~ 279 ~
Церебральды атеросклероздың 2-шi сатысында (айқын психикалық
бҧзылыстар кезеңi)
мнестико-интеллектуальды бұзылыстар
кҥшейедi: ес
едәуір нашарлайды (әсіресе осы шақ оқиғаларына), ойлау инертті бола
тҥседі, эмоциональды лабильдiлiк кҥшейедi, боскӛңілділік байқалады.
Церебральды атеросклероз гипертониялық аурумен жиі бiрге жҥреді.
Науқас Е., 68 жаста, түскен кезде тiтiркенгiштiкке, көңiл-күйiнiң төмендеуiне, ес
нашарлауына, тез шаршағыштыққа, зейін шашырандылығына шағымдар айтты.
Шаруалар жанҧясында дҥниеге келген. Әкесi соғыста қайтыс болған, анасы
миокард инфарктынан қайтыс болған. Тҧқымдарында психикалық ауруларды жоққа
шығарады. Балалық шағы жӛнінде мәлімет жоқ. Қызылша, скрлатина,
анемия
ауруларымен ауырған. Орташа оқыған, 8 сынып және техникумды аяқтаған. Заводта
технолог болып iстеген, кейін еңбек және жалақы тӛлеу бӛлімінің бастығы болып
ауысқан. Жҧмысы жоғары психикалық жҥктемені қажет етеді және аз қозғалысты.
25 жасынан бастап бас ауырулары мазалайды, мҧрнынан қан кетедi, жҥрек
тҧсында қолайсыздықты байқаған. Дәрiгерге қаралмаған.
27 жасында ҥйленген, 1 баласы бар. 31 жасында
бiрiншi рет артериялық қан
қысымы 170-100 мм/сын. бағ. кӛтерiлген. Эпизодты тҥрде емделген, қан қысымы
барлық кезде тез тӛмендеген, бiрақ кӛтерiлуi қайталанып тҧрған және қатты бас
ауыруымен бірге жҥретін болған. 36 жасынан бастап басы ауырып, қан қысымы
кӛтерiліп жҥрегi ауырғандықтан амбулаторлы жағдайда және стационарлы тҥрде
емделген, жыл сайын курортты ем қабылдаған. 41 жасында бiрiншi рет тез
шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің тӛмендегенiне
мән берген, жиi жазып алып
жҥрген, климат ӛзгерткен, бірақ жағдайы жақсармаған, осыдан кейiн ол ауруханаларда
мынадай диагноздармен емделген: гипертониялық ауру, атеросклероз, жҥректiң
ишемиялық ауруы. Кейiнiрек шаршағыштық, ес бҧзылысы кҥшейген, бас ауыруы
кҥнделікті сипат алған,
тiтiркенгiштiк пайда болған, кӛңiл-кҥйі тӛмендеген. Емдеуші
дәрiгердiң ҧсынысы бойынша С.С.Корсаков атындағы психиатриялық клиникаға
қаралып, госпитализацияланған, емнен кейiн жақсы жағдайда шығарылған. Бiрақ бас
ауруы кҥнде болған, бiрте-бiрте жағдайы нашарлаған, кӛңiл-кҥйі тӛмендеген. Сол
себептi 3-4 жылда бiр рет С.С. Корсаков клиникасында ем қаблдап тҧрады, әрқашан
жақсы жағдайда шығарылады. 58 жасында
қант диабеті диагностикаланған, қандағы
глюкоза мӛлшерi 8.8 ммоль /л. Диетамен емделген. 65 жасынан бастап зейнеткер.
Соңғы жылдарда ӛмір сҥру дағдысының алмасуына байланысты (заводта 5 ай
жҧмыс iстеген) тез шаршағыштық байқалған, жҧмысшыларының есімдерін еске сақтай
алмаған, қҧжаттарын жоғалтқан. Ҥйiнде тiтiркенгіш, кӛңiл-кҥйі тӛмендеген, 2 кг салмақ
жоғалтқан. Қанда қант мӛлшерi кӛбейген (11.38 ммоль/л). Эндокринологта емделген.
Бiрақ әлсiздiк, бас ауруы, кӛңiл-кҥй тӛмендеуi бәсеңдемеген.
Психикалық жағдайы: науқас контактқа тҥседі, уақыт, орын, ӛзіндік тҧлғасы
бойынша бағдары дҧрыс. Қабылдау бҧзылыстары байқалмайды. Бҧрынғы ӛткен
оқиғаларды жақсы еске алады. Жақында болғанын есiне тҥсiре алмайды. Жалпы кӛңiл-
кҥйi тӛмен, ақкӛңіл, ӛз ӛмiрі туралы қызыға әңгімелейді, бiрақ тез шаршайды, басым
«мҥлдем жҧмыс iстемейді» деп шағым айтады. Уақытының кӛп бӛлігін тӛсекте
ӛткiзедi. Терезе алдында отырып кiтап оқиды. Бiрақ тез шаршайды.
Соматикалық жағдайы: орта бойлы, дене бiтiмi қалыпты. Терi жамылғысы таза.
Ӛкпеде
везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жҥрек тондары кереңделген, пульс
минутына 84 рет.
Артериялық қысым 140/90 мм/сын.бағ. Асқазан-iшек жолдарында патологиялық
~ 280 ~
ӛзгерiстер жоқ. Тәбетi жақсы.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ зақымдалулар жоқ
.
Кӛз тҥбi: кӛз тҥбi қантамырлары иректелген, склерозданған. Лабораториялық
зерттеулер мәліметі: жалпы қан және зәр анализдері қалыпты. Қанның биохимиялық
зерттеуінде: қандағы глюкоза мӛлшерi 8,8 ммоль/л, холестерин 8,84 ммоль/л.
Диагноз: гипертониялық аурумен бірлескен церебральды атеросклероз, қант
диабеті.
2-шi
сатысында атеросклероздық психоздар жиі кӛрінеді:
депрессивтi,
параноидты, сана кҥңгірттенуімен жҥретін психоздар,
галлюциноз. Бҧдан басқа бҧл кезеңде эпилептиформды ҧстамалар
байқалады, олар басты синдром ретінде жҥруі мҥмкін (эпилептиформды
синдром). Церебральды атеросклероздық ҥрдістің даму стереотипі
кӛрсетiлген схемаға сәйкес келе бермейдi. Церебральды атеросклероздың
бастапқы кезеңінің клиникалық кӛрiністерi әлсiз айқындылықта, ал
психотикалық бҧзылыстар бiрден пайда болады.
Айқын психикалық бҧзылыстар кезеңінің (психозбен науқастардың
1/3 бӛлiгiнде) жиі кӛрінісі
Достарыңызбен бөлісу: