(Уа, Мұхаммед!) Мүмін ер кісілерге айт: Харамға көз салмасын (яғни, бөтен әйелдерге және өзге ер кісілердің әуреті сынды қарауға болмайтын нәрселерге қарамасын)! Сондай-ақ абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтасын! Сол оларға әлдеқайда лайықты. Шүбәсіз, Алла олардың не істеп не қойып жүргенінен толық хабардар. Мүмін әйелдерге де айт: Харамға көз салмасын! Абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтасын! Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс, әшекейлері мен сымбат-көріктерін көрсетпесін һәм орамалдарын омырауларына дейін түсіріп тартсын. Әшекейлері мен сымбат-көріктерін күйеулері, әкелері (сондай-ақ әкелері, әкелері мен аналарының бауырлары), қайын әкелері, өз ұлдары, өгей (әрі сүт) ұлдары (сондай-ақ өзіңіз, өгей және сүт немерелері), (өзіңіз, өгей және сүт) бауырлары, бауырларының ұлдары, әпке-сіңлілерінің ұлдары, арлы мұсылман әйелдер немесе қызметші, яки жақсы араласатын әйелдері, қоластындағы күңдері, (қартайып немесе өзге де себептермен) еркектік қабілетінен айырылған еркек қызметшілері мен құлдары және әйелдіктің һәм әйел әуретінің не екенін әлі түсіне қоймаған жас балалардан өзгелерге көрсетуші болмасын. Жасырын әшекейлері мен сымбат-көріктеріне бөтен ер кісілердің назарын аударатын және олардың құмарын оятатын әрекеттерге бармасын. Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер »
160
.
160
«Нұр» сүресі, 30-31.
Алла Тағала еркектерді де, әйелдерді де харамға қараудан тыйған. Ұлы Жаратқан
бірнеше аяттармен зинаны харам қылған: «
Олар Алламен қатар, басқаны да құдай тұтып жалбарынбайды. Алланың Өзі ардақтаған әрі (жөн-жосықсыз) өлтірілуін харам қылған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмейді, зина жасамайды. Кімде-кім