синтездейді.Әрі қарай ДНҚ синтезін
ДНҚ полимераза
жүргізеді.Эукариоттарда
5 түрлі
ДНҚ полимеразалар белгілі:
β
және ε - полимеразалар
ДНҚ репликациясына қатысады;
γполимераза
митохондрия ДНҚ-сының репликациясын жүзеге асырады; ал
α және δ
полимеразалар
ядролық ДНҚ репликакациясына қатынасады. α ДНҚ
полимераза праймазамен де, δ-полимеразамен де байланысады, ал соңғысы
PCNA деп аталатын ақуызбен байланысқан.
PCNA ақуыз
– полимераза
кешенін ДНҚ-ның репликацияланушы тізбегіне бекіндіріп “қыстырғыш”
ролін атқарады. PCNA ақуыз “қыстырылған” күйінде сақина сияқты ДНҚ
тізбегін қоршап тұрады және полимеразалардың ДНҚ тізбегінен күні бұрын
диссоцияциялануын (ажырауын) болдырмайды, яғни ДНҚ синтезінің
жүруіне, жалғасуына мүмкіндік жасайды.
Кез келген жаңадан синтезделген ДНҚ фрагменттері-(ұзын лидерлік не
Оказаки фрагменттері) праймерлерден («РНҚ-ұйыткыдан) басталады.
Аналык (матрицалык) тізбек бойымен жылжып отыратын ферментгіх кешен
келесі ДНҚ фрагментіне жанасқаннан кейін, ДНҚ-полимераза III ферменті
“қыстырушы” PCNA ақуызын ашып, кешенді матрицадан ажыратады және
ДНҚ синтезін токтатады. Осыдан кейін ДНҚ полимераза І-іске кіріседі. Ол
өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің 3' үшына жалғанады және 3
белсенділікке ие болады.
ДНҚ тізбегінің синтезі 5'-3' бағытында ғана мүмкін, сондықтан ДНҚның
жаңа тізбектері репликациялық ашада бірдей жылдамдықпен синтезделмейді.
Ферментті кешен бастапқы тізбек түзуін өз кезегінде тоқтатып, екінш
аналық тізбекке өтіп, кезекті Оказаки ферментін синтездейді.
Достарыңызбен бөлісу: