26
– Сен оның кішкентай сүйіспеншілігіне де шыдамайсың, – деп жауап береді.
– Олай болса кішкентайдың жарымын сұра, – дейді әлгі.
Сонымен арадан біршама уақыт өтеді. Бір мәрте Иса (а.с.)
тағы сол жерден кетіп
бара жатып баяғы жігіт туралы сұрастырады. Ол жердегілер:
– Ол ақыл-есін жоғалтып тауға шығып кеткен, – дейді. Иса (а.с.) Алла Тағалаға дұға
қылып, жігітті өзіне көрсетуін сұранады.
Нәтижеде оны таудың арасында бір тастың үстінде көкке алақан жайып отырған
жерінен тапты. Иса (а.с.) оған сәлем берді, бірақ жауап болған жоқ. Иса (а.с.): «Мен –
Исамын», – деп өзін естіртуге әрекет жасады. Сонда Алла Тағаладан: «Жүрегінде
Маған болған сүюдің кішкентайының жарымындайы бар пенде сенің сөзіңді қайтіп
естиді? Өз ұлылығыма ант етейін, егер оны арамен аралап тастасаң да сезбейді», –
деген уахи келді.
Кімде-кім үш нәрсені айтқанымен үш нәрседен тазаланбаса, ол
алданған болып
саналады. Бұлар:
1. Алланы зікір қылудан рахат алғанын айтқанымен дүниені сүйгендер;
2. Ықыласты іс жасауды жақсы көретінін айтқанымен басқалардың өзін құрметтеп
тұруын қалағандар;
3. Жаратушысын сүйгенін айтқанымен нәпсісіне бас игендер.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үмбетімнің басына бір уақыт келеді. Сонда олар бес
нәрсені сүйіп, бес нәрсені ұмытады:
– Дүниені сүйіп, ақыретті ұмытады,
– Мал-мүлікті сүйіп, есеп беруді ұмытады,
– Жаратылғандарды сүйіп, Жаратқанды ұмытады,
– Сарайларды сүйіп, қабірді ұмытады».
Мансур ибн Аммар бір жігітке былай деп насихат айтқан: «Ей, жігіт! Жастығыңа
алданба. Тәубені кешіктіріп, еш өлмейтіндей жүрген,
өлімді еске алмаған қаншама
жастар бар. Олар: «Мен ертең не одан кейінгі күні тәубе жасаймын», – дейді. Бірақ өлім
періштесі оларды тәубеден бейхабар жүргенде желкеден алып, қабірге түсірді. Ол
қабірде мал-мүлік, құл-құтан, бала-шаға, ата-ана пайда бермейді.
Бұл туралы Алла
Тағала былай деген:
Достарыңызбен бөлісу: