Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Эмоциональды кӛріністер және олардың бҧзылысының



Pdf көрінісі
бет77/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Эмоциональды кӛріністер және олардың бҧзылысының 
белгілері 
Эмоциялық кӛріністер тӛмендегідей бӛлінеді: 


~ 127 ~ 
1) эмоциялық жағдай
2) эмоциялық реакция 
3) эмоциялық қарым-қатынас. 
Бҧзылыс осы аталған топтардың әрқайсысын қамтуы мҥмкін. 
Эмоциялық жағдай.
 
Эмоциялық жағдай жӛнінде айтқанда, ҧзақ уақыт 
сақталатын белгілі бір жҥйкелік-психикалық тонусты тҥсінеміз. Эмоциялық 
жағдайларға ең алдымен жалпы бейтарап сипаттағы, бірақ ағзадағы 
жайлылық немесе жайсыздық жағдайын бейнелейтін адам кӛңіл-кҥйін 
жатқызамыз. Сонымен қатар, кӛңіл-кҥй қалыпты жағдайда адамның әрқилы 
кҥйзелістері мен әсершілдігіне байланысты тербелмелі болып келеді. 
Патологиялық жағдайда кӛңіл-кҥй кенет ӛзгеріп, кӛтерілуі немесе тӛмендеуі 
мҥмкін; ол кенет ӛзгеріске ҧшырауы мҥмкін немесе ҧзақ уақыт бірқалыпты 
болуы мҥмкін, және де адекватсыз, ситуацияға, адамның психикалық немесе 
физикалық жағдайына сай болмауы мҥмкін. Эмоциональды жағдайдың 
ӛзгеруі науқастың психикалық қызметіне мақсатты әсер етіп, мҥгедектікке 
соқтыруы мҥмкін. 
Кӛтеріңкі кӛңіл-кҥй маниакальды жағдайдың басты симптомы болып 
табылады. Кӛңілді және қуанышты кӛңіл-кҥй кҥндерге, апталарға, айларға 
созылады. Науқас ӛзін бақытты сезінеді, кҥші және энергиясы тасып
ешқандай дерті және физикалық бҧзылысы жоқ тәрізді болып, қоршаған 
ортадағы жайттардың барлығы қызықтырып, ӛмір сҥруге қҧштар болады. 
Олар әр уақытта кҥлімдеп жҥреді, кӛп қозғалып, кӛп сӛйлеп, сӛз тапқыш 
болып келеді. Осы суреттелген кӛңіл-кҥй кӛтерілуі маниакальды-депрессивті 
психоздың маниакальды фазасында, кезеңді шизофенияда, орталық жҥйке 
жҥйесінің органикалық ауруларында кездеседі. 
Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі 


~ 128 ~ 
Кӛтеріңкі кӛңіл-кҥй вариантының бірі - 
эйфория
деп аталады. Эйфория 
кезінде кӛңіл-кҥй шектен тыс шабытты жағдайға /маниакальды 
науқастардағыдай/ 
дейін 
кӛтерілмейді. 
Эйфория 
интеллектуальдық 
ҥрдістердің белсенділігімен және әрекет етуге талпыныспен кӛрініс бермейді. 
Кеңпейілділік және бейғамдық науқастың қорғансыз, аянышты жағдайына 
сәйкес келмейді. Ӛкпе туберкулезінен ӛлім аузындағы және ауыр миокард 
инфарктының жедел сатысында эйфория жалпы жағдайдың ауырлауымен 
қатарласып жҥреді. Эйфория мастану жағдайына да тән /алкогольмен, 
наркотикпен/. 
Бас миы ісігімен, және бас-ми жарақатының жедел кезеңінде және бас 
миының басқа да органикалық ауруларында қозғалыстық қозумен, 
алаңғасарлықпен және оғаш жҥріс-тҧрыспен эйфория жағдайы бақыланады
бҧл жағдайды - мория деп атайды. 
Шизофрения /гебефрения/ ауруындағы есалаңдықты мания мен 
эйфориядан айыру қажет. Ауру бет аузын қисайтып, тілін кӛрсетеді, секіреді, 
билейді, домалайды, кенеттен қатты айқайлап кҥледі. Бҧл «кӛңілдену» 
қоршаған адамдардың эмоциональды резонансын тудырмайды, себебі ол бос 
кӛңілділік: кӛңіл-кҥйдің кӛтерілуі және оған сәйкес келетін ассоциативті 
белсенділік болмайды.
Көңіл-күй төмендеуі
депрессивті жағдайларға тән. Бҧл жағдай 
науқастарда апат тәрізді субъективті кҥйзеліс. Бҧл жағдайдың негізгі белгісі 
ауыр қайғы-мҧңмен кӛрінеді, кейде бҧл жағдай ӛз-ӛзіне қол жҧмсауға дейін 
жеткізеді. Мҧң сезімі кейде аса айқындалады: науқастар жан ауруына, жан 
немесе жҥректегі ауырлық сезіміне шағымданады. 
Осындай, 
жүректік мұң
(anxietas praecordialis) деп аталатын сезімнің 
пайда болуы, оған ҧқсас стенокардия ҧстамасымен дифференциальды 
диагностика жасауға негіз болады; оны ажырату әсіресе егде тартқан 
адамдарда және қантамырлық жеткіліксіздігімен адамдарда депрессия 
жағдайы дамығанда қиындық тудырады. Ауыр депрессия кезінде, әсіресе 
қартайған шақта кейбір сыртқы тітіркенгіштердің /инфекциялар,ауруды 
қарау,және т.б./ әсерінен мҧң кҥрт кҥшеюі мҥмкін: raptus melancholicus 
жағдайына дейін жететін ауыр меланхолиялық қозу жағдайы байқалады. 
Мҧндай науқас аласҧрады, қайда болсын жҥгіруге тырысады, басын 
қабырғаға ҧрады, шашын жҧлады, ӛзін-ӛзі ӛлтіруге дейін барады. 
Циклотимиялық депрессия кезінде тӛмен аффект мҧң ретінде сезілмейді; 
науқас ӛзін нашар сезінетініне, жабырқаулыққа шағымданады. Депрессия 
қызығушылықтың, әуестіктің, талпыныстардың тӛмендеуімен жҥреді; 
классикалық депрессияға қозғалыстық және идеаторлы тежелу тән. 
Кейбір депрессиялық ауруларда anaesthesia psychica dolorosa – жанға 
бататын сезімсіздік симптомы байқалады. Науқас сезу қабілеттілігінің 
жоғалғанына, қуаныш, жақын адамына деген махаббатын, аяушылық сезімін 
жоғалтқанына шағымданады. Науқас бояу қанықтығын /«солғын тартқан»/, 
тамақтың дәмін /«тамақ шӛп сияқты»/ және кейде ӛз денесін де 


~ 129 ~ 
сезбейтіндігін айтады. Бҧл жағдайдың апатиядан айырмашылығы, бҧл кезде 
науқас ауыр кҥйзеледі. 
Апатия 
- бос эмоциональды кҥй, барлығына толық немқҧрайдылық, 
эмоциональды топастық /тупость/- дефицитарлы симптомға жатады. Апатия 
шизофрениялық ҥрдіске, тотальды органикалық деменцияға тән. 
Дисфория
жағдайы - тітіркенгіштік, қаталдық, ызалылық, ӛзі мен 
айналасындағыларға кӛңіл толмаушылықпен, атылғыштықпен, агрессивті 
және кҥйрететін әрекеттерге бейімділікпен жҥретін ӛзгерген кӛңіл-кҥй 
кезеңдері. Бҧл жағдай теріс және оң да эмоциямен кӛрінуі мҥмкін. 
Тітіркенген-мҧңлы жағдай аяныш сезімін тудырмайды, ал ызалы кӛңілділік 
айналадағылардың кӛңілін кӛтермейді. Дисфориялар эпилепсияның ҥлкен 
ҧстамасының эквиваленті болып табылады, және де алкоголизммен 
наркоманиямен науқастар абстенсенциясы жағдайында, психоорганикалық 
синдромда бақыланады.
Жігерсіздік 
- эмоциялық әлсіздік, сезімдер сферасындағы лабильділік 
жағдайы. Болмашы нәрсеге қатысты кӛңіл-кҥйдің ҥнемі тербелісімен 
сипатталады; тез арада жылайды, ал кӛңіл-кҥй кӛтерілгенде – 
сентиментальдылық бақыланады. Бас миының қантамырлық зақымдануында, 
соматогенді астенияда байқалады. 
Абдырау 
- ӛзіндік сана және заттық сана бҧзылысымен психикалық 
қызметтердің жедел бҧзылысының дамуымен бірге жҥретін шатасу жағдайы. 
Кӛздері кеңінен ашылған, кезбе кӛзқарас, сенімсіз қозғалыс, сҧрамшыл сӛз – 
науқастың бар кескіні ӛз жағдайы мен болып жатқан жайтты тҥсінбейтіндігін 
суреттейді. Абдырау шизофренияда симптоматиканың онейроидты сана 
кҥңгірттенуіне бағытталуы кезінде айқын кӛрініс береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет