Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық ӛзгерістер



Pdf көрінісі
бет183/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық ӛзгерістер 
 
Ҥдемелі салданудың мерездік этиологиясының дәлелі клиникалық және 
лабораториялық мәліметтер болып табылады. Х.Ногуши 1913 жылы ҥдемелі 
салданумен науқастың миынан бозғылт спирохеталарды тапқан. Бірақ 
жоғарыда айтылғандай бҧл дертпен мерезге шалдыққандардың 1 -1,5 пайызы 
ғана ауырады. Ҥдемелі салдану пайда болуы ҥшін организмде бозғылт 
спирохеталардың болуымен қатар мәні әлі кҥнге дейін анықталмаған 
бірқатар қосымша патогендік факторлар қажет. Қолайсыз сыртқы факторлар 
ішінде ағзаның инфекцияға тӛзімділігін тӛмендететін алкоголь, бас –ми 
жарақаттарына және басқада факторларға ҥлкен роль беріледі. Алайда бҧл 
болжамдар дәлелденбеген. 
Ҥдемелі салдану кезінде эктодермальды тін (нерв паренхимасы) және 
сондай-ақ мезодерманың да (жҧмсақ ми қабығы мен қантамырларындағы 
қабыну ҥрдістері) алғашқы ретті зақымдалуы байқалады. Осылайша ҥдемелі 
салдану тек мезодерма зақымдалуымен жҥретін ми мерезінен ерекшеленеді. 
Ҥдемелі салданудың ӛзіне тән морфологиялық белгілеріне ми 
салмағының азаюы, ми иірімдерінің айқын атрофиясы, ми қабығының 
қалыңдауы мен фиброздануы (лептоменингит), мидың ішкі және сыртқы 
шемені, мидың IV қарыншасының эпендимиті жатады. 
Бас миының маңдай бӛлімі қыртысының зақымдануы тән.
Жҥйке жасушаларының айқын дистрофиялық ӛзгерістері (бҥрісуі, 
атрофиясы, архитектоникасының ӛзгеруімен қыртыстың босауы) байқалады. 
Арнайы бояумен бояғанда ми затынан спирохеталарды кӛруге болады. Ауыр 
ағымды формасында немесе немесе ҥрдістің ӛршуі кезеңінде спирохеталар 
колониясы, кҥрт ӛзгерген миелин талшықтары кездеседі. Қабыну ошақтары, 
гиалинді жасушалардан тҧратын глиозды тҥйіндер тҥзіледі. 
Сонымен, ҥдемелі салдануды морфологиялық ӛзгерістеріне қарап 
лептоменингоэнцефалит деп қарастыруға болады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет