45
Жаман кісілерді айыптаудан да аулақ болу керек.
Елдің бәрінің қателігін көріп,
басқалар туралы жаман мағлұматтарды жайған кісіні көрсең, демек, оның ісі бұзық,
арам ойы сыртына шығып жатыр. Сондықтан пенде басқалар туралы жаман ойдан
алыс болуымен шайтанның шабуылдарынан сақтануға тиіс.
Ибн Исхақ (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Сахабалардың қасиетті Мәдинаға һижрат
жасағанын және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жаңа достарды (ансарларды) тапқанын
естіген Құрайыш мүшріктері оның күшінен қорқа бастады. Себебі оның мүшріктермен
соғысу үшін қол жиып жатқанынан хабар алған еді. Нәтижеде мүшріктер
әрдайым
жиналыс өткізу үшін Дарун-Надуаға жиналысты. Рудың барлық істері сол жерде
талқыланып, шешім шығарылғаны үшін сондай ат қойылған. Құрайыш руы барлық
мәселелерін сол жерде шешті. Олар Әбу Жаһилдің басшылығымен сенбі күні
жиналды. Міне, сондықтан сенбі «тұзақ құру» күні деп аталған.
Нажидтік қарияның кейпін киген Ібіліс те осы жиынға қатысты. Ол әдемі жібек шапан
киіп, бай-манаптың бейнесінде есіктен кіріп келгенде, мүшріктер: «Бұл кім?» – деп бір-
бірінен сұрасты. Шайтан оларға: «Нажид аймағынан келдім. Жиында не сөз болатынын
білгім келді. Бәлкім, кейбір мәселелерде сендерге өсиет етемін», – деді. Құрайыштар
оған рұқсат берді де, жиынды бастады. Мүшріктер Пайғамбарымызды (с.а.с.) не қылу
керек деп қызу таласқа түсті. Олар жалпы жүз кісі болды. Кейбір риуаяттарда 15 кісі
деп те айтылады.
Әбу Бухтари (ол Бәдір соғысында кәпірлердің қатарында өлген): «Оны шынжырға
матап тұрып қамап тастайық. Бұрынғы және кейінгі ақын, сиқыршылар душар болған
жазаға ол да душар болсын, – деді.
Нажидтік қария бейнесіндегі шайтан:
– Жоқ, болмайды. Сендер оны шынжырға
матап қамаймыз десеңдер, әлі есік
жабылмай жатып оның кісілері қаптап келіп қолдарыңнан құтқарып кетеді. Содан соң
күш жинап алып сендерді құртады. Сондықтан бұл ой дұрыс емес, басқа шарасын
табыңдар, – деп оған қарсы болды.
Құрайыштың басшыларының бірі Әбул Асад әл-Амири:
– Оны бұл жерден қуып жіберейік. Қайда барса сонда барсын. Кейін мүлдем қарамай
қоямыз, – деді.
Қария бейнесіндегі шайтан оған да қарсы болды.
– Ол қайтіп болсын?! Құдайға ант етейін, егер оны қуып жіберсеңдер, сырттағы бір
руға барып, оларды да алдап, сендерге қарсы қоюы мүмкін. Ол
тіпті қол жиып келіп
сендерді бағындырып алады да, қалағанындай басқарады. Одан гөрі басқа бір пікір
айтыңдар, – деді ол.
Сонда Әбу Жаһил алға шығып:
– Менде бір ой бар. Қазір тыңдап тұрсам, біреуің де менің ойыма жақын пікір айтқан
жоқсыңдар. Ойым мынадай. Әрбір рудан алмас қылышты бір-бірден ер жүрек, батыл
жігіт таңдалсын. Міне, сол жігіттермен барып Мұхаммедті өлтірейік. Оның жанына
барғанда барлығымыз бірдей қылыш сілтейміз. Одан сөйтіп қана құтылсақ болады.
Сонда ғана Мұхаммедтің руластары кейін кімнен өш аларын білмей қалады.
Қария бейнесіндегі шайтанға Әбу Жаһилдің пікірі өте ұнады.
Сөйтіп жиын
Мұхаммедті (с.а.с.) өлтіру шешімімен аяқталды.
Бірақ бұл уақытта Жәбірейіл (а.с.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп:
– Бүгін түнде бұрын жатып жүрген орныңа жатпа, – деп кетті.
Қас қарайғанда құрайыш кәпірлерінен жиналған таңдаулы жігіттер Алла Елшісінің
(с.а.с.) үйін білдіртпей қоршауға алып, ұйықтауын күтіп тұрды. Олардың мақсаты
Пайғамбарымызды ұйқыда жатқанда басып кіріп, төсектен тұрғызбай қылыштап тастау
еді.
46
Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса Жәбірейілдің бұйрығымен әзірет Алиге (р.а.)
өзінің
жасыл шекпенін жамылып орнына жатқызып қойды. Сөйтіп әзірет Али (р.а.) өз жанын
құрбандыққа шалып, Алла Елшісін (с.а.с.) қорғаған алғашқы мұсылман болды.
Түн болғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйінен шығып, мүшріктердің алдынан өтіп кетті.
Алла Тағала олардың көзін қараңғылап тастағандықтан, ешбірі оны көрген жоқ.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Иәсин» сүресінен:
Достарыңызбен бөлісу: