77
Кейбір кісілер мал-мүлкінің зекетін де бермейді, отбасына да жақсырақ өмір шартын
жасамайды. Олар дүние жинағаннан ғана рахат алады. Шынында, бұл кісілер бір күні
өлерін де біледі.
Бишр (рахматуллаһи аләйһи): «Сараңмен бауыр болу ауыр, оған қарасаң, жүрегің
қысылады», – деп айтқан.
Имам Ағзам (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Мен сараңды әділеттілік қылады
деп айта алмаймын. Өйткені сараң кісі «тышқанға кебек алдырмағанға» әрекет жасап
жүріп, аяғында өз ақысынан да артығын алады. Мұндай пендеге сенуге болмайды».
Бір күні Яхия (а.с.) Ібіліске жолығып: «Ей, Ібіліс, айтшы, дүниеде ең сүйген және ең
жек көрген кісілерің кім?» – деп сұрайды. Ібіліс: «Ең сүйген кісім – сараң мүмин, ал ең
жек көрген кісім – әдебі жоқ, бірақ жомарт кісі» – деп жауап береді. Яхия (а.с.) «Неге?»
– деп сұрағанда, шайтан: «Өйткені сараңның сараңдығы мен үшін жеткілікті. Бірақ
күнәһар, бұзақы, бірақ жомарт кісіні оның жомарттығы үшін Алла Тағала кешіріп
жіберуінен қорқам», – деп айтты. Содан соң «Егер сен Яхия (а.с.) болмағанда, саған
бұл сырды айтпас едім», – деп кетіп қалды.
Достарыңызбен бөлісу: