161
ашылып, ішке кірдік. Бізді денесінің жарымы келісті, жарымы жағымсыз көріністегі
біреулер тосып алды. Жанымдағылар оларға: «Жүгіріңдер, барып әлгі дарияға
түсіңдер», – деді. Қарасам, суы аппақ дария ағып жатыр.
Бізді тосып алғандар дарияға бір сүңгіп шығып, жанымызға келгенде денелерінің
жағымсыз жерлері жоғалып, бастан-аяқ ең жақсы бейнеге келіп қалыпты».
Жанымдағылар: «Бұл жер – Адн пейіші, осы жер – сенің орның», – деді. Жоғары
жаққа қарасам, ақ бұлттай шаңқайған көрікті сарай тұр.
Жанымдағылар: «Міне, осы – сенің орның», – деді. «Сендерге Алла береке берсін,
рұқсат берсеңдер, мен сарайдың ішіне кірейін», – дедім. «Қазір болмайды, бірақ
уақыты келгенде ол жайға кіресің», – деп айтты. Олардан «Осы түні қатты
таңғаларалық нәрселерге куә болдым, олар не еді?» – деп сұрадым. Сонда олар:
«Саған айтып берейік, тыңда», – десіп, сырлы оқиғаларды түсіндіре бастады:
Алғашқы кезіктірген қайта-қайта басы таспен жаншылған кісі Құран Кәрімді біліп
тұрып, бұйрықтарын орындамаған және парыз намаздарды оқымай ұйықтаған кісі еді.
Жағы, мұрны және көзі темір шеңгелмен жарылған кісі таң атқанда үйінен шыққаннан
бастап жалған-жала жайып жүрген біреу.
Тандырға ұқсас құдыққа қамалған әйел-еркектер – зинақорлар.
Жиекке жақындағанда таспен ұрылып, тынбай дарияда жүзіп жүрген пенде – өсімқор
еді.
Отты қозғап жағып жатқан өңі сұсты, жағымсыз кісі – тозақтың күзетшісі.
Бақшадағы ұзын бойлы кісі – Ибраһим (а.с.), ал жанындағылар – мұсылман
табиғатымен бұл дүниеден өткен жас балалар.
Сол сәтте бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі, мүшріктердің балалары да соған қосыла
ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүшріктердің балалары да қосылады»,
– деп жауап берді.
Денесінің жарымы келісті, жарымы жағымсыз кісілер жақсы ісі де, жаман ісі де бар
кісілер еді. Алла Тағала олардың жаман істерін кешіріп жіберген».
Баззардың айтуына
қарағанда
хадис
төмендегіше
аяқталады:
«Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бастары таспен жарылған және жарылысымен қайтадан бітіп
қалған бір топты жолықтырды. «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» – деп сұрағанда,
Жәбірейіл (а.с.): «Бұлар намазды ауыр деп санаған тар ойлы жалқау кісілер еді», – деп
жауап берді».
Хатиб және ибн Нажжардың (рахматуллаһи аләйһима) айтуы бойынша,
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Достарыңызбен бөлісу: