Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Этиология, патогенез және патоморфологиялық ӛзгерістер



Pdf көрінісі
бет181/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Этиология, патогенез және патоморфологиялық ӛзгерістер 
 
Клиникалық 
кӛріністердің 
әртҥрлілігі 
патологиялық 
ҥрдістің 
ерекшелігіне, оның орналасуына және таралуына, жҧқтыру кезінің 
ҧзақтығына, 
мерездік 
инфекцияның 
айқындығына, 
организмнің 
преморбидтік 
ерекшелігіне 
тәуелді. 
Мерездік 
психоздарды 
патоморфологиялық 
зерттеуде 
кіші 
калибрлі 
қантамырлардың 
зақымдануының басымдығы анықталды. 
Созылмалы патоморфологиялық ӛзгерістер фонында ми тамырлары мен 
қабықтарында қабыну ҥрдісінің белгілері байқалады. Патохимиялық 
әдістермен бас миындағы кӛмірсу алмасу (мукополисахаридтер) бҧзылысы 
анықталады. Ми мерезінің дӛрекі ошақтық бҧзылыстары жоқ формаларында 
психикалық (психотикалық) бҧзылыстар жиі болады. 
Бас миының патоморфологиялық ӛзгерістерінің әртҥрлілігін кӛп және 
әртҥрлі кӛлемді болуы мҥмкін мерездік гуммалармен, минингитке және 
облитерацияланған эндоартерит кӛрінісімен қантамырлар зақымдануына 
әкелуі мҥмкін диффузды қабыну ҥрдісімен байланыстыруға болады. 
 
Емі 
 


~ 270 ~ 
Ми мерезі кезінде арнайы терапия жҥргізіледі. Бас миының мерезі 
табылған науқастардың барлығы психиатриялық ауруханаға жолданады. 
Ми мерезінің негізгі және кең тараған ем әдісі пенициллинотерапия 
(емдеу курсына 12 000 000 ЕД кем емес). Емнің бірнеше курсы жҥргізіледі. 
Қайталамалы курс кезінде пенициллиннің ҧзақ әсер ететін тҥрлері – 
экмоновоциллин 300 000 ЕД-дан тәулігіне 2 рет бҧлшықетке жіберген тиімді. 
Емді йод және висмут препараттарымен қоса жҥргізеді. Бір курсқа 40 г 
биохинол тағайындалады. Бҧл препараттарды витаминдермен, әсіресе В тобы 
витаминдерімен ҥйлестіріп қолданады, және де жалпы қуаттандырушы ем 
жҥргізіледі. 
Психикалық бҧзылыстармен науқастарды емдеуде басты синдромға 
байланысты психотропты дәрілер қолданылады. 
Ем аяқталғаннан кейін еңбек сараптамасын жҥргізгенде науқастар 
шектеулі еңбекке қабілетті деп танылады, деменция дамыған жағдайда - 
еңбекке қабілетсіз деп танылады. 
Психикалық және неврологиялық бҧзылыстар айқын кӛрініс бермеген 
науқастарға соттық – психиатриялық сараптама қорытындысы аурудың 
барлық белгілерін есепке ала отырып индивидуальды шығарылады; 
деменция және психикалық бҧзылыстар дамыған науқастар қабілетсіз деп 
танылып, мәжбҥрлік емге жолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет