Исламның өзгешеленген белгісі – намаз. Барынша
ден қойып намаз оқығандар, уақыттарына, сүннеттеріне және өлшемдеріне мән
бергендер – шынайы мүминдер
»,
– деген.
Ибн Мажа риуаят етеді: Алла Тағала: «(Уа, Мұхаммед) Сенің үмбетіңе бес уақыт
намазды парыз қылдым және кім сол бес уақыт намазды өз уақытында толық
орындайтын болса, оны пейішке кіргізеріме де уәде бердім. Кім бес уақыт намазды өз
уақытында оқымаса, оған ешқандай уәдем де, кепілдігім де жоқ», – деп айтқан.
Имам Ахмад ибн Ханбал және Хакимнің айтуы бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Кім
намазды мойнындағы міндеті деп есептеп, оны кемшіліксіз орындаса, пейішке
кіреді
»,
– деген.
Тирмизи, Нәсаи және ибн Мажаның риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай
деген: «
Қиямет күні пенденіңсұраққа алынатын алғашқы ісі – намаз. Егер намазға
тиесілі есебі кемшіліксіз болса, құтылады. Егер намазға тиесілі есебі шала және
кем шықса, зиянға ұшырайды. Парыз намаздары шала шыққанда, Алла Тағала:
«Қараңдаршы, пендемнің нәпіл ғибадаттары бар ма? Бар болса, бұлардың орнын
162
сонымен толтырыңдар!» – дейді. Намаз мәселесі сондай шешілгеннен кейін басқа
істер де сол ережемен сұралады
»,
– деген.
Нәсаи риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні кісілер әуелі намаз
туралы сұралады. Одан кейін ғана садақа, мұқтаждарға берілген жәрдемдер туралы
сұрақ болады
»,
– деді.
Имам Ахмад ибн Ханбал, Әбу Дәуіт, Нәсаи, ибн Мажа және Хакимнің айтуы
бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Қиямет күні пенде алғашқы іс ретінде намаз туралы
есеп береді. Егер намазы кемшіліксіз болса, толық деп жазылады. Егер толық
орындалмаса,
Алла
періштелеріне:
«Қараңдаршы,
пендемнің
нәпіл
ғибадаттарының ішінде намазды толықтыратыны бар ма екен? Бар болса,
сонымен толтырыңдар», – дейді.
Сонда зекетке өтеді. Одан кейін кезегімен барлық істері солайша есепке
алынады
»
425
деген.
425
Ахмад, 4/65; Нәсаи, 1/234.
Әбу Дәуіт ат-Таялиси және Табарани риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады:
«
Жәбірейіл (а.с.) маған келіп: «Уа, Мұхаммед, Алла Тағала былай деді: «Үмбетіңе бес
уақыт намазды парыз қылдым. Кім бұл бес уақыт намазды дәретпенен, уақытында,
рүкуғ пен сәждесін кемшіліксіз орындаса, оны пейішке кіргізуге уәде беремін. Ал
енді намазы шала болып алдыма келгендерге ешқандай уәдем жоқ, қаласам, оларды
азаптаймын, қаласам, қайырымды мәміле жасаймын
»,
– деді.
Байхақидің риуаятында «
Намаз – таразы. Тура өлшеген адам сауабын
алады
»
426
деген.
426
Канзул уммал, 18892.
Дайлами риуаят еткен: «
Намаз – шайтанның жүзін қарайтады, садақа – белін
сындырады. Алла үшін сүю, Алла үшін ілімге берілу – шайтанның оқтарын жазып
жібереді. Міне, соларды орындасаңдар, шайтан сендерден Шығыс пен Батыстай
алыстайды
»
427
.
427
Канзул уммал, 18893.
Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким риуаят еткен хадисте: «
Алладан қорқыңдар! Бес
уақыт намазды оқыңдар! Рамазан оразасын ұстаңдар! Мал-мүліктеріңнің зекетін
беріңдер! Басшыларыңа бас иіңдер! (Солай жасасаңдар) ЖаратқанИелеріңнің
пейішіне кіресіңдер
».
Бұхари, Мүслим, Имам Ахмад және Нәсаи риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«
Істердің ең жақсысы – уақытында оқылған намаз, содан соң ата-анаға жақсылық
Достарыңызбен бөлісу: |