамындағыларды –рибосома,митохондрия,эндоплазмалық 
тор,Гольджи кешені,лизосома,клеткалық мембрана деп атайды.
Жасуша 
органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі 
тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.Жасуша оргоноидтары;
Эндоплазмалық тор (ЭПТ),Рибосома,
Митохондрия,
Лизосома,
Гольджи 
жиынтығы,
Жасуша орталығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет