Имам ғазали жүректің сырлары


Біз жер бетіндегі барлық нәрсені сол жердің ажарын



Pdf көрінісі
бет73/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Біз жер бетіндегі барлық нәрсені сол жердің ажарын 
келтіретін (әрі адамдардың көз жауын алатын) әшекейі етіп жараттық. Осылайша 
адамдардың арасынан (кім сол әшекейге алданар екен, ал) кім (оларды Алла 
жолында қолданып) игілікті іс істер екен деп, оларды сынап көрудеміз. Расында, 
Біз жер бетіндегі барлық нәрсені құп-құрғақ топыраққа айналдырудамыз (және 
адамдардың сынақ мерзімі біткенде, олардың барлығын түгелдей топыраққа 
айналдырамыз)
»
254
 
деген аят мені терең ойға салды», – деп айтқан екен. 
254
 
«Кәһф» сүресі, 7-8. 
Бір данышпан былай дейді: «Бұл дүниеде сен жолықтырған нәрсенің бәріне сенен 
бұрын біреу жолыққан және сенен кейін де біреу жолығады. Сенің бұл дүниеден 
несібең – кешкі тамақ пен бір күндік азық. Сол үшін өзіңді құрбандыққа шалма. Бұл 
дүниеге қарата ораза ұстағандай бол, ақыретке қарата ауыз ашқандай бол. Өйткені 
бұл дүниенің байлығы – жоқтық, алып келгені – тозақ». 
Бір монахтан: «Уақытты қалай бағалайсың?» – деп сұрағанда, «Денелерді 
қартайтып, 
үміттерді 
жаңалайды. 
Өлімді 
жақындатып, 
тілек-мақсаттарды 
алыстатады», – деп жауап берген екен. 
«Бұл дүниеде өмір сүріп жатқан кісілер туралы қандай ойдасың?» – деп сұраса, 
«Дүние кімнің қолына тисе ол шаршайды, кім оған жете алмаса, бар күшімен оның 
артынан қуалайды», – деп жауап берген. 
Басқа бір данышпан: «Бұл дүниенің ең үлкен кемшілігі – кісілерге тәтті болған 
нәрсесін шектен тыс не кем беруі», – деген. 
Суфиян Саури (рахимаһуллаһу) айтады: «Бұл дүние нығметтері Алланың қаһарына 
қалған секілді әрдайым лайықсыз кісілердің қолына тиеді». 
Әбу Сүлеймен Дарани (рахимаһуллаһу): «Дүниеге қызыққан кісіге одан бір нәрсе 
тисе, тағы көбірегін қалайды. Ақыретке ғашық болған пендеге одан бір нәрсе берілсе, 
тағы көбірегіне ұмтылады. Бұның да, әлгінің де аяғы жоқ», – деп айтқан. 
Бір кісі Әбу Хазимге: «Менің жұртым болмаса да бұл дүниені сүйгенім үшін өз 
жағдайымды жақсы көрмеймін, саған өзімді арызданамын», – дейді. Әбу Хазим ол 
кісіге: «Алла саған бұл дүниеден берген несібеге ықтиятты қара. Оны адал жолмен 
тауып, адалға жұмса, сонда дүние сүйіспеншілігі саған ешқандай зиянын тигізбейді», – 
деп жауап береді. 
Әбу Хазимнің жауабының себебі төмендегідей: Дүниені сүйгені үшін оны сынға 
алатын болса, ол кісі қатты қайғырып, бұл дүниеден көңілі қалып, өлгісі келер еді. 
Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Бұл дүние – шайтанның сауда орны. 
Шайтанның сауда орнынан еш нәрсе ұрлама. Ұрланған нәрсесін іздеп шықса, сені 
ұстап алады». 
Әбу Хазим (рахимаһуллаһу): «Дүниеге беріліп кетуден сақтаныңдар. Білгендерден 
естігенім бойынша, дүниені жоғары құрметтеген кісі қиямет күні Алланың алдына 
әкелінгенде, оған «Міне, осы пенде Алла мән бермеген істерді жоғары қойды», – деп 
айтылады», – дейді. 
Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Бұл дүниеде бәрі қонақ, мал-мүлкі аманат. Қонақ кете 
береді, аманат қайтарылады». 
Рабиа (р.а.) бір күні достарына кездесуге барады. Достары бұл дүниенің 
жамандықтары, зияндары туралы сөз қозғайды. Сонда Рабиа (р.а.): «Бұл дүние туралы 
айтқандарың жетті, тоқтатыңдар. Егер ол жүректеріңді жаулап алмағанда ол жөнінде 


96 
мұншалық көп айтпаушы едіңдер. Айтқан сөзіме құлақ салыңдар. Бір нәрсені жақсы 
көрген кісі ол жөнінде көп айтады», – дейді. 
Лұқпан данышпан ұлына: «Ұлым! Ақыретің үшін бұл дүниеңді бер, екеуін бірдей 
табасың. Бірақ бұл дүниең үшін ақыретінді берме. Екеуінен бірдей айырыласың», – деп 
насихат айтқан. 
Мутарриф ибн Шиххир (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Патшалардың шалқыған 
өміріне емес, олардың дүниеден тез өтуіне және жаман нәтижесіне қара». 
Ибн Аббас (р.а.): «Алла Тағала бұл дүниені үшке бөлді: «Бір бөлігі мүміндікі, бір бөлігі 
мұнафықтікі және қалған бөлігі кәпірдікі. Мүмин өз үлесін өзіне азық қылады, мұнафық 
тапқанымен масаттанып, мақтанады. Кәпір болса өз үлесінен қалағанша 
пайдаланады», – деген. 
Бір данышпан: «Дүние – өлексе, одан үлесін алуды қалағандар иттермен бірге өмірге 
шыдау керек», – деп айтқан. 
Әбу Дарда (р.а.) айтады: «Бұл дүниенің Аллаға ұнамауының себептерінің бірі – сол 
жайда ғана Аллаға қарсы шығулар болады. Сол себептен Алланың алдында ұлы 
дәрежелерге жету үшін бұл дүниеден бет бұру керек». 
Әбу Умама әл-Бахили (р.а.) айтады: «Әзірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық 
берілгенде шайтанның көмекшілері Ібіліске келіп, «Жаңа пайғамбар жіберілді, жаңа 
үмбет пайда болып жатыр», – деп хабар берді. Ібіліс «Бұл үмбет дүниені сүйе ме?» – 
деп сұрайды. Көмекшілері «Иә», – деп жауап берді. Сонда Ібіліс төмендегілерді айтты: 
«Егер дүниені сүйсе, олардың пұттарға сиынбауы мен үшін маңызды емес. Мен күні-
түні оларға жақындап, оларды үш нәрсеге: 
1) Арам жолдармен мал-байлыққа ие болуға; 
2) Арам және күнә жолда жұмсауға; 
3) Лайықты жақтарға жұмсауға тосқауыл болуға азғырамын». 
Бір кісі әзірет Алиге «Уа, мүминдердің басшысы, бізге дүние туралы айтып берші», – 
дейді. Әзірет Али оған: «Саған дүние туралы не айтам? Бұл жерде сау кісі ауырады, 
жай жүрген кісі өкінішке ұшырайды, жарлының жаны сыздайды, бай түрлі 
қиыншылықтарға душар болады. Адалдан тапқаныңның сұрағы, арамнан тапқаныңның 
азабы, күмәнді байлықтың айыбы бар», – деп жауап береді. 
Сол сұрақ басқа бір мәрте әзірет Алиден тағы сұралады. Әзірет Али: «Жауабым 
қысқа болсын ба әлде ұзын ба?» – деп сұрайды. «Қысқа болсын», – деп айтылғанда, 
әзірет Али: «Дүниенің адалы – сұрақ, арамы – азап», – дейді. 
Малик ибн Динар (рахимаһуллаһу) айтады: «Арбап алушы дүниеден қорқыңдар, ол 
ғалымдардың жүрегін де сиқырлап алады». 
Әбу Сүлеймен Дарани (р.а.): «Ақырет жайғасқан жүрекке дүние келсе, ақыретті қуып 
шығарады. Ал енді дүние жайғасып алған жүрекке ақырет кірсе, оны қумайды. Өйткені 
ақырет сыпайы және абыройлы, ал енді дүние пәс», – деген. 
Бұл – фәни дүние мен ақыреттің қарама-қайшылығы туралы айтылған ауыр сөз. 
Саййар ибн Хәкәмның (р.а.) бұл мәселе туралы айтқаны тағы дұрысырақ деп 
ойлаймын. Ол: «Дүние мен ақырет бір жүрекке кірсе қайсысы басымдылық жасаса, 
бергісі оған бағынышты болады», – деген. 
Малик ибн Динар (рахимаһуллаһу): «Дүние үшін қаншалық қайғырсаң, ақырет туралы 
ой жүрегіңнен соншалық алыстайды. Ал енді ақырет жөнінде қайғырғаныңа сай дүние 
қайғысынан алыстайсың», – деп айтқан. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Құдай куә, өмірім дүниеге топырақтай 
да мән бермеген кісілердің арасында өтті. Дүние батты ма, шықты ма, ол тарапқа бағыт 
алды ма не бұл тарапқа ма, ол кісілер үшін еш қызығы жоқ еді». 


97 
Бір кісі Хасан Басриден: «Алла берген байлықтан садақа да беріп, жақындарын да 
қолдаған кісі туралы не дейсің? Мынадай кісі байлығын қалағанындай жұмсап өмір 
сүргені дұрыс па?» – деп сұрайды. Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Жоқ, дұрыс 
болмайды. Бүкіл дүние онікі болса да зәру мұқтаждықтарын қамсыздап, орны-есебімен 
жұмсап, жиналған байлығын қолда жоқ болып қалған күндеріне сақтауы керек», – деді. 
Фудайл (рахимаһуллаһу): «Егер бүкіл дүние маған адал қылынып, ақыретте одан 
сұраққа тартылмасым маған білдірілсе, мен бәрібір алдынан шыққан өлімтік киіміме 
тимесін деп жиіркенгендей дүниеден жиіркенбекпін», – деген. 
Риуаятқа қарағанда, әзірет Омар (р.а.) Шамға келгенде Әбу Убайда (р.а.) оны жалаң 
қабат шылбырлы жайдақ түйенің үстінде тосып алды. 
Омар (р.а.) Әбу Убайдаға сәлем бергеннен кейін оның хал-жағдайын сұрады. Содан 
соң оның тұрып жатқан үйіне барды. Үйінде қылыш, қалқан және ер-тоқымдарынан 
басқа нәрсе көзіне шалдықпады. 
Әзірет Омар (р.а.) Әбу Убайдаға: «Біраз дүние жинамайсың ба?» – дейді. Әбу Убайда 
(р.а.): «Уа, мүминдердің басшысы, бұлар бізді мазарға алып барады», – деді. 
Суфиян Саури (рахматуллаһи аләйһи): «Дүниеден денең үшін, ақыреттен жүрегің 
үшін ал», – деген. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Аллаға ант етейін, Исраилұлдары бұрын 
Аллаға құлшылық жасап жүріп, кейін дүниеге беріліп, пұттарға сиына бастады», – деп 
айтқан. 
Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу): «Бір кітапта оқығаным бойынша, бұл дүние 
ақыл-есі орнында болған кісілер үшін олжа, надандар үшін беймәлім мекен, ол жерден 
кеткенге шейін оны тани алмайды, кеткеннен кейін қайта қайтуды сұранады, бірақ 
қайта алмайды», – деген. 
Лұқпан данышпан ұлына былай деп насихат қылады: «Ұлым, дүниеге келген күннен 
бері әрбір өткізген күніңмен бірге дүниені артта қалдырып, ақыретке бет алып бара 
жатырсың. Әр күні қадам сайын жақындаған үйің қадам сайын алыстаған үйіңнен тағы 
жақынырақ». 
Суайд ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Бұл дүниеге тиесілі істері жүрген сайын ақыретке 
тиесілі істері артқа кеткеніне разы болып жүрген біреуді көрсең, бұл бетімен сайрандап 
жүргенін сезбеген пенде екенін біліп қой». 
Амр ибн Ас (р.а.) бір күні құтба оқып жатып: «Аллаға ант етейін, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) аулақ болған нәрселерге мұншалық берілген басқа ел көрген емеспін. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында үш кісі бар болса, бір нәрсе алуға келгендер бір 
нәрсе беруге келгендерден көп болар еді», – деді. 
Бір күні Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) былай деді: 
«Уа, адамдар! Алланың уағдасы, әлбетте, хақ. Олай болса, дүниенің қу тіршілігі 
сендерді қызықтырып, алдамасын. Сондай-ақ әзәзіл сұм шайтан да сендерді Алланың 
кеңшілігіне, шексіз мейіріміне құр үміт арттырып, алдап соқпасын»
255
 
деген аятты 
оқығаннан кейін, «Бұл дүние сендерді алдамасын деп кім айтып жатыр? Дүниені 
жаратқан және сондықтан оны бәрінен жақсы білген Алла айтып жатыр. Бұл дүниемен 
әлек болып қалмаңдар. Бұл дүние қатты алдайды. Пенде өзін әлек қылушы бір есік 
ашса, оның артынан өзінен-өзі әлек қылушы он есік ашылады. 
255
 
«Фатир» сүресі, 5. 
Байғұс адам баласы адалының сұрағы және арамының азабы бар бұл дүниеге разы 
секілді. Шынында, байлығын адалдан тапса, сұраққа тартылады, арамнан тапса, 
азапқа ұшырайды. 
Адам мал-мүлкін аз көргенімен жақсы істерін аз көрмейді. Дініне келген бәлеге мән 
бермейді, бірақ дүниесіне келген бәлеге қайғырады». 


98 
Омар ибн Абдулазиз оған жауап жазды: «Сәлем саған. Сен дүниеде жүргендейсің, 
бірақ еш бар болмағандайсың. Сен ақыретте жүргендейсің және тағы да сол 
жердесің». 
Фудайл ибн Иаз (рахимаһуллаһу): «Дүниенің кіруі оңай, шығуы қиын», – деген. 
Бір әулие кісі: «Өлімді анық біліп тұрып қуанған кісіге таңғалам. Тозақты анық біліп 
тұрып күлген кісіге де таңғалам. Тағдырды анық біліп тұрып, ашкөздік қылғандарға да 
таңғалам», – деген. 
Бір күні екі жүз жастағы нажрандық қария әзірет Муғауиямен амандасқалы келіп 
қалады. Әзірет Муғауия одан бұл дүниені қалай бағалағанын сұрайды. Қария: «Апат 
пен құрғақшылық жылдары қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кеңшілік жылдарын, 
күн күнді, түн түнді қуалап келеді. Біреу туылып, біреу өледі. Туылғандар болмаса, 
пенде ұрпақ жоғалтады, өлгендер болмаса, дүние адамзатқа тарлық қылмақ», – деп 
жауап берді. 
Әзірет Муғауия қарияға: «Не қалауың болса, айт», – деді. Қария: «Өткен өмірді 
қайтара аласың ба не жақындаған ажалды қуалай аласың ба?» – деп сұрады. Әзірет 
Муғауия: «Бұған күшім жетпейді», – деп жауап берді. Сонда қария Муғауияға: «Олай 
болса сенен еш нәрсе сұрамаймын» – деп айтты. 
Дәуіт ат-Таи (р.а.): «Уа, адам баласы! Тілегіме жеттім деп қуанасың, бірақ оған жаның 
шыққандай болып әрең жеттің. Содан соң жақсы істеріңді басқалар үшін жасағандай 
кешіктірдің», – деген. 
Бишр (рахимаһуллаһу) айтады: «Алладан дүние сұраған кісі қиямет күні Оның 
алдында көпке (сұрақ беріп) тұруды сұраған болып саналады». 
Әбу Хазим (рахимаһуллаһу) былай деген: «Алла бұл дүниеде сені қуантатын барлық 
нәрсеге сені қапалантатын нәрсені қосып қойған». 
Хасан Басри айтады: «Пенденің жаны бұл дүниеден үш түрлі арманмен шығады: 
1) Жинаған байлығына тоймайды; 
2) Тілектеріне жете алмайды; 
3) Баратын жеріне жетерлік азық дайындай алмайды». 
Бір ғалымға: «Байлыққа ие болдың», – дейді. Ол: «Дүние құлшылығынан 
құтылғандар ғана байлыққа ие болады», – деп жауап береді. 
Әбу Сүлеймен (рахимаһуллаһу) айтады: «Жүрегінде ақырет болмаған кісілер 
дүниеге ұмтылған асау сезімдеріне қарсылық бере алмайды». 
Малик ибн Динар (рахматуллаһи аләйһи) бір күні: «Бәріміз дүниеге алданып қалдық. 
Бір-бірімізді жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыя алмай қойдық. Алла бізді бұл 
жағдайда қалдырмайды. Ол бізге қандай азап жіберерін білсемші, әттең!» – деген. 
Әбу Хазим айтады: «Аз дүние адам баласын көптеген ақыреттік тілектерінен алып 
қояды». 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Бұл дүниеге мән бермеңдер. 
Аллаға ант етейін, бұл дүние оған мән бермегендерге ғана пайдалы болған. Алла бір 
пендесінің жақсылығын қаласа, оған әуелі бірнеше байлық береді, содан соң 
біршамаға шейін бермей тоқтатып қояды. Берген байлығы таусылғанда тағы береді. 
Пенде дүниеге мән бермесе, оған мол қылып береді». 
Әулиелердің бірі: «Уа, көк аспанды түсірмей ұстап тұрған Алла! Дүниені де ұсташы, 
маған шабуыл жасамасын», – деп дұға қылды. 
Мұхаммед ибн Мунқадир (рахимаһуллаһу) айтады: «Адам еш ауыз ашпай күн сайын 
ораза ұстаса, еш ұйықтамай түнін ғибадатпен өткізсе, қолындағы мал-мүлкінің бәрін 
садақа қылып таратса, Алла жолында жиһад жасап, Алла тыйым салған нәрселерден 
аулақ болса, бірақ қиямет күні Алланың алдына әкелінгенде «Бұл кісі Алла қор көрген 
нәрсені жоғары қойды және Алла қадірлеген нәрсеге мән бермеді», – деп айтылса, 


99 
оның жағдайы қалай болатынын білесің бе? Кіміміз ондай емеспіз! Бәріміз жіберген 
кемшіліктеріміз және күнәларымызмен бірге дүниені жоғары қоямыз». 
Әбу Хазим (рахматуллаһи аләйһи) баяндайды: «Бұл дүние байлығын да, ақырет 
байлығын да табу ауырлады. Ақырет байлығын табудың қиыншылығы – ол жақта 
жәрдем берер ешкімді таба алмайсың. Дүние байлығын табудың ауырлығы болса, 
қайсы нәрсеге қол созсаң, сенен бұрын иеленіп алған бір күнәһарды көресің». 
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Дүние жер мен аспанның ортасында ескі қапшық сияқты 
асылып тұрады. Алла оны жаратқан күннен жоқ қылатын күнге шейін «Уа, Жаратқан 
Ием! Уа, Жаратқан Ием! Неге мені бағаламайсың және мен жаққа қарамайсың» деп 
әрдайым Аллаға жалбарынып тұрады. Алла Тағала «Үндеме, ей, еш нәрсеге 
арзымаған дүние», – деп жауап береді». 
Абдулла ибн Мүбәрак (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Бір жағынан дүние 
сүйіспеншілігі, екінші жағынан жасалған күнәлар жүректі қоршап алған. Жақсылық оған 
қай жақтан кірмек». 
Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Дүниенің қайсыбір нәрсесіне көңілі 
қуанған кісі данышпандықтан ажырайды. Асау тілектерін жеңе алған пенде шайтанды 
көлеңкесінен аулақтатқан болады. Жасаған істері нәпсісіне үстемдік қылған адам 
жеңіске жетеді». 
Бишрге «Пәленше кісі өлді», – деп айтқанда, ол: «Бұл дүниеде (байлық) жинаумен 
ақыретке көшті, өзіне өзі жаман қылды», – деді. «Ол мына-мына істерді жасады», – деп 
ол кісінің жасаған бірнеше жақсылықтарын айтты. Бишр: «Дүние жинаудың артында 
жүргеннен кейін олардың ешқандай пайдасы жоқ», – деді. 
Бір әулие былай дейді: «Дүние бізді жек көргеніне қарамай біз оны сүйеміз. Егер ол 
бізді сүйгенде қалай қылмақ екенбіз?!» 
Бір данышпаннан «Дүние кімдікі?» – деп сұрайды. Данышпан «Оның артынан 
түспегендердікі», – дейді. «Ақырет кімдікі?» – деп сұралғанда, «Оны қалап, оған 
ұмтылғандардікі», – деп жауап береді. 
Тағы бір данышпан: «Бұл дүние – қирағандардың мекені. Оған бекем жайғасып 
алғандардың жүрегі одан да жаман қираған. Пейіш – жақсы қаралған үй. Оны іздеген 
жүрек одан да жақсы жай». 
Жунайд Бағдади (рахимаһуллаһу) айтады: «Имам Шафиғи (рахматуллаһи аләйһи) 
бұл дүниеде ақиқатты айтқан муридтерден еді. Ол бір мәрте мүмин бауырына Алла 
Тағала жөнінде айтып беріп жатып, оны Алладан қорқуға шақырды: «Уа, бауырым! Бұл 
дүние – тайғақ, жаман жер. Көркем жайлары қирайды. Онда тіршілік еткендер – 
мазарға қарай бара жатқан жолаушылар. Оның соңы хаоспен аяқталады. Байлығының 
соңы – кедейлік. Ол жердегі молшылық – жұт, ал кедейлікте молшылық бар. Алладан 
қорық. Оның саған берген ризығына разы бол. Уақытша дүниеден мәңгілік дүниеге 
дайындықсыз көшпе. Өйткені сенің өмірің уақытша көлеңке. Құр қиялдардан аулақ 
болып, жақсы істерді көп жаса». 
Ибраһим ибн Адхам (рахимаһуллаһу) бір кісіге: «Түсіңдегі бір дирхамды қалайсың ба 
не ояу кезіңде қолыңа тиген бір динарды қалайсың ба?» – деп сұрайды. Ол кісі: 
«Әлбетте, ояу кезімде қолыма тиген бір динар артық», – деп жауап береді. ибн Адхам 
(рахимаһуллаһу) әлгі кісіге: «Дұрыс айтқан жоқсың. Өйткені бұл дүниеде жеткің келген 
нәрсенің бәрі түсіңде алуды қалаған нәрселерге ұқсайды. Ал енді сен таңдамаған 
ақырет істері ояу кезіңде алғың келген нәрседей», – деп жауап берді. 
Исмаил ибн Аййаш (рахимаһуллаһу) айтады: «Сенің достарың дүниені ұрғашы 
шошқа деп атады және «Ей, ұрғашы шошқа, бізден алыс тұр», – деді. Бұдан да жаман 
ат тапса, дүниені сол атпен атаушы еді». 


100 
Кәғбул Ахбар (рахимаһуллаһу): «Дүниеге өте беріліп, оған және онда тіршілік 
етушілерге құл боласыңдар», – деп айтқан. 
Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) айтады: «Төмендегі үш түрлі кісі ақылды: 
1) Дүние одан теріс қарап кеткенде одан бет бұрғандар; 
2) Ішіне кіретін мазарын дайындағандар; 
3) Алдына баратын Жаратқанның разылығын тапқандар». 
«Дүние өте жаман. Оған есіл-дертіңмен кіріп кету былай тұрсын, оның сағынышы да 
сені Аллаға ғибадат жасаудан алып қояды». 
Бәкір ибн Абдулла (рахимаһуллаһу): «Дүниеге дүниемен қарсы тұруды қалағандар 
сабанмен от өшіруге әрекет жасағандардай», – деген. 
Әзірет Али (р.а.) айтады: «Дүние мына алты нәрседен тұрады: 
1) Тамақ; 
2) Сусын; 
3) Киім; 
4) Үй жануары; 
5) Некеленушілер; 
6) Жақсы иістер. 
Тамақтардың ең бағалысы – бал. Шынында, ол – шыбынның тамағы. Сусындардың 
ең бағалысы – су. Бірақ оны жақсы-жаманның бәрі ішеді. Киімдердің ең бағалысы – 
жібек. Бірақ оны құрт тоқиды. Үй жануарларының ең бағалысы – ат. Оның үстінде кісінің 
жаны қиылады. Некеленушілердің асылы – әйел. Бірақ зәр шығаратын жеріне зәр 
төгіледі. Әйел ең көрікті жерін сәндейді, бірақ оның ең жаман жеріне құмар артады. 
Жақсы иістердің ең бағалысы – миск. Ол қаннан жасалады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет