Аманат Алла Тағала былай дейді: «
Расында, біз аманатты (яғни, өз еркімен Аллаға лайықты құл болу сынды үлкен жауапкершілікті) жеті қат көкке, жерге және тауларға (мойындарыңа алыңдар деп) ұсындық. Алайда олар оны мойындарына алудан қашты, оның ауыр жауапкершілігінен қорықты. Сөйтіп, оны адам баласы өз мойнына алды »
65
.
65
«Ахзаб» сүресі, 72.
Алла Тағала аспанға, жер жүзіне және тауларға жүктеуді қалаған аманат бүгін
адамдардың мойнындағы мұсылмандық міндеттер. Яғни аятта айтылған «аманат»
сөзінің мағынасы – нәтижесінде жаза не сауап берілетін парыздар және ғибадаттар.
Имам Құртуби бұл аяттағы аманат жалпы діни міндеттерді қамтитындығын айтады
және бірнеше ғалымдар да сондай көзқараста.
Ибн Масғуд (р.а.) аяттағы аманат сөзін мал-мүлік қауіпсіздігі деп түсіндіреді. Оның
пікірі бойынша, «аманат» деген сөз парыздарды қамтумен бірге, өзгеше мал-мүлік
қауіпсіздігіне басымдық беріледі.
Абдулла ибн Омар (р.а.) баяндайды: «Алла Тағала кісінің мүшелерінің ішінен жыныс
мүшесін жаратып, оған: «Бұл – менің саған берген аманатым. Оны адалда ғана
пайдалан. Егер сен оны сақтасаң, Мен де сені сақтаймын», – деді. Жыныстық мүше
аманаты, көз аманаты, тіл аманаты, құрсақ аманаты, қол аманаты, аяқ аманаты.
Аманатты сақтамағанның діні толық болмайды».
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Алла Тағала аманатты аспан-
жерге және тауларға ұсынғанда олар және олардың ішіндегілер қорқып тітіреді. Алла
Тағала оларға: «Егер сол аманатты орындасаңдар, сендерге сауап беріледі. Орындай
алмасаңдар, сендерге азап бар», – деді. Сонда олар «жоқ» деп аманатты алған жоқ.
Мужаһид (рахимаһуллаһу) былай деп айтқан: «Алла Тағала Адамды (а.с.)
жаратқанда дәл сондай шарттармен бұл аманатты оған ұсынды. Адам (а.с.) бұл
аманатты қабыл алғанын айтты.
Алла Тағала бұл аманатты тауларға, аспан-жерге ұсынғанда оларды мәжбүрлемей
өз ықтиярына қалдырған. Егер оларға мәжбүрлеп жүктесе ешбіреуі одан бас тарта
алмас еді».
Каффал Шаши және онымен пікірлес ғалымдардың көзқарасы бойынша, аяттың
негізгі мақсаты – таулар, жер және аспан алыптығына қарамай шариғатты көтеретін
күшке ие емес екенін баяндау. Себебі шариғаттың бұйрықтарын орындау – тау, аспан
және жер көтере алмайтын ауыр іс.
Осындай ауыр аманатты адам баласы мойнына алған. Адам (а.с.) және оның ұрпағы
аманатты қабыл алғанда, әлбетте, оның жауапкершілігін де қабыл алған. Аяттың
жалғасында Алла Тағала былай дейді: «