92
енді дүниеге қызықпаған және одан шектен тыс нәрсе күтпегендерге ілім нәсіп қылып,
тура жолға салған.
Назар салыңдар! Сендерден кейін бір елдер өмір сүреді. Олардың биліктері
қылмыссыз және зұлымдықсыз жүрмейді, байлықтары сараңдық және мақтанышпен
қошталады. Сүюлері асау нәпсілерінің қалауларына негізделеді.
Назар салыңдар! Ол күнге қалғандар бай болу мүмкіншілігі
бар болса да жарлы
болып қала алса, Алла разылығы үшін ғана соған сабыр қылса, Алла елу әулиенің
сауабын береді».
Риуаяттарға қарағанда, бір күні Иса (а.с.) жарқылдаған найзағайлы, шелектеп төккен
жаңбырлы күнге
тап болып, бас сұғар жай іздейді. Алыстағы бір шатыр көзіне
шалдығып, жанына барса, ішінде бір әйелдің отырғанын көреді де, ол жерде қалғысы
келмей жолын жалғастырады. Сөйтіп бара жатып, таудағы үңгірге тап болып, ішке
кірейін десе үңгірдің ішінде бір арыстан жатады. Ол арыстанды сипап отырып, Аллаға:
«Уа, Жаратқан Алла! Барлық жандыға ұя бердің де, маған пана болар жайды нәсіп
қылмадың», – деп өтінеді. Сонда Алла Тағала уахи арқылы оған былай деп білдіреді:
«Сенің үйің менің мейірімімнің ортасында. Сені қиямет күні Өз құдіретіммен жаратқан
жүз хор қызға үйлендірем. Тойыңда әр жылы дүниенің өміріндей ұзын болған төрт мың
жылдық сый берем. Бір жаршыға бұйрық берем. Ол: «Дүниеге қызықпағандар қайда?
Дүниеден бас тартқан Мариям ұлы Исаның тойына келіңдер» – деп жар салады».
Бұл уахиден кейін әзірет Иса (а.с.): «Дүниеге құл болғандардың басына келген
бәлелерді қарашы! Олар қайтіп өледі, бұл дүниені және бұл дүниеде тапқандарын
қайтіп тастап кетеді?! Дүние оларды алдаса да оған күмәнсіз сеніп жатыр. Сол
алданғандар құрсын! Дүние оларға
жағымсыз нәрселерді көрсеткен, оларды
сүйіктілерінен ажыратқан және қорыққан бәлелерін басына түсірген. Көздегені дүние
және жасаған істерінің бәрі күнә болғандар құрсын! Жасаған күнәлары үшін ертеңгі күні
жерге қарайды ғой!» – дейді.
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әзірет Мұсаға былай деп уахи қылды: «Уа,
Мұса! Әділетсіздердің тұрағы болған дүниеге қызықпа. Ол мекен саған тұрақ болып
қалмайды. Оны ұмыт, ол өте жаман орын! Бірақ ол жерде жақсы істерді жасағандар
үшін өте жақсы. Уа, Мұса, қорлық көрген пенденің ақысын
алғанға шейін зұлымдық
жасаған пендені қолдан шығармаймын».
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Убайданы (р.а.) Бахрейнге жібереді. Ол сол жақтан көп
мүлікпен келеді. Әбу Убайданың қайтып келгенін естіген ел таң намазын
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге оқуға ұмтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) намаздан кейін
мешіттен шығып бара жатқанда, сахабалар тізіліп қалады. Оларды көрген
Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсірей: «Әбу Убайданың бір нәрсе алып келгенін естіген
сияқтысыңдар», – дейді. Ансарлар «Естідік», – деп жауап береді.
Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Достарыңызбен бөлісу: