61
айналдырылып, денелері олармен жандырылып және жамбасы мен жон терісі сол
тақтайлармен теріс қаратылады
».
Яғни елу мың жылға созылған ауыр есеп-қисап күні
бұл тақтайлар суыған сайын
қайта-қайта қыздырылады және бұл көрініс есеп-қисап бітіп, әрбір кісінің пейішке не
тозаққа баратыны білінгенге шейін жалғаса береді.
Алла Тағала былай дейді: «
Уа, иман келтіргендер! Шүбәсіз, яһудилердің
машайықтары мен христиан дінбасыларының көпшілігі (иләһи Кітаптағы
үкімдерді бұрмалап, пара алу және дінді табыс көзіне айналдыру арқылы) ел-
жұрттың дүние-мүлкін сөзсіз арам жолмен жеуде һәм оларды Алланың ақ
жолынан қақпайлауда. Ендеше, (ашкөздікке салынып) алтын мен күмісті үсті-
үстіне жиып, оны Алла жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен
«сүйіншіле».
Қиямет күні дүниеде (ашкөздікке салынып) үсті-үстіне жиылған алтын мен
күміс тозақ отына қыздырылып, онымен иелерінің маңдайлары, бүйірлері және
арқалары күйдіріледі һәм оларға: «Міне, мыналар – қара бастарың үшін
жиғандарың. Ал енді сол (ашкөздікпен) жиған дүниелеріңнің (ащы) дәмін
татыңдар», – делінеді
»
152
.
152
«Тәубе» сүресі, 34-35.
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Қиямет күні «Біз үшін парыз қылынған ақымызды бермеді»
деген жарлылардан басына бәле келген байлар құрысын! Өйткені сол сәтте Алла
Тағала жарлыларға: «Ұлылығымның құрметіне бүгін сендерді өзіме жақындатып,
оларды алыстатамын», – деп айтады
». Оның артынан Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«
Достарыңызбен бөлісу: