1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

13-сұрақ
 
 
Жасушаның негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы: ядро, 
жасуша мембранасы, цитоплазма. 


Ядро
-жасушаның ең үлкен органелласы.Оны 1931 жылы Р.Броун 
ашқан.Жасуша ортасына жақын орналасқан, өлшемі-10-25мкк шамасында. 
Ядро-ядро қабықшасынан, ядро матриксінен,хроматиннен,ядро шырынынан 
және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.Ядро қабықшасы-қос қабат 
мембранадан тұрады,ол хроматинді қоршап жатады.Ядро қабықшасының 
ішкі мембранасының ішкі бетін ламина деп аталатын жұқа ақуыздық тақта 
байланысқан. 
Жасуша мембранасы
-жасуша органеллаларының сыртын қаптап тұратын 
қорғаныштық бөлігі. Биомембрананың құрылысы:амфибильді липидтердің 
қос қабаты, сонымен қатар ақуыздар, липид және ақуыз молекулаларымен 
байланысқан күйдегі көмірсулар. 
Мембраналық липидтердің әрбір молекуласының-«гидрофильдік басы мен 
гидрофобты құйрығы» болады.Сулы ортада осындай осындай амфибильдік 
молекулалар өздігінен қосқабат пайда етеді, онда молекуланың гидрофобтық 
ұштары бір-біріне бағытталса, ал гидрофильді ұштары сулы ортаға қарай 
бағытталған. 
Биомембрананың құрамына кіретін ақуыздардың екі түрі белгілі: 
Интегралдық және шеткі ақуыздар. Интегралдық ақуыздар мембранаға
терең батып,липидтік қосқабатты тесіп өтіп орналасқан, ал шеткі ақуыздар 
мембрананың тек бір бетімен ғана орналасқан. 
Көмірсулар көбінесе олигосахаридтік тізбектер күйінде болады және 
плазмолемманың сыртында орналасқан. 
Цитоплазма
- плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың 
ішкі ортасы болып табылады. Ал ағза тіршілігіне қажетті аноидтар 
гиалоплазма және қалып (матрица) деп аталатын массадан орналасады. 
Цитоплазма - жас жасуша кеңістігін толтырып тұратын түссіз, мөлдір, 
қоймалжың клегейлі, түйіршікті зат. Цитоплазманы алғаш рет чех ғалымы Ян 
Пуркине 1840 жьшы неміс ботанигі Х.Моль 1846 жылдары ашып сипаттап 
жазды. Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық 
заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар.
Цитоплазма құрылысы: негізгі заттан, матрица және 
гиалоплазма,цитоскелеттен, қосындылар мен органеллалар болады.
Цитоплазманың негізгі заты плазмалемма, ядролық мембрана және басқа 
жасушаішілік құрылымдар арасындағы кеңістік. 
Гиалоплазманың нәруыздық құрамы әр түрлі. Ең маңызды 
нәруыздар гликолиз ферменттерімен, қант алмасуымен, азотты 


негіздермен, амин қышқылдары мен липидтермен белгілі. 
Гиалоплазмадағы бірқатар нәруыздар микротүтікшелер сияқты 
құрылымдар жиналатын суббірліктер ретінде қызмет етеді. 
Цитоплазманың негізгі заты жасуша ішіндегі барлық құрылымдарды 
біріктіретін және олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін 
жасушаның шынайы ішкі ортасын құрайды. Матрица бойынша біріктіруші, 
тіректік қызметінің орындалуы 2-3 нм фибриллалардан түзілген және бүкіл 
цитоплазмаға енетін микротрабикулярлы тордың болуымен байланысты 
болуы мүмкін. 
Қосындылар - цитоплазманың тұрақты емес компоненттері, олар 
қоректік заттар (май, гликоген), жасушадан шығарылатын өнімдер 
(секреция түйіршіктері) балласты заттарымен (кейбір пигменттер) 
қызмет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет