Имам ғазали жүректің сырлары


Ғибадатқа бекем болу және арамнан аулақ болу



Pdf көрінісі
бет63/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Ғибадатқа бекем болу және арамнан аулақ болу 
 
Ғибадаттың мағынасы – Алла Тағаланың парыздарын орындаумен бірге харам 
нәрселерден аулақ болу және Оның қойған шегінен шықпау. Мужаһид «
Алланың 
өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге 
тырыс. Бұл дүниедегі несібеңді де ұмытпа
»
221
 
деген мағынадағы аятты түсіндіріп 
жатып, «Бұл аяттың мақсаты – «Аллаға құлшылық жасау», – деп айтсақ болады» деген 
еді. 
221
 
«Қасас» сүресі, 77. 
Ғибадаттың негізі – Алланы тану, Одан қорқу, Одан үміт ету және әрдайым Оның 
сынағында екеніңді білу. Пенде бұл сипаттардан алыстаса, иманның маңызын түсіне 
алмайды. Өйткені Алланы танымайынша, Оның бар екенін түсінуге адамзаттың білімі 
және ой-сезімі жетпейінше, Оның барлық нәрсені естіп, көріп, біліп тұратынына және 
барлық нәрсеге күші жететініне сенбейінше, орындалған ғибадаттар қабыл болмайды. 
Бірде Мұхаммед ибн Али ибн Хүсейіннен (рахматуллаһи аләйһи) «Сен Аллаға 
ғибадат жасағанда оны көресің бе?» – деп сұрайды. Мұхаммед ибн Али оған: 
«Әлбетте! Көрмеген біреуге қайтіп ғибадат жасамақ едім?» – деп жауап береді. Әлгі 
кісі таңғалып: «Оны қайтіп көресің?!» – дейді. Мұхаммед ибн Али: «Көзбен оны көруге 
болмайды, бірақ шынайы иман арқылы жүрек оны көреді. Сезім мүшелері арқылы 
сезілмейді, өйткені ол адамға ұқсамайды. Аяттарымен танылады, белгілері арқылы 
сипаттары байқалады. Ол – аспан-жердің серіксіз жалғыз Иесі», – деп түсіндіреді. 
Мұхаммед ибн Алидің сөздерін естіген әлгі кісі: «Алла пайғамбарлықты кімге беретінін 
өте жақсы біледі», – дейді. 
Ғалымдардың бірінен «Жасырын ілім» деген не?» – деп сұрайды. Ол: «Жасырын ілім 
– Алланың періштеге де, пендеге де ашпаған, бірақ сүйген құлдардың жүрегіне салған 
сыры», – деп жауап береді. 
Бізге жеткен мағлұматтарға қарағанда Кәғбул-Ахбар (рахматуллаһи аләйһи): «Егер 
адамдар Алла Тағаланың ұлылығы туралы кішкентай болса да нақты мағлұматқа ие 
болғанда су мен желдің үстінде басып жүретін еді», – деп айтқан және «Пенденің 
Алланы толық тани алмағанын мойындауын иман деп, нығметтерге толық шүкір қыла 
алмағанын қабыл алуын шүкіршілік деп қабыл алған Алла кемшіліктерден таза», – 
деген. 


80 
Демек, пенде Алланың ұлылығы туралы анық білсе, Оған құл екенін толық қабыл 
алады. Иман жүрекке орнағанда Аллаға ғибадат жасау зәрулігі өзінен-өзі пайда 
болады. Иман «заһир» және «батин» болып екіге бөлінеді: 
Заһири иман – иман келтіргенін сөзімен білдіру. 
Батини иман – жүрекпен сену. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Сендер иесінен қорыққандықтанғана міндетін орындаған 
жаман иттей немесе берілмесе істемеген жаман шәкірттей болмаңдар
», 
– деген. 
Алла Тағала: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет