50
– Алла күнәңді кешіргір, сен кімсің? – дегенде, әлгі:
– Мен Суфиян Сауримін, – деп жауап береді. Сонда әлгі кісі:
– Егер сен осы дәуірдің ең тақуа кісісі болмағаныңда, саған бұларды айтпас едім. Бір
мәрте әкеммен қажылық сапарына шыққанбыз. Тоқтаған жерімізде әкем қатты
науқастанып қалды. Нәтижеде біз де оған қарайлап сол жерде тұрып қалдық. Бірақ
ауруы асқынып кетті де, ақыры көз жұмды. Жаны шыққаннан кейін қарасам жүзі
қарайып кетіпті. Мен қатты қорқып: «
Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Оның
басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз»
106
,
– деп бетін жауып қойдым.
Кенет қатты шаршаған соң көзім жұмылып, есіней бастадым. Сол қайғырып отырған
бойы ұйықтап кетіппін. Түсімде жүзі нұрлы, таза киінген, хош иісі бұрқыраған біреуді
көрдім. Ол әкемнің жанына асығыс басып келді. Кебінді ашып, алақанымен әкемнің
жүзін сипап өткенде, оның жүзі жарқырай түсті. Содан соң әлгі нұр жүзді кісі кетіп бара
жатқанда етегіне жабысып:
106
«Бақара» сүресі, 156.
– Уа, Алланың құлы, сен кімсің? Иен далада Алла сені әкеме жіберіп, жақсылыққа
себепкер қылды, – деп сұрадым. Ол маған бұрылып:
– Мені таныған жоқсың ба? Мен Құранның иесі Абдуллаұлы Мұхаммедпін. Сенің атаң
күнәһар кісі еді. Бірақ маған көп салауат айтты. Өлгенде ауыр жағдайға түсіп қалғанын
көріп жәрдемге келдім. Мен, маған көп салауат айтқандарды тастамаймын, – деді.
Сол жерден ойланып кетіп қарасам, шынымен, әкемнің жүзі ағарып, жарқырап
қалыпты».
Бір риуаятта Амр ибн Динар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін айтқан:
«
Кім маған салауат айтуды ұмытса (немқұрайды қалдырса), ол пенде пейіштің
жолынанадасады
»
107
.
107
Ибн Мажа, 908.
«Аманат» деген сөз «әділетсіздіктің алдын алу» деген мағынаға келеді. Бұның
керісіншесі – қиянат.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Айлакерлік қылғандар, алдағандар және аманатқа
қиянат жасағандар – тозақылар
»
108
деген.
108
Хаким, Мустадрак, 4/650; құдаи, аш-Шихаб, 1/175.
Мұндай сипатқа ие болған кісілер тозаққа кіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады:
«
Басқалармен мәміле жасағанда – ақысын жемеген, сөйлессе – алдамаған кісі –
адамгершілік жағынан жетілген, әділеттілігі расталған және туыстық байланыс
(құру) керек болған кісілер
».
Бір бәдәуи бір елді: «Аманатты берік сақтады. Өздеріне берілген қызметте
әділеттіліктен таймайды. Ешбір мұсылманның ақысын жемейді. Олардың мойнында
ешкімнің ақысы қалмайды, олар – үмбеттің ең жақсылары» деп мақтаған.
Қазір сол бәдәуи айтқандай кісілер қалмай барады деп айтсақ артық айтқандық
болмас. Қазір кісі бейнесіндегі «қасқырларды» жиі кезіктіресің.
Әзірет Хузайфадан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Адамдар бір-бірімен сауда-саттық жасап, бірақ олардың ешбірі аманатты сақтауға
әрекет жасамайтын уақыт келеді. Міне, сонда «пәленше руда сенімді біреу бар» деп
айтылып қалады», – деген.
Күнәлардан тәубе жасау аяттар мен хадистерде көп айтылған:
«
Достарыңызбен бөлісу: