Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет56/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

немқұрайды қарағанды мейіріміңнен аулақтат», – дейді
», 
– деген. 
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Мына үш нәрсе Аршқа байланған: 
1) Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас). Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Мен Сенің 
жаныңдамын, ешқашан байланысымды үзбеймін», – дейді. 
2) Аманат. Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Мен Сенің жаныңдамын, ешқашан қиянаттық 
жасамаймын», – дейді. 
3) Нығмет. Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Мен де Сенің жаныңдамын. Ешқашан шүкірсіздік 
қылмаймын», – дейді»
179

179
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 849; Жамиғус сағир, 3470. 
Базар мен Байхақидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Мөр 
Арштың тірегінде ілініп тұрады. Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) біреу 
туралы шағымданғанда немесе бір пенде Алланың бұйрықтарына қарсы шығып күнә 
жасағанда, Алла мөр періштесін жіберіп жүрегіне мөр бастырады. Одан кейін ол кісі 
өзі жасаған жаман істерінің ешбірін байқамай қалады
»
180

180
 
Байхақи, Шуғабул иман, 5/444; Дайлами, Муснадул Фирдаус, 3980; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 7/269. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Аллаға және 
ақырет күніне сенгендер қонағын жақсы сыйласын. Аллаға және ақырет күніне 
сенгендер туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлсін. Аллаға және ақырет күніне 
сенгендер пайдалы сөз сөйлесін не үндемесін
»
181
 
деген. 
181
 
Бұхари, 6018; Мүслим, 47; Ахмад ибн Ханбал, 7571. 
Бұхари мен Мүслимнің тағы бір хабарында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Ризығының мол және өмірінің ұзын болуын қалағандар туған-туыстарымен қарым-
қатынасының мықтылығына көңіл бөлсін
». 
Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «
Өмірінің жақсаруын және өмірінің ұзын 
болуын қалаған пендетуғандарымен қарым-қатынасының мықтылығына көңіл 
бөлсін
» дегенін естіген. 
Бұл хадисті Бұхари мен Тирмизи төмендегіше риуаят еткен: Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
айтты: «
Ата-тектерің туралы туыстық байланыстарды жалғастыратындай 
деңгейде мағлұмат алыңдар. Өйткені туғандармен байланыста болу бала-шағаға 
сүйіспеншілік, мал-мүлікке молшылық, өмірге береке алыпкеледі
»
182

182
 
Тирмизи, 1079; Ахмад ибн Ханбал, 8651. 
Туғандармен қарым-қатынас туралы айтылған тағы басқа көп хадистер бар: 
«
Өмірінің ұзын, ризығының кең болуын және ақырғы демдеимансыз жан бермеуді 
қалаған кісі Алладан қорықсын және туғандарымен байланысын күшейтсін
»
183

183
 
Ахмад ибн Ханбал, 1217; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152. 
«
Тауратта 
«ризығының 
және 
өмірінің 
берекелі 
болуын 
қалағандар 
туыстық қарым-қатынасын үзбесін» деп айтылады
»
184

184
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/153. 
«
Садақа бергені және туыстық байланыстарға көңіл бөлгені үшін Алла Тағала 
пенденің өмірін ұзартады, ақырғы демде имансыз жан беруден сақтайды, жағымсыз 
және қорқынышты нәрселерден аулақ қылады
»
185

185
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 151. 
Әбу Йағла (рахматуллаһи аләйһи) хатам руынан бір кісінің былай дегенін риуаят 
етеді: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) бардым. Ол бірнеше сахабасымен отырған 
еді. «Алла Елшісімін деген сенсің бе?» – деп сұрадым. Ол: «Менмін», – деді. «Уа, 
Алланың Елшісі, Алланың алдында ең ұлы іс қайсы іс?» – деп сұрасам, ол: «Аллаға 


69 
иман келтіру», – деп айтты. «Уа, Алланың Елшісі, одан кейін не?» – деп сұрадым. Ол: 
«Туыстық байланыстарын бекем сақтау», – деп жауап берді. Содан кейін сөзіміз 
төмендегіше жалғасты: 
– Уа, Алланың Елшісі, Алла еш жақсы көрмейтін іс қайсылары? 
– Аллаға серік қосу. 
– Содан кейін ше? 
– Туыстық мәмілені бұзу. 
– Содан кейін? 
– Жамандыққа шақырып, жақсылықтан тыю»
186

186
 
Әбу Йағла, Муснад, 7/139; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/151. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сапарда бара 
жатқанда алдынан бір бәдәуи шықты. Ол Алла Елшісінің түйесінің тізгінінен тартып 
тұрып: «Уа, Алланың Елшісі, мені пейішке жақындатып, тозақтан алыстататын іс 
туралы айтшы», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұраққа жауап берерден бұрын 
сахабаларына қарап: «Бұл кісі шындап игілікке жетті не шынымен тура жолға түсті», – 
деді. Содан соң бәдәуиден «Не дедің?» – деп сұрады. Ол сұрағын қайталағанда, Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Тозақтан алыстап, пейішке жақындағың келсе, еш серік қоспай бір 
Аллаға құлшылық жаса, намазды дұрыс оқып, мал-мүлкіңнің зекетін бер және 
туғандарыңмен қарым-қатынасыңа көңіл бөл. Енді түйемнің тізгінін қоя бер, жолымды 
жалғастырайын», – деді. 
Бәдәуи 
артына 
қайтып 
кетіп 
бара 
жатқанда 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) 
жанындағыларға: «Егер бұл кісі айтқандарымды орындаса, пейішке кіреді», – деді.
187
 
187
 
Бұхари, 1396; Мүслим, 13; Нәсаи, 468; Ахмад ибн Ханбал, 23027. 
Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бұл дүниеге 
келгеннен бері оларға ашуланып, жүзіне қарамаған қауыммен өлкені дамытып, өмір 
шартын жақсартады», – деген. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, мұны қалай түсінсек 
болады?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұның себебі, ол елдің туыстық 
қарым-қатынасқа жақсы көңіл бөлуінде» – деп жауап береді»
188

188
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/152. 
Ахмад ибн Ханбалдың (рахматуллаһи аләйһи) сенімді кісілер арқылы жеткен 
риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет