Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет43/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Мүминнің ниетіжасаған ісінен жақсырақ
», 
– деп айтқан.
120
 
120
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 6/185; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 1/61. 
Хикая 
Әзірет Иса (а.с.) бір күні Ібілісті жолықтырып қалады. Оның бір қолында бал
екіншісінде күл бар еді. Әзірет Иса (а.с.) одан: 
– Ей, Алланың дұшпаны! Бұл бал мен күлді не қыласың? – деп сұрайды. Ібіліс оған: 
– Тілдерін тоқтата алмай, өсектің ең шыңына жетсін деп балды өсекшілердің аузына 
жағамын. Ал күлді басқалар қор қылсын деп жетімдердің жүзіне себемін, – деп жауап 
қайтарды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жетім таяқ жеп жылағанда Қайырымды Алланың Аршы 
дірілдеп, ұлы Жаратқан: «Ей, періштелерім! Мен әкесін топырақ астына жасырған 
нәрестені кім жылатып жатыр?» – деп сұрайды», – деп айтқан. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Кім бір жетімді жегізіп-ішкізсе Алла Тағала оған пейішті 
уәжіп қылады
»
121

– деген. 
121
 
Тирмизи, 1917; Ахмад ибн Ханбал, 18546. 
«Раудатул-Улама» атты кітапта: «Әзірет Ибраһим (а.с.) тамақтанарда бір-екі 
шақырым жол жүріп, бірге тамақтанатын кісі іздеуші еді», – деп айтылады. 
Бір күні әзірет Алидің (р.а.) жылап отырғанын көріп, одан: «Неге жылап жатырсың?» 
– деп сұрайды. Ол: «Жеті күннен бері үйіме қонақ келмеді. Алла Тағаланың назарынан 
тыс қалдым ба деп қорқып жатырмын», – деп жауап берді. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Алланың разылығын ғана көздеумен бір аш кісінің қарнын 
тойдырған пендеге пейіш уәжіп болады. Кім аш кісіге тамақ беруден қашса, Алла 
Тағала қиямет күніоны сыйынан құр қалдырып, тозақта азаптайды
»
122
 
деген. 
122
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 22/326; Хайсами, Муғжамуз Зауаид. 
Бір хадисте: «
Көп ғибадат жасаған сараңға қарағанда, жомарт пенде Аллаға 
сүйіктірек
», 
– деп айтылады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қияметте төмендегі төрт кісі сұрақсыз пейішке 
кіреді: 
1) Ілімімен амал қылған ғалым; 


54 
2) Қажылыққа барып келгеннен кейін өлгенге шейін ешкіммен таласып-тартыспаған 
және күнәдан аулақ болған қажы; 
3
) Ислам дінінің жайылуы үшін соғысқан шейіт; 
4) Адал жолмен тапқан мүлкінен ел көрсін деп емес, Алла ризалығы үшін Алла 
жолында садақа берген кісі. 
Міне, сол төрт кісі қияметте «сен бірінші кіресің бе не мен бе» деп тартысады». 
Ибн Аббас (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Елге пайдасы 
тисін деп Алла Тағала мал-мүлік берген пенделері бар. Егер бұл кісілер елге беруден 
сараңдық қылса,Алла Тағала олардың қолындағы нығметті алып, басқаларға 
береді
»
123

– деген. 
123
 
Табарани, Муғжамул Аусат, 5/227; Хайсами, Муғжамуз Зауаид, 8/196. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «
Жомарттық – бұтақтары жер жүзіне иілген 
пейіш ағашы. Кім бұл бұтақтардың бірін ұстаса, ол сол кісіні пейішке 
жеткізеді
»
124
 
деген хадисі бар. 
124
 
Муснадул Фирдаус, 2/341; Ихияу улумид дин, III, 244-бет. 
Миқдам ибн Шуайб әкесінен, әкесі үлкен әкесінен мынадай риуаят қалдырған: «Мен 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі! Менің пейішке кіруіме себеп 
болатын бір істі айт», – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.) маған: «Кешірімге себеп 
болған істер: 
1) Тамақ беру, 
2) Сәлемдесуді жаю, 
3) Жақсы сөз сөйлеу»
125

– деді. 
125
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 22/180; Жамиғус Сағир, 2499; Ихияу улумид дин, III,244-бет. 
Намаз
Риуаяттарға қарағанда, Жәбірейіл (а.с.) бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, 
Алланың Елшісі! Мен көктегі тақта отырған бір періштені көргем. Айналасында жетпіс 
мың періште қызмет жасап жүрген. Ол періште дем алған сайын Алла бірден періште 
жаратып тұрды. Енді оның Қаф тауының үстінде, қанаты сынып жылап жатқанын 
көрдім. Ол мені көріп: «Маған шапағат қыласың ба?» – деді. Мен: «Күнәң не?» – деп 
сұрасам, ол: «Мен миғраж түні тағымда отырсам, Мұхаммед (с.а.с.) жанымнан өтті. 
Мен ол үшін орнымнан тұрған жоқпын. Нәтижеде Алла Тағала мені жазалап, өзің көріп 
тұрғандай, сол жерге тастады», – деді. 
Кейін мен сол періште үшін Аллаға жалбарып, шапағатшы болдым. Алла Тағала 
маған: «Жәбірейіл, оған айт, Мұхаммедке салауат айтсын!» – деді. Сол періште қазір 
саған салауат айтып жатыр. Алла Тағала оны сол қылғаны үшін кешіріп, сынған 
қанатын қалпына келтірді», – деді. 
Қиямет күні пендеден бірінші болып намазы сұралады. Егер пенденің намазы толық 
болса, қалған істері де қабыл алынады. Намазы кем болса, басқа істері де шетке 
ысырылады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намаз туралы төменгідей хадистері бар: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет