1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Белсенді тасымалдау
төмен концдан жоғары концға , энергия жұмсау 
арқылы интегралды тасымалдаушы нәруыздар арқылы жүзеге асырылады. 
Энергия көзі АТФ(Na+, K+,Ca2+ сорғыштары) немесе тотығу тотықсыздану 
үдерісі (митохондриялардағы Н+ ионы сорғышы) болып есептелінеді. Тағы 
ерекшелігі: конц градиенті бағытында өткізілетін бір заттың (У) конц 
градиенті қарама қарсы бағытта өткізілетін екінші бір затпен (Х) қабаттасып 
өткізілуі. Бұл құбылыстың екі түрі бар: 
Симпорт 
Заттардың (У,Х) бір
бағытта өткізеді 
Антипорт 
 
Заттардың (У,Х) 
транслоказа арқылы 
қарама қарсы 
бағыттарға өткізілуі. 
Эукариоттарда антипорт өте сирек кездеседі.
22-сұрақ 
Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы: эндоцитоз, экзоцитоз.
Везикулалық тасымалдау туралы түсінік. 
Биомембраналар арқылы тек ұсақ молекулалы заттар ғана өткізіліп қоймай , 
сол сияқты ірі молекулалы қосылыстар және ұсақ түйіршіктер де өтеді 
мысалы, жаңадан синтезделген митохондриялық ақуыздар митохондрия 
мембранасын созылған тізбек күйінде кесіп өтсе , ядролық ақуыздар ядродағы 
поралар арқылы өтеді . Заттардың плазмолемма арқылы өтуі мембраналық 
(тасымалдау ) көпіршіктер арқылы , секреторлық тетіктер ( механизмдер ) 
негізінде жүзеге асады . Заттардың тасымалдану бағыттарына және 


тасымалданатын заттар сипатына қарай трансмембраналық тасымалдану 
үдерісінің бірнеше түрлері белгілі :
1 ) Эндоцитоз - заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі , оның 3 
тетіктері белгілі :
а ) Пиноцитоз
- еріген макромолекулалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі; 
Пиноцитоз 
- конститутивтік үдеріс , яғни ол кез - келген жасушада үнемі 
кездесетін құбылыс .
Жасуша цитоплазмасында , әсіресе плазмолемма айналасында , үнемі ұсақ 
мембраналық көпіршіктер , яғни инвагинациялар , пайда болып отырады . 
Олар плазмолемма бетіне жақын орналасқан басқа көпіршіктермен қосылып 
алғашқы эндосомаларға айналады . Олардың қызметі сыртқы ортадан кіші 
молекулаларды , су және еріген ақуыздарды өздеріне қосып алып жасушаға 
енгізу болып табылады . Көпіршіктер өте ұсақ болады . диаметрі 4нм , бірақ 
олардың санының өте көп болуы нәтижесінде көп мөлшерде заттарды 
тасымалдайды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет