Имам ғазали жүректің сырлары


Тозақ  Алла Тағала тозақ жайлы: « Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың ішінен



Pdf көрінісі
бет126/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Тозақ 
Алла Тағала тозақ жайлы: «
Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың ішінен 
арнайы топтар бөлінген (яғни, олардың ішінен қай топтың қай қақпадан кіретіні 
белгілі)
»
429
деген. 
429
 
«Хижр» сүресі, 44-аят. 


165 
Ибн Журайж: «Тозақтың жеті қабаты бар. Олар: Жаһаннам, Лаза, Хутама, Саир, 
Сақар, Жахим және Хауия. 
Бірінші қабаты иман келтірген күнәһарлар үшін, екінші қабаты яһудилер үшін, үшінші 
қабаты христиандар үшін, төртінші қабаты жұлдыздарға сиынғандар үшін, бесінші 
қабаты отқатабынушылар үшін, алтыншы қабаты пұтқатабынушылар үшін және 
жетінші қабаты мұнафықтар үшін. Демек, жаһаннам – ең үстіңгі қабат. Содан соң 
қатарымен басқалары тұрады», – деп айтқан. 
Сондай-ақ аяттың мағынасы бойынша, Алла Тағала шайтанға ергендерді жеті топқа 
бөліп, әрбір тайпаны тозақтың бір қабатына жайғастыратыны айтылады. Өйткені 
кәпірлік және күнәлардың дәрежелері әртүрлі және тозақтағы жағдайлары да әр басқа 
болады. 
Бір риуаят бойынша: «
Көз, құлақ, тіл, қарын, ұятты жерлер, қол және аяқтан 
тұратын дененің жеті мүшесі үшін тозақ та жеті қабат болып жаратылған. 
Өйткені күнәлар сол мүшелермен жасалады және олардың барар жері де жеті қабат 
тозақ
». 
Бұл туралы әзірет Али (кәррамаһуллаһу уәжһәһу): «Тозақ үсті-үстіне орналасқан жеті 
қабаттан тұрады. Әуелі біріншісі, содан соң екіншісі, содан соң үшіншісі болып, 
қатарымен барлық қабаттары толады», – деген. 
Бұхари мен Тирмизидің ибн Омардан риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «
Тозақтың жеті есігі бар. Бұлардың бірі менің үмбетіме қылыш 
көтергендерге тиесілі
», 
– деген. 
Табаранидің «Аусат» атты кітабында былай деп жазылады: «Бір күні Жәбірейіл (а.с.) 
әдеттегі келетін уақытынан басқа уақытта келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны тосып 
алып: «Уа, Жәбірейіл! Неге жүзің салқын тартып қалған?» – деп сұрайды. Жәбірейіл: 
«Егер Алла тозақтың көріктері туралы мағлұмат беруімді бұйырмағанда саған келмес 
едім», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жәбірейіл, маған тозақ туралы айтып бер», – 
дейді. Жәбірейіл (а.с.) баяндай бастайды: 
«Алла тозақ отын жағуды бұйырды. Мың жыл жағылғаннан кейін ол ағарды. Тағы 
жағуды бұйырып, мың жыл жағылғаннан кейін қып-қызыл болды. Содан соң тағы 
бұйырды. Сөйтіп тағы мың жыл жағылғанда қап-қара болды. Ол енді қап-қара. Енді 
одан ұшқын жылт етіп, жалын жарық шашпайды. Сені пайғамбар қылып жібергенге ант 
етейін, тозақтан бір иненің көзіндей тесік ашылса, бүкіл жер жүзіндегі жандылар өледі. 
Сені хақ пайғамбар қылып жібергенге ант етейін, егер тозақ күзетшілерінің бірі бұл 
дүниедегілерге көрінсе, бүтіндей жер жүзіндегілер оның жағымсыз көрінісінен және 
сасық иісінен өліп қалмақ. Сені хақ пайғамбар қылып жібергенге ант етейін, егер 
тозақылардың кісендерінің бір жүзікшесі – оның қандай екендігі Алланың кітабы 
Құранда суреттелген – бұл дүниедегі таулардың үстіне қойылса, оларды жердің 
астына шөктіріп жіберер еді. Таулар оның салмағын мүлдем көтере алмақ емес». 
Сөз сол жерге келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жәбірейіл, осыншамасы 
жеткілікті! Тағы сөйлесең, жүрегім жарылып өлемін», – деп Жәбірейілге (а.с.) қараса, 
ол жылап жатады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, Алланың алдындағы ұлы 
дәрежеңе қарамай сен де жылап жатырсың ба?» – деп сұрайды. Жәбірейіл (а.с.) оған: 
«Мен қайтіп жыламайын! Мен бәрінен көбірек жылауға тиіспін. Құдай біледі, бәлкім, 
қазіргі орнымнан басқа бір дәрежеде болуым мүмкін еді. Ақыры бір күні мен де Ібілістің 
жағдайына түсіп қалмасам екен деп уайымдаймын. Ол да періштелердің тобында емес 
пе еді. Харут пен Маруттың басына келген сынаққа мен де душар болмаймын деп айта 
алмаймын. Келешекте басыма нелер келерін білмеймін», – деп жауап береді. 
Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) де, Жәбірейіл де жылады. Олардың жылауы еш 
басылмастай еді. Сол сәтте: «Уа, Жәбірейіл! Уа, Мұхаммед! Алла сендерді күнәдан 


166 
сақтайтын болды!» деген үн естілді. Сол үн естілгенде Жәбірейіл (а.с.) ғайып болып 
кетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сыртқа шығып, ансарлардың бір тобы мәре-сәре болып 
отырғанын көрді. Оларға: «Тозақ арттарыңда тұрса, сендер күліп жатырсыңдар ма?! 
Егер менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер. Жеген-ішкендерің де 
сіңбес еді. Тауларға шығып алып Аллаға жалбарар едіңдер», – деді. 
Міне, сол сәтте «Уа, Мұхаммед, пенделерімнің үмітін үзбе! Мен сені ауырлатушы 
емес, сүйіншілеуші қылып жібергенмін» деген үн естілді. Сонда Пайғамбарымыз 
сахабаларға: «Тура жолдан таймай, Аллаға жақындаңдар!» – деп айтты. 
Имам Ахмадтың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілден: «Неге 
Микаилдың күлгенін еш көрмеймін?» – деп сұрағанда, Жәбірейіл (а.с.): «Микаил, тозақ 
жаратылғаннан бері күлген емес», – деп жауап берді. 
Мүслимнің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Қиямет күні тозақ әрбірін 
жетпіс мың періште тартқан жетпіс мың арқанмен сүйретіліп келеді
», 
– деп 
айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет