Имам ғазали жүректің сырлары


Шүбәсіз, адам баласы тым залым (яғни



Pdf көрінісі
бет28/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Шүбәсіз, адам баласы тым залым (яғни, 
әділдікке қас, қателікке, күнәға жақын һәм жауапсыз келеді) әрі өте надан 
(ақиқаттан бейхабар, ғапыл, парықсыз һәм нәпсісіне ергіш) келеді
».
66
 
66
 
«Ахзаб» сүресі, 72. 
Адамзат бұл аманатты мойнына алумен өздеріне зұлымдық жасаған. Осындай 
аманаттың жауапкершілігін білмей надандық жасаған. 
Ибн Аббастың (р.а.) риуаяты бойынша, Адамға (а.с.) бұл аманат ұсынылғанда оған 
былай деп айтылады: «Мұны ішіндегілерімен қоса ал. Егер мойынсұнсаң, кешірілесің, 
егер қарсы шықсаң, азап тартасың». Адам (а.с.) да оны ішіндегілерімен бірге қабыл 
алғанын айтқан. Екінті мен ақшамның ортасындағыдай бір уақыт өткенде Адам (а.с.) 


35 
тыйым салынған ағаштың жемісін жеді. Бірақ Алла Тағаланың рақымымен тәубе 
келтіріп, тура жолға түсті. 
«Аманат» деген сөз «иман» деген сөзбен бір түбірден шыққан. Кім Алла Тағаланың 
аманатын сақтаса, Алла Тағала да оның иманын сақтайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Аманатқа ұқыпты қарамаған кісінің иманы жоқ. Сөзінде тұрмаған кісінің діні жоқ
»
67

– деген. 
67
 
Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 135; ибн Хиббан, 1/422. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл жөнінде бірнеше хадисі бар. Олардың кейбірін 
мысал келтірейік: 
«
Мүмин қиянатшыл және өтірікші болудан басқа барлықмінезбен мінезденсе 
болады
».
68
 
68
 
Ахмад ибн Ханбал, 21666. 
«
Үмбетім аманатты, олжаны және садақаны жоғалтпайынша қайырлы
».
69
 
69
 
Әл-Исаба, 7/52. 
«
Мұнафықтың (екі жүздінің) үш белгісі бар: сөйлесе жалған сөйлейді, уәде берсе 
орындамайды, аманатқа қиянат жасайды
».
70
 
70
 
Бұхари, Иман, 24; Мүслим 79; Тирмизи 2631. 
Хадисте де айтылғандай, мұнафыққа сыр айтсаң, жайып жібереді. Мал-мүлік 
аманатқа берілсе, оны сақтамайды немесе аманатты рұқсатсыз өз пайдасына 
қолданады. 
Аманатқа ие болу – Алла Тағалаға жақын болған періштелердің, пайғамбарлардың, 
Алладан қорыққан мүминдердің сипаты. 
Алла Тағала былай дейді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет