Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет179/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Емдеу жолы 
 
Инфекциялық аурулар кезінде дезинтоксикациялық терапиямен бірге 
(полиглюкин, реополиглюкин) негізгі ауруды емдеу, витаминотерапия 
жҥргізіледі. Қозу немесе сана кҥңгірттенуімен сипатталатын жедел психоз 
жағдайында транквилизаторларды (седуксен б/е. 0,01- 0,015 грамнан 
тәулігіне 3-4 рет), ал қозу жағдайы кҥшейгенде - галоперидол (0,005- 0,01 г 
тәулігіне 2-3 рет б/е) тағайындалады. 
Галлюцинарторлы–параноидты синдром кезінде нейролептиктерді 
тағайындау ҧсынылады. 
Амнестикалық синдром мен басқа да психоорганикалық бҧзылыстарда 
ноотропил (пирацетам) (тәулігіне 0,4 г-нан 2-4 г-ға дейін), аминолон 
(тәулігіне 2-3 г), седуксен, грандаксин (тәулігіне 0,02 -0,025 г), витаминдер 
тағайындаған тиімді. 
20 тарау. 
МИ 
МЕРЕЗІ 
ЖӘНЕ 
ҤДЕМЕЛІ 
САЛДАНУ 
КЕЗІНДЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ БҦЗЫЛЫСТАР 
 
Бас миының мерездік зақымдануы нәтижесінде психикалық бҧзылыстар 
аурудың әртҥрлі сатыларында әртҥрлі психопатологиялық синдромдармен 
байқалады және ҥдемелі ағымға тенденциямен жҥреді. 
Нейромерез кезінде ми мерезі (ми қантамырлары мен қабықтарының 1- 
ші реттік зақымдануы) және ҥдемелі салдануды (бас миының 1-ші реттік 
зақымдалуы) жеке нозологиялық формалар ретінде бӛледі. Ми мерезі де, 
және ҥдемелі салдану да бозғылт спирохетамен зақымдалу нәтижесінде 
туады, бірақ олар аурудың басталған уақытына, патологиялық ҥрдістің 


~ 268 ~ 
сипаты мен орналасқан жеріне, сонымен бірге клиникалық кӛрінісі бойынша 
кҥрт ерекшеленеді. 
Соңғы кездерде ҥдемелі салдану ӛте жиі кездеседі. 
Ӛткен ғасырдың ортасында Г.Вирхов нейромерез кезіндегі патогистологиялық 
ӛзгерістерді атап ӛткеннен кейін, бҧл аурудың клиникалық суреттемесі де пайда болды. 
ОЖЖ-де бозғылт спирохеталар табылған соң (Х.Ногуши) бас миының мерезі кезіндегі 
нервтік және психикалық бҧзылыстар этиологиясының бірлігі жӛніндегі ілім дами 
бастады. 
Бас ми мерезінің психопатологиялық синдромдары мен симптомдары анықталып, 
суреттелуіне байлансты Ф.Жоллидің (1901) мерез кезінде бақыланбайтын және пайда 
болмайтын психикалық бҧзылыстардың формасы жоқ деп айтуына негіз болды. 
Мерезді және осы ауру кезіндегі психикалық бҧзылыстарды зерттеу 
мен емдеудегі жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдарда мерезбен ауыру 
жиілігі артуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет