(Өздеріңді Аллаға жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір- біріңе жәрдемдесіңдер! »
88
88
«Мәида» сүресі, 2.
Демек, жақсы істерде жәрдемдесу, жақсылыққа үндеу, жамандыққа және
дұшпандыққа алып баратын жолдарды мүмкін болғанша азайту, тіпті жоюға әрекет
жасау – әрбір мүминнің міндеті.
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «
Кім бидғатшыға қарсы шықса, Алла Тағала оның жүрегіне сенімділік пен иман толтырады. Кім бидғатшыны тоқтатса, Алла Тағала оны ең қорқынышты күнде (қияметте) қауіпсіз қылады. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйғандар – Алла Тағаланың жер жүзіндегі өкілдері, оның кітабын үйретуші және елшісінің өкілдері »
89
деген.
89
Суюти, әл-Лайалиул Маснуға, 1/250.
Хузайфадан (р.а.) риуаят етілген бір хадисте былай деп айтылады: «
Адамдардың басына бір күн келеді, сонда есектің өлексесі олар үшін жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға қарағанда сүйкімдірек болып қалады ».
Мұса (а.с.) Алла Тағаладан: «Уа, Жаратқан Алла, мүмин бауыры үшін дұға қылып,
оны жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған кісі қандай сауапқа ие болады?» – деп
сұрағанда, Алла Тағала: «Оның әрбір сөзі үшін бір жылдық ғибадаттың сауабын
жазамын және оған тозақ азабын тарттырудан ұяламын», – деп жауап берген.
Бір құдси хадисте Алла Тағала былай дейді: «
Уа, адам баласы! Тәубені кешіктірген, құр қиялдармен жүріп ақыретке сауапсыз келген кісілерден болып қалмаңдар. Ондай адамдар құлшылық жасаған пенделер сияқты сөйлегенімен мұнафықтардың ісін қылады. Өздеріне бұйырғанға көздері тоймайды және жоқшылыққа сабыр қыла алмайды. Тақуакісілерді сүйгенімен өздері олардай емес. Мұнафықтарды жек көргенімен өздері солардан. Жақсылыққа шақырады, бірақ өздері жасамайды. Жамандықтан тыюға әрекеттенгенімен өздері сол істі жасауды жалғастыра береді ».
Әзірет Али (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «
Ақыр заманда пісіп жетілмеген, ақылы қысқа, адамзаттың ең жақсысының сөзін сөйлегенімен көмекейінен ары кетпеген (жүректерінен шықпаған) халық болады. Олар оқ аңды тесіп өткендей діннен шығады »
90
деген сөзін риуаят еткен.
90
Бұхари, 6930; Мүслим, 1066.
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «
Миғраж түні еріндері қайшымен қырқылған бірнеше кісіні көріп: «Уа, Жәбірейіл! Бұлар кімдер?» – деп сұрадым. Жәбірейіл: «Бұлар үмбетіңнен басқаларды жақсылыққа шақырғанымен өздері жасамаған үгітшілер», – деді ».
91
91
Ахмад ибн Ханбал, 13103.
Алла Тағала өздері орындамастан, басқаларды ғана жақсылыққа шақырғандар
туралы төмендегі аятта ашық-айқын баяндаған: «