Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет20/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Ғашықтық 
Сүю – бұл бір нәрсеге көңілі ауу. Егер бұл сезім күшейсе, онда ол ғашықтық деп 
аталады. Пенде ғашық болған кісісінен еш нәрсесін аямайды. Зылихаға 
қарамайсыңдар ма? Ол сүйіспеншілігі үшін мал-мүлкінен де, сұлулығынан да, 
лауазымынан да айырылуға разы болған. Оның жетпіс түйеге жүк болатын алтын-күміс 
әшекейлері бар еді. Бәрін Жүсіпке (а.с.) арнаған сүйіспеншілігі үшін жұмсады. Тіпті 
«Мен бүгін Жүсіпті көрдім» деген кісіге де ойланбай тұрып бір бағалы әшекейін сыйлық 
етіп берді. Сөйтіп байлығын да шашып тауысты. Қолында еш нәрсесі қалған жоқ. 
Барлық нәрсені Жүсіп деп атады. Ғашықтығының себебінен одан басқа барлық нәрсені 
ұмытты. Аспанға қараса, жұлдыздар Жүсіп деп жазылып тұрғандай көрінуші еді. 
Айтушылар бойынша, Зылиха иман келтіргеннен кейін Жүсіппен (а.с.) бас қосып
бірақ одан бөлек өмір сүре бастады. Өзінше бөлектеніп, жалғыз Аллаға ғибадат жасап 
жүрді. Жүсіп (а.с.) күндіз жатайық десе түнге қалдырды, түнде жатайық десе күндізге 
қалдырды. 
Ол: «Жүсіп, мен сені Алланы танығанға дейін сүйдім. Оны танығаннан кейін одан 
басқаның сүйіспеншілігіне орын қалмай қалды. Мен оның сүйіспеншілігінің орнына 
басқа нәрсе қаламаймын», – деді. Бұл жағдай Жүсіп (а.с.) оған: «Алла Тағала сенен екі 
бала нәсіп ететінін және оларды пайғамбар қылатынын айтты» дегенге шейін 
жалғасты. Зылиха: «Егер Алла Тағала саған солай бұйырса және мені соған себепкер 
қылса, онда Алла Тағаланың бұйрығына бас ию керек», – деп қосылуға келісті. 


25 
Ләйланың Мәжнүнінен «Атың кім?» – деп сұраса, «Ләйла», – дейді. Тағы бір күні 
Мәжнүнге: «Ләйла өлді», – десе: «Жоқ. Ол менің жүрегімде. Ол өлмейді. Себебі мен 
Ләйламын», – деп айтады. 
Бір күні Мәжнүн Ләйланың үйінің жанында тұрып көкке қарай берді. Оны көргендер: 
«Ей, Мәжнүн, аспанға қарамай Ләйланың үйіне қарасаңшы. Бәлкім, оны сол жерден 
көріп қаларсың», – деп айтты. Сонда ол: «Мен Ләйланың үйіне сәулесі түскен 
жұлдызды көрсем де разымын», – деп жауап қайтарды. 
Риуаяттарға қарағанда, Халлаж Мансурды он бес күн абақтыға қамады. Имам Шибли 
оған келіп: 
– Мансур, ғашықтық деген не? – деп сұрады. Мансур: 
– Бүгін емес ертең сұра, – деді. Ертесі күні оны абақтыдан шығарып, дардың жанына 
алып келді. Сол сәтте Имам Шиблиді көріп: 
– Шибли, ғашықтықтың басы – күйіп-жану, аяғы – өлім, – деді. 
Шынайы сүюдің үш қасиеті бар: 
1. Сүйгенінің сөздерін басқа барлық сөздерден артық көру; 
2. Сүйгенімен бірге болуын басқалармен бірге болудан артық көру; 
3. Сүйгенінің разылығын басқалардың разылығынан артық көру. 
Бір кісі Евфрат дариясына жуынып жатып біреудің: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет