167
оқығандарға дайындалған. Алланың ең қатты қаһарына қалатындар – елкөрсіндік
үшін Құран оқығандар, залым патшаларды зиярат қылғандар
»,
– деді.
Табаранидің жазғанына қарағанда: «Тозақта тозақтың өзі одан қорғауды күніне төрт
жүз мәрте Алладан сұраған бір дала бар. Ол жер әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетінің
екі жүзділері үшін дайындалған», – деп айтылады.
Ибн Әбу Дуня риуаят еткен хадисте: «
Тозақта жетпіс мыңдала бар. Әр даланың
жетпіс мың тармағы бар. Әр тармақтажетпіс мың үй бар. Әр үйдің жетпіс мың
бөлмесі бар. Әр бөлмеде жетпіс мың құдық. Әр құдықта жетпіс мың қорқынышты
жылан бар. Әр жыланның ауыз қуысында жетпіс мың шаян бар. Ешбір кәпір, ешбір
мұнафық бұл жерлерге түспей қалмайды
».
Тирмизи риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Тозаққа
лақтырылған үлкен тас жетпіс жылда да түбіне жетпейді
»,
– деген.
Әзірет Омар (р.а.): «Тозақты көп еске алыңдар. Шынында, оның ыстығы қатты, түбі
шұңқыр және тоқпақтары темірден», – деп айтқан.
Баззар, Әбу Йағла, Мұхаммед ибн Хиббан және
Байхақи риуаят еткені бойынша,
Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер тозаққа бір тас лақтырылса, оның түбіне түскенге шейін
жетпіс жыл өтеді», – деген.
Мүслимнің риуаяты бойынша, Әбу Һурайра айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен
(с.а.с.) бірге отырып, ауыр нәрсе жерге түскенде шыққан үндей дыбыс естідік. Алла
Елшісі (с.а.с.): «Бұл ненің дыбысы екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла
және Оның Елшісі біледі», – дедік. Ол: «
Достарыңызбен бөлісу: