~ 124 ~
Жақындарының ӛлім алдындағы қиналғандарын кӛз алдына келтіріп, оларға
ҧзақ уақыт бойы жазбады, себебі, олардың ӛлімі жӛнінде нашар хабар
аламын деп қорықты; мереке қарсаңында олардан қҧттықтау
қағазын
алғаннан кейін ғана ол жӛнінде ойлауын доғарды.
Жабысқақ қорқыныштар – фобиялар әрқилы болып келеді, аффективті
қанықтылығымен ерекшеленеді. Жиі кездесетіндері: канцерофобия – қатерлі
ісікке шалдығудан; сифилофобия – мерезге шалдығудан; кардиофобия –
жҥректің ауыр дертіне шалдығудан; танатофобия - ӛлімнен қорқу; мизофобия
– ластанудан қорқу; клаустрофобия – жабық кеңістіктерден қорқу;
агорофобия – ашық кеңістіктерден, кӛшелерден,
алаңдардан қорқу;
эритрофобия - ӛзге адамдар алдында қызарып кетуден қорқу; фобофобия –
фобия пайда болуынан қорқу.
Бейнелік жабысқақтықтарға
жабысқақ күдіктенулерді
/есік жабылды
ма, жарық ӛшті ме, кран жабылды ма/,
жабысқақ тілектер, әуестіктер,
қимылдар, әрекеттерді
қосуға болады. Кейбір науқастарда жасауға
болмайтын қылық жасауға жанын қинайтын тілек пайда болады: жерлеу
рәсімінде кҥлуге, жақсы кӛретін баласының кӛздерін шанышқымен шҧқып
алу. Бҧл
контрастылы жабысқақтық
деп аталады. Егер сандырақ жӛнінде
емес, жабысқақ ой туралы әңгіме болса, ауру ӛзінің тілегін ешқашан іске
асырмайды. Психоз жағдайында контрастылы қҧбылыстар
сырттай
жабысқақтық тәрізді болуы мҥмкін, шынтуайтқа келгенде ол баяу тҥзіліп
келе жатқан сандырақ сатысы болуы мҥмкін. Мҧндай жағдайда науқастар
қоғамға қауіпті әрекет жасауы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: