ДНҚ молекуласының бойында тұкым қуалаушылық ақпарат жазылған, ол
негізінен (95%) ядрода, ал 5% цитоплазмада, митохоидрияларда,
хлоропласттарда шоғырланған.
1963 жылы митохондриялардың өздеріне тән геномының болатындығы
анықталды. Ол 16 596 нуклеотидтен тұратын сақиналы жалғыз хромосомадан
тұрады. Митохондрия геномында 2 р-РНҚ, 22 т-РНҚ, 13ақуыз
гендері
болады. Митохондриялық ДНҚ-сының ядролық ДНҚ-дан біршама
ерекшеліктері белгілі:
1)
Гендерінде интрондар болмайды (интрон – геннің (ДНҚ- ның)
генетикалық мәліметі жоқ бөліктері.)
2)
Митохондриялық а-РНҚ-ларда 5` және 3`- трансляцияланбайтын
бірізділіктер болмайды.
3)
Митохондрия хромосомасының ішкі және
сыртқы тізбектерінің
тығыздығы түрліше болады және оларды Н-ауыр тізбек және L-жеңіл
тізбек дееп бейнелейді.
4)
Митохондриялық ДНҚ-сында
Д-ілмек болады, ол реттеуші қызметтер
атқарады.
5)
Н-тізбектің
репликациясы мтДНҚ айнала, сағат тілі бағытында жүреді
және ол 2/3-нен өткеннен кейін L-тізбектің репликациясы басталады
және ол Н-тізбекке қарама-қарсы бағытта жүреді.
6)
МтДНҚ-сының гендерінің мутациялары негізінде
дамитын аурулар
Мендель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайды.
Митохондриялық түқым қуалаушылықтың ерекшеліктері:
•
Ауру тек насынан беріледі;
•
Ұл және
қыз балаларына бірдей беріледі;
•
Ауру әкесі балаларына ауруды бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: