Имам ғазали жүректің сырлары


Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю



Pdf көрінісі
бет31/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю 
 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп айтады: «
(Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер 
(Раббыларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа 
шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер
»
84

84
 
«Әли Имран» сүресі, 110. 
Қалби атты тәпсір ғалымы: «Бұл аят Ислам үмбетінің басқа үмбет және елдерден 
өзгеше екенін баяндайды. Демек, Ислам үмбеті ең жақсы үмбет екендігінде талас жоқ», 
– деп тұжырымдаған. 
Аятта «адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған» деп айтылған сөз 
«адамдардың жақсылығы және пайдасы үшін ғасырлар бойы өзгешеленген және 
танылған» деген мағынаны береді. Жоғарғы аяттың жалғасындағы: «
Үнемі 
жақсылыққа 
шақырып, 
жамандықтан 
тыясыңдар, 
Аллаға 
кәміл 
сенесіңдер
»
85
 
деген сөз үмбеттің өзгешелігінің себебін түсіндіреді. Егер жақсылыққа 
шақырып, жамандықтан тыю міндетін тастап қойса, ең құнды қасиетінен айырылады. 
85
 
«Әли Имран» сүресі, 110. 
Демек, қайырлы және өзгеше болудың шарты – жақсылыққа шақырып, жамандықтан 
тыю. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Адамдардың ең жақсысы – адамзатқа 
пайдалы болғаны, адамдардың ең жаманы – адамдарға зиянды болғаны
».
86
 
86
 
Азхари, Тахзирул Мүслимин, 153; Жамиғус сағир, 2/10. 
Аятта айтылған «Аллаға сенесіңдер» деген сөз «Алланың бірлігін танисыңдар, 
сенімде бекем болып, әзірет Мұхаммед (с.а.с.) Алланың елшісі екенін растайсыңдар» 
дегенді түсіндіреді. Өйткені Алла Елшісінің (с.а.с.) пайғамбарлығын қабыл алмағандар 
Алла Тағалаға сенген болып есептелмейді. Себебі олар әзірет Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) Алла Тағаладан алған хабарларын өзі ойдан шығарған деп ойлайды. 
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) баяндайды. Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: 
«
Араларыңнан біреу бір жаман істі көрсе, оны қолымен түзетсін. Егер оған шамасы 


39 
жетпесе, онда тілімен түзетсін. Соған да шамасы жетпесе, жүрегімен (ішінен) 
жақтырмасын. Бұл – иманның ең әлсізі
»
87

87
 
Мүслим, Иман 78. 
Кейбір ғалымдар бұл хадиске төмендегіше түсіндірме береді: «Жаман істерді күшпен 
өзгерту – биліктегі басшылардың; сөзбен түзету – ғалымдардың; шын көңілден қарсы 
тұру – жалпы мұсылмандардың міндеті». Басқа ғалымдар болса бұлай бөлмей, әрбір 
мұсылман жамандықты тыюға міндетті екенін айтады. Олар бұл көзқарастарына 
төмендегі аятты дәлел қылады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет