Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет72/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Кверулянттық сандырақ.
ӛзінің тарапына ҧқыпсыз, қайырымсыз, адал 
емес кӛзқарасты сезген науқас дауласады, оны әшкерелеуге кӛп кҥш 
жҧмсайды, кӛп уақытын, кейде бҥкіл материальдық жиған-тергенін жҧмсап 
жібереді, әртҥрлі мекемелерге шағым жасайды, сандырақ мазмҧнына 
біртіндеп жаңа адамдарды қоса тҥседі; сандырақ тематикасы шынайы 
ситуациялардан басталады, мысалы, кӛршілермен, жанҧя мҥшелерімен, 
қызметтестерімен жанжалдасудан. 
Қызғаныш сандырағы 
кезінде науқастың жолдасының әрекеті, сыртқы 
келбеті мен жҥріс-тҧрысы, жолдасының сӛздері, қоршаған ортадағы тҥрлі 
оқиғалар жҧбайлық кӛзге шӛп салу белгілері тҥрінде кӛрінеді («дәлелдер»).
Ипохондриялық сандырақ 
тематикасы
 – 
ауыр, дауасы жоқ дерттің бар 
екендігіне сенімділік. 
Ӛзін-ӛзі кінәлау және ӛзін-ӛзі кемсіту сандырақтық идеялары

ипохондриялық және депрессиялық кҥй бірге жҥреді. Науқас пікірі бойынша 
оның бҥкіл ӛткен ӛмірі кҥнаға толы деп санайды; ӛздерін кінәлайды, ӛкінеді. 
Егде жастағы науқастарда ипохондриялық тематикамен депрессиялық 
сандырақ мегаломаниялық сипатқа жеңіл ӛтеді. Бҧл сандырақ мазмҧны 
бойынша нигилисттік немесе теріске шығару сандырағы деп аталады. 
Мысалы, науқас ӛзінде асқазанның ауыр ауруы барын, оның ӛлімге алып 
келетіндігін; одан әрі асқазаным жоқ, ол шірікке айналды, орны бос қалды
кӛп ҧзамай науқастың ӛзінің жоқ екендігі, ол - тірі ӛлік, тірідей ыдырап 
жатқандығын естиміз; кешірек – еш нәрсе қалмайды: әлем, ӛмір, ӛлім де жоқ 
(Котар синдромы). 
Ипохондриялық сандыраққа сипаты жағынан ҧқсас жас кезде 
басталатын (жасӛспірім шақта) 
дисморфомания
болып табылады. 
Дисморфоманияны физикалық жеткіліксіздік бар екендігіне немесе 
жағымсыз иістерді /ішек газы, зәр, тер т.б./ таратушы екеніне сандырақтық 
сенім ретінде қарастыруға болады.
Кемтарлық тҥсінігі әдетте дененің кӛрінетін бӛліктеріне қатысты 
болады: мҧрынның, қҧлақтың, тістердің, қол-аяқтың және т.б. формасы 
немесе кӛлемі. Толық тҥзілген дисморфоманияға мыналар тән: 1) 
жабырқаулы кӛңіл-кҥй 2) ӛз кҥйзелістерін жасыру 3) жалған ақауды тҥзеуге 
бағытталған белсенді әрекеттер (хирургиялық операцияға дейін). 4) қатынас 
идеясының пайда болуына және дамуына бейімділік.
Кӛтеріңкі кӛңіл-кҥйге ҧлылық сандырақтық идеясы, байлық сандырағы 
сәйкес келеді. Науқас - әлем әміршісі, барлық ҧлы жаңалықтарды ашқан
ӛмір эликсирін ойлап тапқан, perpetuum mobile, Пушкин және Толстой 


~ 122 ~ 
псевдонимдерімен барлық кітаптарды жазғанын, ертегідей байлық иесі 
екендігін айтады. Кейде жеке монотематикалы шығармашылық сандырағын 
байқауға болады. Ҧлылық сандырағы ҥдемелі салданудың экспансивті 
формасына, параноидты шизофренияның кеш сатыларына (сандырақ 
дамуының парафренді сатысына) тән, маниакальды-депрессивті психоздың 
маниакальды фазасында бақыланады. 
Ертеден келе жатқан жіктеу бойынша біріншілік және екіншілік 
сандырақты бӛлеміз. Біріншілік сандырақта психиканың патологиялық 
ӛнімдері сандырақтық тҥрде дамиды. Екіншілік сандырақта ой тҥйіндеу 
ӛзгерген фонда дамиды, мысалы, ауруда қауіп тӛндіруші есту вербальды 
галлюцинациялары және оған сәйкес соңына тҥсу сандырақтық идеялары 
бар; ес бҧзылысымен егде жастағы науқастар киімін, ақшасын қайда 
қойғанын есінде сақтай алмайды, бҧл екіншілік сандырақ тҥзілуіне негіз 
болып табылады.
Сандырақ сонымен қатар, 
жүйеленген және жүйеленбеген
болып 
бӛлінеді. Жедел психикалық жағдайда, науқас санасында сандыра ӛте ҥлкен 
жылдамдықта ӛзгереді, науқас мәнін тҥсініп ҥлгермейді. Бҧл жағдайда 
сандырақ жҥйеленбеген сипатта болады. Сандырақ кӛзқарастар жҥйесіне 
еніп, қандай-да бір байланыстылыққа ие болуы ҥшін уақыт керек. Сондықтан 
ауру жҥйеленген сандырақпен кӛрініс берсе, дерт ҥрдісінің ҧзақ мерзімділігі 
жӛнінде айтуға болады. Ҥдемелі ауруларда /шизофренияда/ психикалық ақау 
дамуына байланысты сандырақ жҥйесі ыдырайды, сандырақ орынсыз, оғаш 
испат алады.
Қазіргі кезде интерпретативті, сезімдік және бейнелік сандырақ 
тҥсініктері кеңінен қолданылады. Интерпретативті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет