Имам ғазали жүректің сырлары


Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма?



Pdf көрінісі
бет47/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма?
» деген 
мағынадағы аятты оқыды. 


60 
Жәбир 
ибн 
Абдулла 
әл-Ансари 
(рахматуллаһи 
аләйһи) 
айтады: 
«Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сәтінде өсек айтылса, дереу иісі сезілуші еді. Өйткені өсек 
өте сирек еді. Бірақ қазір өсек-аяң өте көбейіп, мұрындардың бәріне сасық иісі 
толғандықтан сезілмей қалды. Мысалы, тері өңдеген жерге кірген кісі ол жердің иісіне 
көпке шыдап тұра алмайды. Ал енді сол жерде істегендер жұмыс орындарында да 
тамақтанып, иісін сезбей жүре береді. Өсек-аяңның қазіргі кездегі жағдайы да 
осындай». 
Кәғб (р.а.): «Бір кітаптан оқығаным бойынша, өсектен тәубе жасағандар пейішке 
ақырғы болып кіреді. Ал енді өсекті тастамай өлгендер бәрінен бұрын тозаққа кіреді», 
– деп айтқан. 
Алла Тағала былай дейді: «
Әрбір (ел-жұртты менсінбей) сынап-мінеуші, 
ишарамен ымдап келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті!
»
149
 
149
 
«Һумаза» сүресі, 1. 
Бұл аят Уәлид ибн Муғира туралы түскен. Өйткені ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) және 
бүтіндей мұсылмандарға намысына тиетін ауыр сөздер айтып мазақтады. Мәлім 
болғандай, жеке бір кісі не оқиға туралы түскен аят жалпыға да қатысты болып қалуы 
мүмкін. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ғайбаттан сақтаныңдар, өйткені ол – зинадан да ауыр 
күнә!
» дегенде, сахабалар: «Ғайбат қайтіп зинадан ауыр болу мүмкін?» – деп сұрады. 
Алла Елшісі (с.а.с.) бұл сұраққа «
Себебі зина жасап тәубе жасаған кісініңтәубесін 
Алла қабыл алуы мүмкін. Ал енді өсектелген пенде кешірмейінше өсекші кешірілуі 
мүмкін емес
», 
– деп жауап берді. 
Біреуді өсектеген пенде өкініп, тәубе жасауы керек. Сонымен ол Алланың ақысынан 
құтылады. Оның артынан өсектелген кісіден кешірім сұрап, егер ол кешірсе адам 
ақысынан да құтылады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Алла Тағала қиямет күні мұсылман бауырын 
өсектеген кісінің жүзін көтеніне айналдырып қояды
»
150

150
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/92. 
Демек, біреуді өсектеген кісі орнынан тұрмай жатып және айтқан ғайбаты өсектелген 
пенденің құлағына жетпей жатып ең әуелі Алладан ол үшін кешірім сұрауы керек. 
Өйткені ондай сәтте Алланың ғана ақысы болғандықтан тәубесі қабыл алынады. Ал 
енді айтқан ғайбаты өсектеген кісінің құлағына жетсе, өсектің күнәсі өшірілу үшін 
тәубенің артынан өсектелген кісіден де кешірім сұрауы керек болады. 
Зина мәселесі де сондай. Яғни бала-шағасы бар әйелмен зина жасаған кісі ол 
әйелдің күйеуі білмей тұрып тәубе жасаса тәубесі қабыл болуы мүмкін. Бірақ әйелдің 
күйеуі естігеннен кейін тәубенің қабыл болу үшін төсегі тапталған күйеу де кешіруі 
керек. Орындалмаған намаз, ораза, зекет және қажылық қарыздары, бұл қарыздар 
қаза қылынбайынша тәубемен жойылып кетпейді. Ақиқатын Алла біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет