42
сендерге осыларды бұйырады
»
99
деген аятты оқыды. Содан кейін Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бізге шайтанның тұзақтары туралы баяндады:
99
«Әнғам» сүресі, 153.
«Бұрынғы өткен заманда бір монах өмір сүріпті. Шайтан
оны жолдан адастыруды
көздей бастады. Сол сәтте бір кісінің күңі қатты ауырып қалады. Шайтан: «Бұл ауруды
пәленше монах айықтырады», – деп күңнің отбасын азғыра бастады. Нәтижеде
жақындары күң әйелді емдеу үшін монахтың үйіне барды. Бірақ ол қабыл алмай қойды.
Олар қайта-қайта бара берді. Ақыры монах оны қабылдауға мәжбүр болып, емдей
бастады. Шайтан оны күңмен жыныстық қатынаста болуға азғырып, ақыр аяғында бұл
мақсатына да жетті. Сөйтіп күңнің бойына бала бітіп қалды. Содан соң шайтан монахты
азғыра бастады. «Сен мұны өлтіруің керек. Болмаса
ертең елге жайылып кетсе, ел
қараған бетің жер қарайды. Одан да қазір оны өлтіріп, отбасына «Өзі өліп қалды!» дей
сал», – деп сыбырлап жатты ол.
Ақыры, монах шайтанның айтқанын жасады. Шайтан күң әйелдің отбасына барып:
«Монах сендердің қыздарыңмен жыныстық қатынаста болған соң,
оны өлтіріп
тастады», – деді. Олар келіп шындықты білді де, монахқа қол жұмсай бастады. Сонда
шайтан монахқа бетбе-бет келіп:
– Бұл істердің бәрін сені азғыру арқылы мен жасаттым. Қаласаң, сені құтқарып
қалуым мүмкін. Бірақ әуелі маған екі мәрте сәжде жасауың керек, – деді.
Қиналып тұрған монах шайтанға сәжде жасап жіберді.
Сонда шайтан оған қарап
тұрып:
– Мен сенен ұзақпын. Сені танымаймын. Сенімен ешқандай байланысым болған
емес, – деп шетке шыға берді.
Бұл хикаяда айтылғандарды растау ретінде мына аяттарды көрсетуге болады:
«Яһудилерді соғысқа итермелеген мұнафықтардың мысалы, тура шайтанға ұқсайды.
Шайтан алдымен адам баласын: «Күпірлік қыл», – деп азғырады. Ол шайтанның сөзіне
еріп күпірлік қылғанда, шайтан оған: «
Достарыңызбен бөлісу: