Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет189/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

параноидты синдром
болып табылады 
(церебральды атеросклероздың 2-шi сатысы). Бҧл науқастар преморбидтi 
кезеңде тҧйықтықпен, кҥдікшілдікпен немесе ҥрейшіл-кҥмәншіл мiнез 
сипатымен ерекшеленеді. Жиі бҧл науқастарда психикалық аурулармен 
тҧқым қуалау ауырлығы, анамнезінде алкоголизм анықталады. Сандырақ 
мазмҧны әрқилы болып келеді: жиі соңына тҥсу, қызғаныш, уландыру, 
кейде ипохондриялық, зиян келтіру сандырақтық идеялары айтылады. Бҧл 
науқастарда сандырақ созылмалы ағымға бейім. Атеросклероздық 
психоздар ішінен сирек депрессия кездеседі. Алғашқы кезеңдегі 
астенодепрессиялық синдромнан айырмашылығы бҧл кезде жабырқаулық 
басым, кӛңiл-кҥй кҥрт тӛмендеген, қозғалыстық, әсіресе интеллектуальды 
тежелу байқалады, жиі мҧндай науқастар ҥрейшіл болып келеді. Науқастар 
ӛзін-ӛзі кінәлау, кемсіту сандырақтық идеяларын айтады. Олар бас 
ауыруна, қҧлақтағы шуылға шағымдар айтады. Атеросклероздық 
депрессия бiрнеше жетiден бiрнеше айға дейiн созылады, бҧл кезде 
ипохондриялық шағымдар, астения байқалады. Депрессивтi жағдайдан 
шыққаннан кейiн науқастарда әлсiздiк, кӛңiл-кҥйдiң тӛмендеуi байқалады. 
Жиі 1-3 жылдан кейiн депрессия қайталанады. 
Психоздан кейiн пайда болған атеросклероздық интеллектуальды-
мнестикалық бҧзылыстар компенсациялануға қабілетті. Жиі ҥдемелі ағым 
депрессия егде жаста пайда болғанда, басқа да жайсыз факторлар 
қосылғанда байқалады. 
Бұзылған сана
синдромдарымен жҥретін атеросклероздық психоздар 
анамнезiнде бірнеше қолайсыз факторлар орын алған (бас жарақаты, сана 
жоғалту, алкоголизм, ауыр соматикалық аурулар) науқастарда кездеседi. 
Бҧзылған сана синдромының жиі кездесетiн формасы делирий, сирек –


~ 281 ~ 
қарауытқан жағдай болып табылады. Сана бҧзылысының ҧзақтығы 
бiрнеше тәулікпен шектеледі, бірақ рецидивтер орын алуы мҥмкін. 
Бҧзылған сана синдромымен церебральды атеросклероз жағдайларының 
болжамы нашар, жиі психоздан шыққаннан кейiн деменция тез ҥдейді. 
Церебральды атеросклероздың 3-шi сатысының (айқын психикалық 
бҧзылыстар сатысы) кӛрінісі кейде 
эпилептиформды бұзылыстар 
болып 
табылады. Эпилептиформды синдром қҧрылымы пароксисизмальды 
қҧбылыстармен сипаталады: сана жоғалуымен жҥетін ҥлкен атипті 
тырысулық ҧстамалар, амбулаторлы автоматизмдерге жақын бҧзылған 
сана 
жағдайларымен, 
дисфориямен 
жҥреді. 
Пароксизмальды 
бҧзылыстармен қатар церебральды атеросклерозға тән бҧзылыстар, 
бірқатар жағдайларда – эпилепсиялыққа ҧқсас тҧлға ӛзгерістері 
бақыланады. Мҧндай жағдайда деменцияның дамуы баяу және айқын 
деменция бҧл синдром пайда болғаннан кейін 8-10 жылдан соң пайда 
болады. Атеросклероздық психоздың салыстырмалы сирек тҥрi 
галлюциноз болып табылады. әрқашан бҧл жағдай кәрiлiк жаста кездеседi. 
Науқастар комментирлеуші сипаттағы «сырттан» дауыстар естидi. Кейде 
галлюциноздың 
клиникалық 
кӛрiнiсi 
кӛру 
галлюцинациясымен 
сипатталады. 
Бҧл 
науқастардың 
психикалық 
кӛрiнiстері 
соматикалық 
бҧзылыстармен 
(аорта 
атеросклерозы, 
тәждік 
қантамырларының 
атеросклерозы, 
кардиосклероз) 
және 
органикалық 
сипаттағы 
неврологиялық симтомдармен (қарашықтың жарыққа нашар реакциясы, 
мҧрын, 
ерiн 
қыртыстарының 
жайылуы, 
Ромберг 
позасындағы 
тҧрақсыздық, қол треморы, оральды автоматизм синдромы) бірге жҥреді. 
Моторлы-сенсорлы және амнестикалық афазия тҥріндегi дӛрекі 
неврологиялық симптомдар да байқалады. Неврологиялық және 
психопатологиялық симптомдар арасында параллелизм байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет