Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет59/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Әке – пейіштің ортаңғы есігі
» 
– деген еді. Сен сол есікті сақтап қал не қолдан 
шығар», – деп жауап береді»
199

199
 
Тирмизи, 1900; ибн Мажа, 2089. 


73 
Ибн Хиббан мен Тирмизидің риуаяты бойынша, әзірет Омардың ұлы төменгідей 
оқиғасын айтып кеткен: «Менің бір әйелім бар еді, оны өте жақсы көруші едім. Бірақ 
әкем Омар (р.а.) оны жақсы көрмеді. Маған: «Онымен ажырас», – деді. Мен келіспедім. 
Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып бұл туралы айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) мені 
шақырып алып: «Әйеліңмен ажырас», – деді». 
Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Кім өмірінің 
ұзын болуын және ризығының кең болуын қаласа, ата-анасына жақсы қарасын 
және туыстық байланыстарды бекем ұстасын
», 
– деген. 
Әбу Йағла мен Хакимнің риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ата-
анасына жақсы қарағандарға сүйінші! Алла олардың өмірін ұзартады
», 
– деді. 
Ибн Мажа мен ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай 
дейді: «
Адам күнә жасау арқылы ризығының азаюына жол ашады. Тағдырға жазылған 
нәрсені дұға ғана жоюы мүмкін. Өмірді жақсылық қана ұзартады
». 
Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Өз әйелдерің арлы болсын 
десеңдер, басқалардың әйелдерін жолдан шығармаңдар. Балаларың сендерге 
қарасын десеңдер, ата-анаңа қараңдар. Кімге мұсылман бауыры кешірім сұрап келсе, 
күнәһар болсын, бейкүнә болсын оны кешіріп, татулассын. Әйтпесе пейіштегі 
бұлақтан су іше алмайды
», 
– деген. 
Табаранидің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Ата-аналарыңа жақсы 
қарасаңдар, балаларың да сендерге жақсы қарайды. Басқалардың әйелдерін жолдан 
шығармасаңдар, сендердің де жұбайларың арлы болады
», 
– деп айтқан. 
Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні: «
Мұрнымен жер 
сүзсін, мұрнымен жер сүзсін, мұрнымен жер сүзсін!
» 
– деді. Сахабалар: «Уа, Алланың 
Елшісі, кім тұмсығымен жер сүзеді?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Анасы не 
әкесі не екеуі бірдей қартайған кездежанында тұрып оларға жақсы қарамай, пейішке 
кіре алмай қалғандар (мұрнымен жер сүзсін)
», 
– деп жауап береді. 
Табаранидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберде тұрып үш мәрте: «Әумин! 
Әумин! Әумин!» – деді. Содан соң бұл айтқандарының себебін төмендегіше түсіндірді: 
«Жәбірейіл маған келіп: «Уа, Мұхаммед, ата-анасының бірі қартайған кезде жанында 
тұрып оларға жақсы қарамай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны мейірімінен шеттетеді. 
Соған «Әумин! де», – деді, мен «Әумин!» – дедім. 
Содан соң «Уа, Мұхаммед, Рамазан айына жетсе де күнәларының кешірілуіне себеп 
бола алмай өлген кісі тозаққа кіреді. Алла оны Өз мейірімінен шеттетеді, соған «Әумин! 
де», – деді. Мен «Әумин!» – дедім. 
Сонда «Уа, Мұхаммед, сенің есімің аталғанда саған салауат-сәлем айтпай өлген кісі 
тозаққа кіреді. Алла оны мейірімінен аулақтатады, соған да «Әумин! де», – деді. Мен 
де үшінші рет «Әумин!» – дедім
200

200
 
Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 8/139. 
Бұл хадистің түрлі риуаяттары бар. 
Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Кім мұсылман 
құлды азат қылса, ол құл оны тозақтан құтқаратын төлем болады. Кім ата-
анасынан біреуі қартайғанға шейін жанында болып, оған жақсы қарап, өз 
күнәларының кешірілуіне себепкер ете алмаса, оны Алла Өз мейірімінен 
алыстатады
»
201

– деген. 
201
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 12/83; Әбу Яағла, Муснад, 10/328. 
Бұхари мен Мүслим риуаят еткені бойынша: бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Кімге ең жақсы мәміле жасайын?» – деп сұрайды. Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Анаңа», – дейді. «Содан кейін кімге жасайын?» – дейді жаңағы кісі. 
Пайғамбарымыз тағы «Анаңа», – деп жауап береді. «Содан кейін ше?» – дейді әлгі. 


74 
Тағы да «Анаңа», – деген жауап алады. «Содан кейін кімге?» – дегенде ғана 
Пайғамбарымыз «Әкеңе», – деп жауап береді
202

202
 
Бұхари, 5971; Мүслим, 2547. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткені бойынша, Әбу Бәкірдің (р.а.) қызы әзірет Асма 
(р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде анам маған келді. Ол 
пұтқатабынушы болды. Мен Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Анам маған келді. Ол 
Исламға кірмей жатыр, онымен байланысымды жалғастыра берейін бе?» – деп 
сұрадым. Ол: «Әлбетте, анаңмен байланысыңды жалғастыра бер», – деп жауап берді. 
Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет