Имам ғазали жүректің сырлары


Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды



Pdf көрінісі
бет29/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды 
және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады
»
71

71
 
«Ниса» сүресі, 58. 
Тәпсіршілердің пікірі бойынша, бұл аят шариғаттың бірнеше негізгі ережелерін 
қамтиды. Аят жалпы басшыларға және қатардағы қызметшілерге, яғни бүтіндей 
жауапкер пенделерге айтылады. Басшылар қол астындағылардың құқықтарын аяққа 
таптамау керек. Бұл да аманат. Мүминдердің, әсіресе, жетімдердің мал-мүлкін қорғау 
бұның басында тұрады. Ғалымдар елге діни үкімдерді үйретуі керек. Өйткені бұл – 
ғалымдарға жүктелген міндеті. 
Ата-ана бала-шағасын әдепті қылып тәрбиелеуге тиіс. Себебі перзент те ата-анаға 
Алла Тағала тарапынан берілген аманат. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Бәрің қойшы сияқтысыңдар және 
бәрің қарамағыңдағылардан жауаптысыңдар
»
72

72
 
Мүслим, 1829, Әбу Дәуіт, 2928; Тирмизи, 1705. 
«Заһрур-рияд» атты кітапта төмендегідей оқиға баяндалады: 
Қиямет күні Алла Тағаланың алдына бір пенде әкелінеді. Алла Тағала одан: 
«Пәленшенің аманатын қайтарып бердің бе?» – деп сұрағанда, пенде: «Жоқ», – дейді. 
Сонда Алла Тағала бір періштеге бұйырып, періште пендені қолынан сүйреп, тозаққа 
алып барады. Тозақтың түбінде оған аманатты көрсетеді. Тозақтың түбіне жеткенге 
шейін жетпіс жыл өтеді. Содан соң аманатты алып жоғары көтеріледі. Тозақтың шетіне 
шыққанда аяғы тайып қайта тозаққа құлайды. Бұл жағдай Алланың мейірімі
Пайғамбардың (с.а.с.) шапағаты келіп, аманат иесі разы болғанға шейін жалғасады». 
Әбу Сәламадан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте былай деп айтылады: «Біз бір күні 
Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге отырғанда, жаназасы оқылатын бір өлік әкелінді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мойнында қарызы бар ма?» – деп сұрады. «Жоқ» деген 
жауап болғанда, тұрып жаназа намазын оқыды. 
Оның артынан тағы бір жаназа әкелінді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жолы да: 
«Мойнында қарызы бар ма?» – деп сұрады. «Бар», – деп айтылғанда, «Артында не 


36 
қалды?» – деді. «Үш динар қалдырды», – делінді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның да 
жаназасын оқыды. Оның артынша үшінші жаназа келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Мойнында қарызы бар ма?» – деп сұрады. «Иә», – дегенде: «Артында бір нәрсе 
қалдырды ма?» – деп сұрады. «Жоқ», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл 
бауырларыңның намазын сендер оқыңдар», – деді.
73
 
73
 
Бұхари, 2391; Нәсаи, 1961; ибн Ханбал. 
Қатададан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) адам ақысы 
туралы былай дейді: «
Алла Тағалашейіттің барлық күнәларын кешіреді. Бірақ адам 
ақысы бұдан тысқары
»
74

74
 
Мүслим, 1829, Әбу Дәуіт, 2928; Тирмизи, 1705. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет